Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет128/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Маусым 
26 жұлдыз
Педагог, қоғам қайраткерi, Қазақ КСР Оқу министрі (1974-
1987), 
Қожахмет 
Балахметұлы 
Балахметовтың 
туғанына 
90 жыл

26.06.1926


Балахметов Қожахмет Балахметұлы
1926 жылы Көкшетау облысы 
Айыртау ауданының Сұлукөл ауылында дүниеге келдi. 1949 жылы 
Петропавл мұғалiмдер институтын, 1955 жылы Семей педагогика 
институтын тарих пәнiнiң мұғалiмi мамандығы бойынша бiтiрген. Еңбек 
жолын 1948 жылы Айыртау ауданындағы Казгород орта мектебiнде тарих 
пәнiнiң мұғалiмдiгiнен бастады, Володар балалар үйiнде мұғалiм болып 
iстедi. 
1952 жылы Көкшетау облысының Халыққа бiлiм беру бөлiмi 
меңгерушiсiнiң орынбасары. 1953-1956 жылдары Көкшетау облысы 
Еңбекшiлдер ауданындағы орта мектеп директоры болып iстедi. Сонда жүрiп 
Макин ауылдық және Еңбекшiлдер қалалық кеңесiнiң депутаты болып 
сайланды. 1960-1963 жылдары Көкшетау облыстық партия комитетiнiң 


105 
мектеп бөлiмiнiң меңгерушiсi. 1963-1967 жылдары Көкшетау қалалық партия 
комитетiнiң екiншi хатшысы, 1968 жылы Көкшетау облыстық халыққа бiлiм 
беру бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тағайындалды. Көкшетау қалалық және 
облыстық кеңестерiнiң депутаты болып сайланды. 1970 жылы Қазақстан 
Компартиясы Орталық Комитетi ғылым мен оқу орындары бөлiмiнiң 
меңгерушiсi қызметiне ауыстырылды. 
1974 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесi Төралқасының Жарлығымен Қазақ 
КСР Оқу министрi қызметiне тағайындалып, 1987 жылға дейін Қазақ КСР 
Білім министрі болды. 
Қ.Балахметовтың педагог және бiлiм жүйесiнiң басшысы ретiндегi 
жұмысы жалпы орта бiлiмдi жетiлдiруге, жеткiншек ұрпақты тәрбиелеу мен 
оны еңбекке даярлауға жұмсалды. Оның мақалаларында мұғалiмдер мен 
бiлiм саласы қызметкелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға басты назар аударылды.
1987 жылы еңбек демалысына шыққаннан кейiн, 1987 жылы В.И.Ленин 
атындағы балалар қоры төрағасының орынбасары, 1988 жылы бұл қор 
«Қазақстан балалар қоры» болып қайта құрылған соң, оның төрағасы болды, 
сонымен қатар 13 жыл Қазақ-Корея достық қоғамының төрағасы болды. 
1999-2000 жылдары - Халықаралық балалар қорлары қауымдастығының 
вице-президенті. 
1996 жылы туған жерi Көкшетау өңiрiне оралып, 1998 жылдан 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
ректорының кеңесшiсi 
болды, студенттерге педагогика тарихынан лекция оқыды. Бiлiм беру
педагогикаға арнаған жүздеген мақалалары, ғылыми еңбектерi жарық 
көрген. Қазір зейнет жасына келіп, еңбек демалысында. 
Қ.Балахметов «Парасат», үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен
Ы.Алтынсарин, Н.Крупская, К.Ушинский атындағы медальдармен, Қазақ 
КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған, КСРО және 
Қазақ КСР Оқу ағарту iсiнiң үздiгi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет