Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет133/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

6 шілде - Астана күні 
2008 жылы маусымның 23-інде Парламент Сенаты «Мерекелер 
туралы» заңға толықтыру енгізетін заң жобасын қабылдады. Ол бойынша 6-
шілде – Астана күні мемлекеттік мереке болып белгіленді. Оның себебі, 1994 
жылы дәл осы күні Алматыда ел Парламенті елорданы Алматыдан Астанаға 
көшіру туралы қаулы қабылдаған болатын. Осы Қаулыға сүйене отырып, 6-
шілде Астана күні деп жарияланды. Бұл күн еліміздің жаңа тарихының 
жарқын беттерінің ашылуын, прогресс пен демократия жолынан 
айнымайтынын, ең бастысы, мемлекеттілікті мәңгі етуді бейнелейді. Астана 
республикамыздың саяси және әкімшілік орталығы, Ата Заңның түпнұсқасы, 
Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның эталондары тұрған жер. Отырыста заң 
жобасы бірауыздан мақұлданды. Қабылданған заңға Мемлекет Басшысы 
қолын қойып бекітті.
Заңның толық мәтіні ресми ақпарат баспасөз құралдарында жарық 
көрді. Астана Алматының орнына Қазақстан Республикасының астанасы 
болып 1997 жылдың желтоқсанында жарияланған еді. Келесі жылдың жаз 
айында республиканың жаңа астанасының ресми тұсаукесері болып өтті. 
Және 2008 жылдың 6-шілдесінде Астана өзінің 10 жылдығын атап өтті. 
Астананы көшіру туралы идея елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтікі. 
Елбасымыз жоқ жерден үлкен қала салдырды. Астана – қазақ халқының 


109 
мақтанышына айналды. Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келгендердің 
барлығы тамсанып, таңғалып тамашалайтын қала. Сондықтан, басты 
мерекелік шаралар осымен үшінші жыл, Президенттің туған күні-6 шілдеде 
аталынып келеді. 
Оқушыларды өз Отанын сүюге, елордасы – Астананы мақтаныш етуге 
тәрбиелеу мақсатында өтілетін «Астана – сәулетті қала» атты тәрбие сағатын 
өткізуге болады. Тәрбие сағатының көрнекіліктері: интерактивті тақта, 
қанатты сөздер, «Астана айшықтары» стенді. Астана қаласының көрікті 
орындарымен ғимаратарының түрлі-түсті суреттері, Н.Ә.Назарбаевтың 
«Еуразия жүрегінде» кітап көрмесі, Астана қаласының гербі. Сабақта 
Алматы мен Астана қаласының ерекшеліктерін салыстыра отырып, Астана 
қаласының тарихы баяндалады. Астана туралы әндер айтылып
викториналық сұрақтар қою арқылы оқушылардың ел тарихы туралы 
білімдерін дамытуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет