Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Береговая жалпы орта білім беру мектебі Ғылыми жоба тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні»



бет5/7
Дата06.04.2023
өлшемі468,75 Kb.
#173865
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
000c8146-6900085c (1), титулка Жанна, Презентация, 4684 20140623, кесте бөлім бойынша-2
Шолпының түрлері


1.Қыз бала тәрбиесі
Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қыз баланы қорғап, періштедей аялаған.Қыз баланы кішкентайынан әдепті, инабатты етіп тәрбиелеген.Дана халқымыз бойжеткендерін пәле-жаладан, жамандықтан аулақ ұстап, сақтандырған.Осының бәрі қыз баланың қасиетін биіктетіп, сұлулық бастауына көтерілуіне жол ашады.Ерте замандағы Қыз Жібек, Баян сұлу, т.б қазақ қыздары ерекше сұлу болған.Себебі, олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын бұлаңдатып жүрген.
2.1.Шаштың сәндік әшекейлері
Шашбау.




  1. сурет 2-сурет

Ол-қыз келіншектердің шашына сәндік бұйым ретінде тағылады.Шашбау қыздардың шашының әр-ажарын ашады.Оны өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін де тағатыны мәлім. Түркі халықтарының алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды ежелден пайдаланып келеді. Шашбаудың жасалу,әшекейлену әдістері әртүрлі.Соған орай олар мынадай топтарға бөлінеді:1.Үзбелі шашбау;2.Шашақты шашбау; Қазақтарда шашбаудың; сөлкебай шашбау, теңге шашбау,шаштеңге,үкі аяқты шашбау,
Шаш-түлек(лентадан жасалады), шашабаутас (жалпақ күміске асыл тастар орнатылады) тәрізді түрлері бар.Қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады,ұшына теңгеден(сөлкебай ) шұбыртпа тағылып, түсті масатыдан,жібектен ызылған шашақтармен әсемделеді.
Матадан жасалған шашбаудың ұшына зер шашақ тағады, оның жоғары жағынан бунақтап құндыз тұтып қояды. Шашбауды бұрымға қоса өриді, сосын шаштың ұшына таяу жерінен бір шалып байлайды, сөйтіп, бұрымның ұшын бекітеді. Жасы ұлғайған әйелдің шашбау қарапайым болады. Шашбау әйел шашының өсуіне ықпал жасайды, басқа массаж істеп, денсаулықты түзейді. Халықтың ескі наным-сенімі бойынша, шашбау шаш арасындағы шайтандарды қашырады.
Шолпы

3-сурет 4-сурет
Күміс немесе алтын тиындар қадалған осы шашбауды «шолпы» деп те атайды.
Бойжеткен қыз баланың жүрісін,қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан.Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргендер,жүгіргенде,күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп,үйдегі үлкендер қалжыңынқойып,әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып, жүгіріп,секіруін тиған.
«Шолпы» деген ұғым балықтың судағы секіріп ойнағанынан шыққан сияқты.
Жас қыздар мынандай шолпы таққан:
1.Үзбелі шолпы;
2.Қос үзбелі шолпы;
3.Маржанды шолпы;
4.Меруетті шолпы;
5.Ақық шолпы;
6.Қоңыраулы шолпы;
7.Тізбелі шолпы;
8.Сағат баулы шолпы;
9.Қозалы шолпы;
10.Сылдырмақ шолпы;
11.Көзді шолпы;
12.Алтын шолпы;
13.Күміс шолпы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет