Реферат тақырыбы: Мемлекет және қаржы Орындаған: Алшын Нұрслан Тексерген: Искаков Т. Н



бет1/12
Дата08.03.2022
өлшемі189,87 Kb.
#134626
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Нурслан


«Қайнар» колледжі

РЕФЕРАТ


Тақырыбы:Мемлекет және қаржы

Орындаған:Алшын Нұрслан

Тексерген:Искаков Т.Н




Алматы 2022


Жоспар:
Кіріспе.....................................................................................................................1
1.Мемлекеттің қаржылық саясаты. Қаржылық механизм 1
1.1 Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары 2
2.2Қаржылық саясатты жасау 2

2.Қаржыны басқару 1


2.1Қаржыны басқарудың мазмұны...........................................................................................3
2.2Мемлекеттің қаржысын басқару.........................................................................................2

3.Қаржылық қатынастарды құкықтық қамтамасыз ету 1


3.1Қаржылық құқықтық қатынастар
және қаржылық-құқықтық нормалар 3
3.2Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы
жүзеге асырудың әдістері 2
4.Қорытынды.............................................................................................................................................................1

КІРІСПЕ
«Қаржы» курсы экономикалық пәндер жүйесінде маңызды орын алады және экономикалық ғылымның маңызды құрамдас бөлігінің бірі – қаржы туралы ғылымның ерекшелігі зерделенетін базалық оқу пәні болып табылады. Ол қаржы туралы ғылымның теориялық қағидаларын да, шаруашылық үдерістерде категорияны пайдаланудың практикалық аспектілерін де кіріктіреді.
Курста қаржының табиғаты мен функцияларының мәселелері, олардың басқа экономикалық категориялармен өзара іс-әрекеті, шаруашылық өмірдегі көрінісінің ерек­шеліктері қисынға сәйкес дәйекті түрде зерделеніп, қаржылық қатынастарды ұйым­дастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-әрекет механизмі, қаржыны рыноктық экономиканы реттеуде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылған. Қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларды, жүйелерді, ұғымдарды,олардың қаржы және басқа экономикалық-әлеуметтік жүйелердегі іс-әрекетінің қағидаттарымен өзара байланысын анықтау, топтастыру және сыныптау болып табылады. Курста әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарындағы және сыртқы экономикалық байланыстар сферасындағы қаржының іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктеріне айтарлықтай орын берілген.
«Қаржы» – арнаулы курс және қаржылық қатынастардың теориясын зерделейтін бұл пәннің мақсаты – қаржылық категорияларды, ұғымдарды, терминдерді ұғып алуда, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық үдерістердегі маңызы мен орнын біліп алуда студенттердің, магистранттардың теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету; қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу.
Курсты зерделеу эконономика мен қаржыда рыноктық бастауды қолдану жөніндегі қолданыстағы шаруашылық практиканы белсенді пайдалануды қажетсініп шамалайды. Сондықтан қаржылық қатынастар дамуының жинақталған тәжірибиесін және олардың қаржыларға ықпалын талдап және қорытындылай отырып, рыноктық экономика дамуының болып жатқан үдерісіне үнемі көңіл бөліп отыру қажет. Қаржының табиғатын, оның жұмыс істеу ерекшеліктерін, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуда қаржылық категория механизмінің мүмкіндіктерін танып білу тек қаржы жүйесі үшін ғана емес, сонымен бірге экономиканың басқа салалары үшін де білікті мамандар даярлау кезінде аса маңызды қажеттік болып табылады.
Экономиканың, қаржылардың жаһандануы ұлттық шаруашылық жүйелердің интеграциясы жағдайларында қаржыларды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибиесін зерделеу маңызды қажеттік бола бастайды. Рыноктық дамыған елдерде пайдаланылған критерийлер, нысандар, әдістер, үдерістер қазақстандық практикаға бейімделуі тиіс. Бұл үшін оларды теориялық түрде қайта ойластырып, рыноктық экономиканың ұлттық моделіне кіріктіру қажет.
Қаржы туралы ғылымды танып білудің негізгі әдісі – диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады. Құбылыстар, үдерістер, фактілер өзара байланыста, өзара іс-әрекетте, үнемі қозғалыста және дамуда қаралып талқыланады; тарихи тәсілдеме өткен тәжірибені, қордаланған білімдерді, қаржылық қатынастардың тексерілген, тұрақтанған нысандары мен әдістерін есепке алуды ұйғарады. Ақиқаттың критерийі – қоғамдық практика екені белгілі. Тап практикада теориялық сызбалардың, тұжырымдамалардың негізділігі тексеріледі. Сондықтан нақтылыққа сүйену, объективті критерийлерді пайдалану экономикалық ғылымдардың, соның ішінде қаржы туралы ғылымның да түйіндерінің маңызды шарты болып табылады. Оқулықтың ғылыми аппаратында ғылыми танып білудің мынадай ортақ әдістері пайдаланылды: теориялық зерттелім әдістері (абстракттіліктен нақтылыққа шығу және кері қозғалыс), эмпирикалық әдіс (қадағалау, салыстыру, өлшеу), эмпирикалық, сондай-ақ теориялық тәсілдемелер пайдаланылатын әдістер (абстрактілеу, талдау және синтез, индукция мен дедукция және басқалары).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет