Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар облысы
Тереңкөл ауданы
Береговая жалпы орта білім беру мектебі
Ғылыми жоба тақырыбы:
Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні»
Секция: әдебиет
Бағыты: «Толқынмен толқын сырласып…» — шығармашылық жұмыс.
Орындаған: Жантимирова Жанна 5 “А”сынып
Жетекшісі: Мирманова Н.А.
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2018-2019 оқу жылы
Береговая ЖОББМ 5 «А» сынып оқушысы
Жантимирова Жанна Асхатқызының Мағжан Жұмабаевтың
««Шолпы» өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні»
тақырыбында ғылыми жобасы
Пікір
Ғылыми зерттеу жұмысында 5 «А» сынып оқушысы Жантимирова Жанна Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні қазақ халқының көне шашқатағатын әшекей бұйымдарының түрлерімен танысып, ұзын шаш қыздың көркі екенін зерттеуді мақсат еткен.
Ғылыми жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, қарастырылып отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, ғылыми жобаның мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді. Ғылыми жобаны сәтті жазып шығу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданылғандығы айтылды. Сонымен қатар ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәні қандай, жұмыс құрылымы қандай екендігі де сөз болды. Мағжан туралы толық мағұлмат беріп, келесі бөлімінде жалпы көне шашқа тағатын әшекей бұйымдарының түрлеріне шолу жасаған. Шашқа тағатын әшекейлердің түрін топтап, әр әшекейдің өзіндік қасиетін сипаттап жазған. Қазіргі заманда қыздардың шашқа тағатын бұйымдарының қолданылу аясын өзара салыстырып , өзіндік зерттеу жүргізген.
Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.
Пікір жазған: Мирманова Н.А.
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Достарыңызбен бөлісу: |