Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Педагогика және педагогикалық психология Жалпы педагогика


ІІ.18. Тұтас педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу



бет24/65
Дата18.12.2023
өлшемі0,79 Mb.
#197566
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65
Байланысты:
аза стан Республикасы білім ж не ылым министрлігі Педагогика ж

ІІ.18. Тұтас педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу
Жоспар:
1. Бақылау мен есепке алудың мәні. Мектепішілік бақылау.
2. Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің негізгі әдістері.
3. Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау.
4. Оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалаудағы сабақтардың орны.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде 30-шы жылдардың ортасында білім мен бақылауды есепке алу (Е.В.Гурьянов) және тәрбиені бақылауды (П.Г.Ананьев) алғашқы рет ғылыми тұрғыда зерттеген. 1940-60 жылдары КСРО кезінде білімді бақылауды (Е.И.Петровский), оқушыларды бақылауды (Н.Т.Даир) ғылыми еңбектерінде көрініс тапты. Бақылау дегеніміз кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді, ал бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Ғылыми педагогикада бағалаудың қызметін 3 топқа бөліп қарастырады:

  • хабарлаушылық (информирующие)

  • басқарушылық (управляющие)

  • тәрбиелеушілік (воспитывающие).

Жоғарыдағы бағалау қызметтеріне мағлұмат беретін болсақ, бірінші топқа білімді, білікті, дағдыны бағалаумен сипатталады. Ал екінші топқа ұйымдастырушылық, реттеушілік, түзетушілік жатады. Ал үшінші топқа қалыптастырушылық, дамытушылық, ынталандырушылық жатады. Бұл айтылған бағалау қызметі бүгінгі оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдаланылады.
Жалпы педагогика саласында бақылау мен бағалаудың Ю.К.Бабанский, Н.А.Сорокин, Е.А.Дмитриев, т.б. педагогтар ғылыми тұрғыдан зерттеді. Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектепте күнделікті бақылау, тақырыптық бақылау, қорытынды бақылау қолданылады. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасаумен жүргізіледі. Ал тақырыптық бақылауда оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптармен сипатталады. Сондай-ақ қорытынды бақылауда барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдыларын бақылау мен бағалауда төмендегіше әдістермен сипатталады:

  • жазбаша бақылау (сынақхат, шығарма жазу, есеп шығару, т.б.)

  • практикалық бақылау (тәжірибе жүргізу, инструктаж, т.б.)

  • компьютермен бақылау (мониторинг, рейтинг, т.б.)

  • өзін-өзі бақылау.

Қазіргі кезде оқыту жүйесінде білімді тексеруді бес баллдық жүйе объективті тұрғыдан бағалаудың проблемалық тұстары көрініс беріп отыр. Сондықтан рейтинг жүйесі, тесттік жүйе қолданылып отыр. Рейтинг (ағылшын тілінен аударғанда «to rate» бағалау дген мағынаны береді) тесттік бағалау бірнеше кезеңнен тұрады:

  • күнделікті немесе ағымдық

  • аралық

  • қорытынды.

Жоғарыда аталған бақылау түрлері бүгінгі орта білім беретін мектептерде қолданысқа енгізілуде.

Негізгі әдебиеттер:


1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет