Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Береговая жалпы орта білім беру мектебі Ғылыми жоба тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні»



бет4/7
Дата06.04.2023
өлшемі468,75 Kb.
#173865
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
000c8146-6900085c (1), титулка Жанна, Презентация, 4684 20140623, кесте бөлім бойынша-2
Зерттеу обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңі
Зерттеудің мақсаттары: Зерттеудің басты мақсаты-Мағжан Жұмабаевтың өмір сүрген кезіндегі тұрмыс-тіршілікпен, оның қалыптасу деңгейіне тоқталу және артына қалдырған бай мұраларының бірі «Шолпы» өлеңіне ұлттық тәлім тәрбие тұрғысынан қарап психологиялық тұрғыдан сараптап бүгінгі күннің талаптарымен ұштастыру.
Зерттеу міндеттері:
Мағжан Жұмабаевтың тәлім тәрбие саласындағы шығармаларына талдау жасап, оларды теориялық жағынан негіздеу
Оқушының Мағжан шығармаларын оқуға деген, ұлттық рухани мұраларды насихаттауға деген ынтасын арыттыру, ақыг туындыларыныңтәрбиелік мәнін ашуға үлесін тигізу.

І тарау. Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңіндегі шолпының түрлері,


тәрбиелік мәні

1.1 Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі- Мағжан Жұмабаевтың қазіргі Солтүстік Қазақсан облыс, ақынның өз атымен аталатын ауданда, аймақтағы мыңнан астам шағын айдынның бірі-Сасықкөл жағасында 1893 жылы маусымның 25-і күні туды.Бұл өлке бұрын Ақмола облысы,Петропавл уезі, Сарыайғыр болысы, кейіндері Полуденовский болысы, бертін Бейнетқор, тағы бірде Булаев ауданы деп аталған.


Мағжан текті атадан әкесі Бекен дәулетті болыс болған кісі.Оның атасы Жұмабай сауда-саттықпен айналысып байыған. Көп нөмерлерінің Меккеге барып қажы атанған, ел сөзін ұстаған беделді адам боған.Көп немерелерінің ішінен Мағжанды бөліп атап «Менің атымды осы балам шығарады»,-деп отырады екен.Жұмабай 1899 жылы көз жұмады.
Жас кезінде қай адам өз жанынан өлең шығаруға құмартпайды.Желбастыққа салынбаса да жел сөзбен әуестенушілік жағынан Мағжан құрбы-құрдастарынан қалыспағанға ұқсайды. Дегенмен, өлен-жыр есігінің босағасын шыңдап аттап, тәуекел етуі- 1910 жыл.Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында үш жыл шамасында мұғалімдік құрып, сол жақтан атақты «Оян қазақ!» атты өлеңдер жинағын бастыруға дайындапала келген Міржақып Дулатовпен танысуға, жас ұстазынан орыс тіліне жаттығып,ұлы орыс классикасымен ауыздануды,Абай өлеңдері уызынан қанып ішуі, Омбыда «Бірлік» атты жастар қоғамы құрылып, сол қоғамның «Балапан» атты қолжазба журналына редактор боп сайлануы Уфадағы әдеби орта, медрессе «Ғалияда» сабақ беретін татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен жиі ұшырасуы,жаңадан бас құрап ұйымдаса бастаған әдеби ортаның жалындап тұрған жас талапқа жәрдемдесуі,-осының бәрі темірқанат балапан таланттың қауырсыны тез жебеленіп, «Шолпан» атты (1912) тырнақалды жинағының басылып шығуына себепті.
«Шолпан» жинағы Мағжан Жұмабаевтың ақындығының жас шағына, бірінші,бастапқы кезеңіне (1910-1912) нүкте қойып қана қоймайды.Бұл әдебиетіміздің Ыбырай Алтынсарин,Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың жақын есімдерімен тығыз байланысты ағартушылық кезеңінің соңғы бекеті де болатын. Бұдан кейін оқу-білімге шақырған өлеңдер болса,жаңалығы там-тұм, ілгердегі ағартушылық реализмнің сөзін қайталап, күйіс қайраудан әрі аспайтын.
Жас Мағжан Абайға еліктеді, өзін Алтын Хакім атаған ақынмен бір тақырыпта өлең сөз жарастырып та көрді.(«Жазғытұры», «Күз»).Сонымен біргге бұл кездегі қоғамдық ойдың ұлттық сипаты, орысимпериализмінің отаршылдық езгісіне қарсы күрес әсіресе қазақ поэзиясы мен публицистикасында айқын , ашық басым сипат ала бастағаны мәлім.Осы ағымның ең көрнекті, жаңа өрнекті бастаушыларының бірі Мағжан Жұмабаев болды. Алғашқы жинағының өзі үлтшылдық сипат (ұлтжанды, ұлттық деген мағынада) алса, мұның өзі тек кітап сөзіне еліктеуден тумаған. Мағжанның бірден ұлт ақыныбоп қалыптасуына өмірдің өзі әсер етті.

Оқушылар сауалнамасының нәтижесі:





Сұрақ

Иә

жоқ

1.

Мағжан Жұмабаев кім?

90%

10%

2.

Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңі не туралы екендігін білесіздер ме?



69,8%

30,2%

3.

Шолпының түрлерін білесіңдер ме?

80%

20%




Мұғалімдерден алынған сауалнама нәтижесі;







Сұрақ

Иә

жоқ

1.

Мағжан Жұмабаев кім?

90%

10%

2.

Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңі не туралы екендігін білесіздер ме?



80%

20%

3.

Шолпының түрлерін білесіңдер ме?

80%

20%

1.2. Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы»өлеңі


Сылдыр, сылдыр, сылдыр...


Қанымды қайнатты құрғыр
Шық-шық жүрекке тиеді.
Құлпыра талқанбоп сыңғыр

Сылдыр,сылдыр,сылдыр...


Өзекті өртеді құрғыр.
Әдейі іргеден жүреді
Сұлу қыз санадан солғыр!

Сылдыр,сылдыр,сылдыр...


Жүректі жандырды құрғыр.
Кеудені кернеді жалын,
Сәулем,періштем, тез кір!

Сылдыр,сылдыр,сылдыр...


Есімнен ауырды құрғыр.
Лебізіңнен еріп барамын,
Жаным-ай,жақында қол бер!

Сылдыр,сылдыр,сылдыр...


Талдым,қалды сүлдер
Сыбырға айналды сылдыр,
Сылдыр,сылдыр,сылдыр... [3;49бет ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет