Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет82/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы
konspekt progulki yanvar 2019g, konspekt progulki yanvar 2019g, Сценарий новогоднего праздника для детей Золотая ёлочка , Тақырыбы Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы-melimde.com
Мамыр 
1 жұлдыз
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, 
Қазақстан Ғылым Академиясының академигi 
Орынбек 
Ахметбекұлы 
Жәутiковтың
туғанына 
105 
жыл

1.05.1911-15.05.1989


Жәутiков Орынбек Ахметбекұлы
1911 жылы 1 мамырында Қарағанды 
облысы Ақтоғай ауданы, Қызыларай ауылында дүниеге келген. 
1934 
жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк педагогикалық 
университетiнiң физика-математика факультетiн бiтiрген. 1934-1951 жж. 
Қазақ мемлекеттiк педагогика университетiнде ассистент, аға оқытушы, 
физика-математика факультетiнiң деканы, ректордың ғылыми жұмысы 
жөнiндегi орынбасары, доцент, математика анализ кафедрасының 
меңгерушiсi, 1951-1965 жж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының математика 
және механика институты директорының орынбасары, ал 1965 жылдан осы 
институтта 
лаборатория 
және 
бөлiм 
меңгерушiсi. 
1961 
жылы
«Дифференциалдық теңдеулердiң шексiз жүйелерiн зерттеу» тақырыбына 
докторлық диссертация қорғаған, сол жылы ғылым докторы болды және 
профессор атағын алды. Қазақ КСР Ғылым Академиясы О.А.Жәутiковты 
академик етiп сайлады. 1970-1986 жж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының 
Президиумының мүшесi, 1972-1985 жылы Қазақ КСР Ғылым 
Академиясының академик хатшысы болды. 
Республикалық физика-математика мектебiн ашуға ұйтқы болғандардың 
бiрi – О.А.Жәутiков болды. Бұл мектеп 1968 жылы ашылды. Ол 
О.А.Жәутiков атындағы оқу ордасы. 
Орынбек Ахметбекұлы Жәутiков өмiрiнiң көп жылын ғылымға арнады. 
Артында ұрпағына мол ғылыми мұра қалдырған, қазақ тiлiнiң толыққанды 
математикалық тiлiнiң қалыптасуына зор үлес қосқан академик үлкен 
ғылыммен айналыса жүрiп, ұстаздықтан да қол үзген жоқ. Ол мектеп 
мұғалiмдерi мен оқушылары үшiн арнап жазған оқу құралдардың, 
оқулықтардың авторы. Сонымен қатар 200-ге тарта ғылыми еңбектерi, 
монографиясы, ғылыми-көпшiлiкке арналған кiтаптары мен мақалалары 
жарық көрдi. 
О.Жәутiковтың еңбегi жоғары бағаланып «Қазақ КСР-ының ғылымға 
еңбек сiңiрген қайраткерi», Республика мемлекеттiк сыйлығының лауреаты 
атағы берiлiп және «Октябрь Революциясы орденiмен», екi рет «Құрмет 
Белгiсi» орденiмен және медальдармен марапатталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет