Шашқап
5-сурет
Ол шашты,бұрымды шаң-тозаңнан, күн көзінен қорғайды, сәндік бұйым ретінде қолданылады. Оны мақпал, шұға, барқыт, мауыты тәрізді көк, қызыл түсті маталардан бұрымның ұзындығы мен жуандығына орай пішіп, тігеді. Шашқаптың жоғары, төмен жағынан ою-өрнекпен безендіреді , зер, оқа моншақтарымен сәндейді, кейде оған маржан, меруерт, күміс шеттіктер тағады.
Шолпының күміс,алтын теңгелерден тізбеліп жасалған түрін шаштеңге деп атайды.Шолпымен шаштеңге шашбауғанемесе бұрымның ұшына тағылады. Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмеуге тиіс.Өйткені күміс сыңғыры қыз-келіншектің мезгілсіз жүргенінін хабар етіп, айтып қояды.
Қыз-келіншектің арқа тұсындағы шаш өріміне таққан әшекейдің аты-әшекейлі арқалық,шүйдеге тағылған әшекейдің аты-желкелік.Шекеде кәмшатбөрік, киген асыл,сылдырлап алтын шолпы,иықта шаш. [5;15 бет]
5.Шолпының тәрбиелік мәнін ұғыну
Шашқа байланысты ырымдар.
Қазақ халқына екі қабат кезінде әйелдер шашын кеспейді.Олай жасаса іштегі бала кемтар болып туады.
Әйелдер тектен-текке шашын жайып жіберіп жыламайды, дауыс қылмайды.Бұрындары күйеулері өлген әйел ғана солай істеген.
Қыз келіншекті шашын жұлып, сабамайды.Бұл олардың басынан бағын тайдырып, шаңырақтың құтын қашырады.
Халқымызда: «Бұрымды кескенің ақылды кескенің», «Бұрымды кескенің-өмір жолын кескенің» деген ғибрат сөздер бар.
Ақ шашты әжелеріміздің айтуынша, бойжеткен кімге бұрымын кестірсе, соның тағдырын басына қайталап өткізелі.Егер бұрымын кесе қалса, оны адам табаны тимейтін жерге көмуі тиіс.Өйткені, бұрым бойжеткеннің ана құрсағынан өзімен бірге келе жатқан жолдасы,қарын-шашы.
Ел ауызында бұрымын кескісі келген бойжеткенге байланысты талай-талай аңыз әңгіме бар:
Бір қыз бала тобығына дейін түскен қолаң шашын кеспекші боп қайшысын алғанда мынадай оқиғаларды ап-анық көріпті:
Бұрымын кескен күні әкесінің бұл дүниемен қоштасатынын;
Бұрымын кескен күні өмір жолы кілең сәттсіздіктер болатынын;
Бұрымын кескен күні ешкімнің оған алғыс айтпайтынын, одан да түңіліп теріс айналатынын;
Бұрымын кескен күні жігіттердің одан безініп, онымен еш қайысысы онымен таныспайтынын, жапанда жалғыз өскен ағаш сияқты сынарсыз қалатынын..
Осы көріністер оған аян бергендіктен бойжеткен бұрымын кесуден бас тартады.Сол сәттен бастап оның өмірі қуаныш қызыққа толы,бақытты тұрмыс құрады, үбірлі шүбірлі,дәулетті отбасының анасы боп қосағымен боса ағарды.
Аңыз әңгіме болса да оның негізі-ақиқат екеніне күмәніміз жоқ.Бексұлтан Нұржекенов жазушы ежелгі түріктер Қытайдан жібек матасының қалай жасалатынын біліп келу үшін пысық бір жігітті сапарға шығарады.
Ол барған жерінде қолаң шашты бір қызға үйленеді де, оның шашын ұп-ұсақ қырық өрім етіп өргізеді.Сөйтіп әр өрімінің түбіне бір, ұшына бір тығып сексен жібек құртын Қытайдан алып шығып еліне әкеледі.Осылайша түркілер бұрымның көмегімен жібек мата жасаудың құпиясын ашадыАңыз әңгімеге сенсек, содан бері түркілер де қыз-келіншектер бұрымын ұсақ-ұсақ етіп өрген.Ол ұлттық салт болып қалыптасқан. Негізінен көшпенділердің қыздары шашын қырық өрім етіп өрген. Этнограф-жазушылардың айтуыншабұрымның жұп болатын сыры: бір жағынан бұрымның әрі ұзын,әрі тоқ екендігн көрсетіп көзді сүріндіру, көргендлі тамсандыру.Екіншіден,қыз жұбайлы, яғни жұптасып өмір сүруге тиісті.Бұрымның бір-өзіңдікі болса екіншісі болашақ жарыңдікі.Жасыратыны жоқ кейбір ақ шашты әжелер: «Бұрымы көп болса күйеуі де көп болады»-деп, қос бұрымнан артық бұрымды жақтырмаған.Алайда қазақ сынар бұрымды қаламайды.
Қазақ қызы жаугершілік заманда қанжармен шашын тарап шашын төбесіне тарақтай түйіп, ерлермен бірге атқа қонып елін қорғағанмен,1941-1945 жылдары соғыс кезінде майданға аттанғанда бұрымдарывннан амалсыздан айырылуға мәжбүр болды.Солардың бірі шығыстың шолпаны-Мәншүк Мәметова еді.Оның бұрымынан айырылған алақайғысы туралы ақын Дүйсенбек Қанатбек тіпті,былайша жырлайды да:
Айқаса барам өліммен,
Қайтемін жалғыз бас қамын.
Бұрымымды төгілген,
Туған жер саған тастадым.
Шашымды мақтап айтса наз,
Қинар ем жігіт талайын.
Тоқташы, сәл-пәл шаштараз.
Айнаға қарап қалайын...
Шақырып апат гүрілін,
Майданда жатты ұйып қан
Арудың әсем бұрымы,
Кесіліп түсті иықтан!
Қара жердің бетін қан қылып,
Окоптан талай тұрмады.
Ұйқыда қазір мәңгілік,
Батыр қыз майдан құрбаны.
Омырауын оқ тесіп,
Қиса да сол ғұмырын
Жүргендей әлі от кешіп
Қия алмай қар бұрымын!....
Достарыңызбен бөлісу: |