Соматосенсорлық талдағыш
Соматосенсорлық талдағыш жүйесі екі түрлі сезім жүйесін
біріктіреді. Оларға қозғалыс талдағышы мен
тері талдағыштары
жатады.
Қозғалыс талдағышы тұлға
қалпының сақталуы қимылын
үйлестіріп, олардың дұрыс, әрі дәлме-дәл орындалуын үздіксіз
бақылап отырады.
Бұлшықеттер сыртындағы дәнекер қабықшаларда, сіңірлер мен
буын қалталарында орналасқан проприорецепторлар бүкіл
қозғалыс аппаратының жиырылу немесе босаңсу
туралы және
солар арқылы тұлғаның кез келген бөлігінің кеңістіктегі қалпын
білдіреді.
Тері талдағышы - теріде орналасқан
көптеген рецепторлар, олар
сыртқы ортадан келген тітіркендіргіштер әсерін түйсінуге
мүмкіндік береді.