Кіші жүз
–
Қазақстанның батыс аймағын
мекендеген рулар мен тайпалар одағы.
Қазақ халқының этникалық құрамына енеді.
Қазақ халқы қалыптасқаннан көп
бұрын Батыс
Қазақстан өңірінде маңғыт
немесе ноғайлы
тайпалар одағы өмір сүрген болатын. Ноғай
Ордасынан бөлінген
алшын одағының негізінде
Кіші жүз бірлестігі
қалыптасты. Кіші жүздің
аумағы батыста Маңғыстау, Еділ мен
Жайық
аралығынан қазіргі
Ақтөбе мен Орынборға
дейінгі, солтүстігінде Тобыл
өзеніне
оңтүстігінде Сырдың
төменгі ағысына дейінгі
аймақтарды қамтиды.