26. I –IV сынып оқушыларының қарым-қатынасына ықпал етуші: А) Өзінің пікірі; В) Мұғалімнің пікірі; С) Ұжымның пікірі; D) Ата-ана пікірі; Е) Жолдастарының пікірі.
27. Педагогикалық үрдістің негізгі қызметтері: А) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту; В) Педагогикалық құбылыстың заңдылықтарын ашу; С) Білім беру орындарының жұмысын реттеу; D) Озық педагогикалық тәжірибелерді тарату;
Е) Оқу үрдісін басқару.
28. Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор: А) Мемлекет идеологиясы, саясат; В) Ата-аналар;
С) Педагогтар; D) Педагогикалық үрдістің мүмкіндіктері; Е) Оқушылардың қажеттіліктері.
29. Жеткіншек кезеңіндегі балалардың ерекшеліктерін көрсетіңіз:А) Ағза мүшелерінің тез жетіле бастауы, ойланбай асығыс шешім қабылдауы; В) Дене еңбегіне қабілетсіздігі; С) Тапсырылған іс-әрекетке жауапкершілікпен қарауы; D) Келешек мамандықты ықыласпен таңдауы; Е) Үлкендердің бақылауын қажет етуі.
30. «Логопедия» арнайы педагогиканың (дефектология) қандай саласы?А) Көз жанары нашар көретін соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейтін арнайы педагогиканың саласы; В) Ақыл-ой дамуында кемістігі бар балалармен жұмыс істейтін арнайы педагогиканың саласы; С) Тілінде кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, дамыту заңдылықтармен айналысатын сала; D) Педагогикалық теорияның дамуы мен пайда болуын зерттейтін арнайы педагогиканың саласы; Е) Саңырау немесе есту кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесімен айналысатын арнайы педагогиканың саласы.
31.Оқыту бұл:А) Білім берудің негізгі жолы. B) Табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі. C) Ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы. D) Баланың табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай. E) Тәрбие жұмыстарының әдістері.
32. Қазақ жастарының кәсіптік мамандық алуына жол ашқан ағартушы-педагог: А) Ы.Алтынсарин. В)Ш.Уәлиханов. С) А.Құнанбаев.
D) М. Жұмабаев. Е) А. Байтұрсынов.
33. Сурдопедагогика қандай мәселелерді зерттейді? А) Көз жанары нашар көретін соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейтін педагогика саласы. В) Ақыл-ойының дамуында кемістігі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді. С) Тілінде кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, дамыту заңдылықтармен айналысатын сала.
D) Педагогикалық теорияның дамуы мен пайда болуын зерттейтін ғылым саласы. Е) Саңырау, мылқау және керең балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді.