Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет131/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

 


107 
Маусым айының аяғы –
мектеп бітірушілер кеші
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 
жылғы қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –Қазақстан 
дамуының жаңа векторы» Қазақстан халқына Жолдауында оқыту үдерісінің 
тәрбиелік құрамдасын күшейтудің маңыздылығы атап көрсетілген: 
«Патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім және 
толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынсұнушылық. Бұл 
құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу 
орындарында да сіңірілуге тиіс». Мектеп бітіру шарасы – cоңғы мектеп 
шарасы, ол имандылық, ізгілік пен ризашылық сабағы болуы тиіс. 
Бітіру кешінің мектеп өмірінде алар орны ерекше, бұл барлығы үшін 
толғандырар оқиға: балалықпен, мектеппен, мұғалімдермен және мектептегі 
достармен қоштасу. Бұл үлкен өмір кезеңінің қорытындыларын шығаруда. 
Бітіру кешін өткізудің мақсаты жастарда жоғары әлеуметтік 
белсенділікті және Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға 
деген ұмтылысты дамыту болып табылады. 
Мектеп бітіру кешінің құрметті қонақтары педагогикалық еңбектің 
ардагерлері, қаланың құрметті тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдардың, 
соның ішінде жастар ұйымдарының өкілдері, шефтік кәсіпорындардың 
өкілдері бола алады. 
Мерекені ұйымдастырудағы жетекші негіз түлектердің, оқушылар мен 
ересектердің бірлескен шығармашылық қызметі болуы тиіс, мұнда ойлар
жоспарлар туындайды, мұнда үлкен мерекеге ұжыммен дайындалып, өткізу 
дәстүрге айналған. 
Бітіру балын өткізудің дәстүрлі нысаны бар: 1 бөлім – аттестат 
тапсыру рәсімімен бірге салтанатты жиын. 2-бөлім – мерекелік концерт, бал-
маскарад, сазды театрландырылған бағдарлама, мерекелік дастархан 
ұйымдастырылған би бағдарламасы. 
Мектеп бітіру кеші бағдарламасының сценарийіне «Жас ұлан», «Жас 
қыран» республикалық қозғалыстарының көшбасшыларының, жастар
қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларының, «Нұр Отан» ХДП жастар 
қанатының белсенділерінің құттықтауларын енгізген жөн. Интерактивті 
жабдықты пайдалануға және мектепті табыспен бітірген және Елбасының 
«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқуын жалғастырып жатқан 
өткен жылдардың түлектерімен он-лайн режімінде телекөпірлер өткізуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет