Мемлекеттiң қаржылық саясаты.
Қаржылық механизм
1.1Қаржылық саясаттың мазмұны,
міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
Қаржыны басқарудың бүкiл жүйесi мемлекеттiң қаржылық саясатына негiзделедi. Қаржылық саясат – мемлекеттiң экономикалық саясатының құрамды бөлiгi; мемлекет пен басқа экономикалық агенттердің қаржы саласында өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн жүргізетін іс-шараларының жиынтығы; қаржылық ресурстарды жұмылдыру және оларды бөлудің нысандары мен әдістері жүйесінде, қаржылық заңнамада, мемлекеттің табыстары мен шығыстарның құрылымында көрініп білінеді.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржылық саясат қондырмаға жатады, ал қаржылық саясатта білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржылық қатынастар базистік болып табылады (2.1 сызбаны қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |