Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі республикалық оқу-әдістемелік кеңес («Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы) Бекітілді роәК



бет9/9
Дата19.12.2016
өлшемі1,68 Mb.
#4146
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Педагогикалық жағдаят №455

Жасақтағы бір бала ешкімге қызық емес, сөзге түсінбейді, балалармен достасуға талпынбайды. Сырт көзбен қарағанда, оған мұндай жағдай қолайлы сияқты. Сіздің әрекетіңіз?



  1. Әрине, оны жайына қалдырамын.

  2. Оны басқа жасаққа ауыстырамын.

  3. Өзін жақсы жағынан көрсетуіне мүмкіндік жасаймын.

  4. Баланың тұлғасының ерекшелігін көрсетуге, балалар ұжымын жұмылдырамын.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №456

Сіздің жасақта материалдық жағынан жақсы қамтылған отбасынан шыққан балалар бар. Олар айналадағылардың бәрін, тіпті педагог-ұйымдастырушының өзін де өздеріне тең санамай, біз үшін бәріне рұқсат, бізге ерекше жағдай жасалуы тиіс деп санайды.

Бұл жағдайда не істеу керек? Сіздің әрекетіңіз:


  1. Оларға жеке-жеке кім екендерін түсіндіремін.

  2. Лагерь басшысына жетектеп апарамын, ол - тәжірибелі педагог, шешімін біледі.

  3. Жасақтар жиналысында олар қонақ екенін және қонақ ретінде өзін ұстау керектігін айтып түсіндіремін.

  4. Әрқайсысымен жеке жұмыс жүргіземін.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №457

Сізбен бірге жұмыс істейтін көрші жасақтың жетекшісімен қарым-қатынасыңыз бұзылды. Балалардың алдында кез келген жағдайда ол өз қатынасын білдіріп, сізге дөрекі сөйлейді. Бұл жағдайда не істеу керек? Сіздің әрекеттеріңіз:



  1. Балалардың алдында абыройын жоғалтпай, көргенсізді орнына қою керек.

  2. Лагерь бастығына шағымдану қажет, ол оның құзыретіне кіреді.

  3. Қарым-қатынасты түзеп, сол педагогпен шиеленісті шешіп, ымыраға келу.

  4. Оны ашық әңгімеге шақырып, қарым-қатынасты анықтау.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №458

Баланың интеллектуалды дамығаны сонша - ол обьективті себептермен жасақта әңгімелесуші немесе дос таба алмайды. Ол басқаша болғандықтан, балалар оны қабылдамайды. Бұл жағдайда не істеу керек? Сіздің әрекетіңіз:



  1. Белгілі бір жағдай ұйымдастырып, баланың интеллектуалды қабілеттерінің бүкіл жасақ үшін маңызды екенін көрсету.

  2. Ол баланың жоқтығын пайдалана отырып, жасақты жинап, баланы қабылдауын сұрау.

  3. Балалар өзінің қарым-қатынастарын өздері шешуі тиіс.

  4. Баланың тұлғалық ерекшелігін басқа балаларға ашып көрсету.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №459

Бірінші кезектің оқушылары белсенді, көңілді, бірақ екі қыз еш нәрсеге қатыспайды, еш нәрсе істегісі келмейді, оларда бір ғана қалау – «үйге қайту!». Не істеу керек?



  1. Жауапты істі орындауға қосу арқылы олардың зейінін аудару.

  2. Оларды басқа жасаққа ауыстыру.

  3. Ультиматум қойып олардың бойкот жасауын ұйымдастыру: сіздер жылап болғанша біз үндемейміз.

  4. Қызықты тәрбиелі іс-шара ұйымдастырып өткізу.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №460

Сіздің жасақтың балалары кезектің соңында лагерьде өмір сүру жағдайларына бейімделді, өздеріне сенімдірек болып, ашыла білді, сондықтан Сіздің айтқандарыңызды жүре тыңдайтын болды. Балалар ұжымында тәртіпті сақтау мақсатында қандай іс шара қолданасыз?



  1. Радикальді шаралармен тәртіпті қатаңдандыру.

  2. Бір нәрсеге қатып қалудың қажеті жоқ, бәрі өз уақытымен болады, (олар ешқайда кетпейді).

  3. Жетекшіге сұраныс болатын жағдаятты құру қажет, сонан соң жалпы жиналыста пайда болған жағдайды талқылау.

  4. Бейімделу кезеңі балалар ұжымында қалыпты жағдай.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №461

Сіздің жасағыңыздағы балалардың бір бөлігі ешқандай жұмысқа ат салысқылары келмейді. Өздерін мазаламау үшін, әр түрлі сылтаулар айтады. Олардың назарын жұмысқа қалай аударуға болады. Сіздің іс әрекетіңіз?



  1. Лагерьде демалушы балалардың іс-шараларға қатысуы міндетті болып табылады.

  2. Жасақ жиынында жасақ қызметінің баламалы бағдарламасын құрастыру.

  3. Таспен атқанды, аспен ат.

  4. Балаларды ортақ іспен қызықтыру.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №462

Сынып жетекшісінің ескертулерінен кейін жеткіншек есікті қатты жауып сыныптан шығып кетеді.

Сондай жағдайда сынып жетекшісі өзін қалай ұстауы тиіс?


  1. Үнсіз қалу, бірақ уақыты келгенде балаға әдепсіздік танытқанын және сіздің «қарызыңызды қайтару» мүмкіндігіңізді ескерту.

  2. Есікті жай жабуын талап етіп, балаға сөгіс айтып тез арада қайтару.

  3. Келесі күн баламен жайлап сөйлесу, өзінің ұстамдығы мен лайықтылығын мысалға келтіріп, баланы ұялту.

  4. Ештеңе болмағандай кейіп таныту.

  5. Ата-аналар мәжілісін күтіп, ата-анасына ұлының тәрбиесі туралы шағым айту.

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №463

Мұғалім бір оқушының сабақта жиі «қатыспай», бірдеңені ойланып, бір нәрселерді қиялдап отыратынын байқайды.

Не істеу керек?


  1. Ашық айту: «Сәуле сен әрдайым аспанда, қиялдап жүресің. Не болды?»

  2. Жаймен айту: «Сәуле жерге түс, біз Ом заңы туралы айтып жатырмыз.»

  3. Қызбен жеке сөйлесіп, оның сабаққа селқостығын анықтау.

  4. Қыздың сабақтан соң сізге келуін талап ету және бәрін анықтау.

  5. Қызға не болғанын білетін біреу бар ма деп, сыныптастарынан және әріптестерінен сұрастыру.

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №464

Оқушы тәртіп бұзды. Мұғалім оған: «Күнделігіңді әкел!» - десе, оқушы оған: «Мен үйде ұмытып кеттім» - дейді. Не істеу қажет?



  1. «Үйде басыңды қалдырып кетпедің бе?» деп айту.

  2. Қатал түрде: «Онда үйіңе барып күнделігіңді ал да, ата-анаңмен бірге кел, мен олармен сөйлесейін» - деп айту.

  3. «Жарайды, кешірек мен сенің ата-анаңа қоңырау шалып, ертең сенің ұмытпай күнделікті әкелуіңді сұранам» - деп айту.

  4. Ескертіп: «Мен күмәндімін, кәне сөмкеңнің ішін көрсетші жоқ екенін», ашық түрде: «Күнделігің жоқ екен, онда жүр директорға барамыз» - деп айту.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №465

Бір оқушының иті жоғалып кетті. Қыздың сабаққа деген ынтасы жоқ, қызға қалай көмектесеміз?

1. Оны тыныштандырып және оған ақыл айтып радиоға немесе теледидарға хабарлау керектігін айту.

2. Мүмкіндігінше оқушыларды іздестіруге жұмылдыру. Сол кезде ғана сәтті болуы мүмкін.

3. Әрбір оқушыны итті іздеу жайлы хабарландыру жазуға міндеттеу және барлық хабарландыруды көшеге ілу.

4. Қыз өз уақытын итін іздеуге арнау үшін оған бірнеше күн сабаққа келмеуге рұқсат беру.

5. Ит –ит, ал оқу – оқу екенін қызға қатаң түрде ескерту.

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №466

Мұғалім жаңа сабақ түсіндіріп жатыр. Бір уақытта оқушы: «Меруерт Абдуталипқызы, мен Сіздің сабақ түсіндіргеңізден ләззат аламын!» - деп қатты айғайлап жіберді.

Сіздің жауабыңыз?


  1. Тез арада назар аударып: «Сенің пікірің маған қатты ұнады» - деу.

  2. Ия, шынында да, қазақ тілі тас жарады, тас жармаса бас жарады.

  3. Сен әдемі және ақылды сөз айтқан шығарсың. Өкініштісі мен сені түсінбедім.

  4. Ескерту алу үшін күнделігіңді әкел.

  5. Мұндай кездерге көніл аудармау тиімді.

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №467

Сабақ үстінде оқушы кенеттен сұрады: «Дана Мадиевна, Сіздің жалақыңыз қанша?» -деп сұрады. Қалай жауап беру керек?



  1. Әзілдеу: «Бұл коммерциялық құпия».

  2. Шындықты айту: «Көп емес».

  3. Абыроймен жауап беру: «Көп те емес, аз да емес, бірақ өзіме жетеді».

  4. Сұраққа сұрақпен жауап беру: « Бұл сені не үшін қызықтырады?»

  5. Таңданыс білдіру: «Сұрағың қиын екен. Оңайырақ бірнәрсе сұрасаңшы».

  6. Сұрақты естімеген кейіп таныту.

  7. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №468

Алина жиі сахнаға шығып тұрады, әртүрлі конкурстарға қатысады. Сахнаға шығу алдында, ойын барысында, Алина мынадай сөздерімен құрбыларына басшылық етуге тырысады. «Мен сендерден көбірек білем, мен сахнаға сендерге қарағанда көп шықтым. Сондықтан мен түлкінің рөлін ойнаймын.» Қыздар оған бағынбауға тырысады және тәрбиешіден көмек сұрауға барады. Бұндай жағдайда не істеу керек?



  1. Осы ойында, құрбыларының өздерін көрсетулеріне көмектесу үшін, қызға режиссердің рөлін ұсынуға болады. Олардың көріністері де мақтауға лайық екенін көрсету.

  2. Көркем шығармашылық кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын қарастыра отырып, баламен әңгіме жүргізу (мақтаншақтық, жолдастарына өкпелегіштік және т.б ) басқа қыздар, құрбыларының да осы рөлді ойнағысы келетінін түсіндіру

  3. Балаларды бір-бірімен ұрыспауға шақырып, рөлдерді жеребе салу көмегімен бөлу. Осылай әділетті болады.

  4. Негізгі түлкі рөліне кастинг ұйымдастырып, тәуелсіз қазылар алқасын таңдау.

  5. Осы проблеманы қалай шешуге болатыны жайлы балалардың өздерінен кеңес сұрау.

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №469

Сіздің тобыңыздағы бала өзін басқа топқа ауыстыруын сұрайды. Оны ешкім түсінбейді, бәрі ренжітеді және сіз де сол қатардасыз. Мұндай жағдайда не істеу керек?



  1. Баланың қалауын тез арада қанағаттандыру.

  2. Осы жағдайдың себебін анықтау.

  3. Оның ауысуын кідірте тұру және осы пайда болған жағдайдың бағдарламасын құру.

  4. Өзі кінәлі, оны өзі шешсін.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №470

5”б” сыныбында бақылау жұмысын тексеру барысында мұғалім екі жұмыстың бірдей екенін анықтады. Қателері де біртектес. Негізінде оқушылар әртүрлі нұсқа орындауы тиіс еді. Мұғалімнің әрекеті:

1. Екі оқушыға да қанағаттанарлықсыз баға қояды.

2. Қосымша тағы да тексереді.

3. Жауаптары бойынша екеуіне де баға қояды.

4. Кім кімнен көшіргенін анықтауға кіріседі.

5. Баға кою барысында мұғалім кімнің жақсы оқитындығына назар аударады.

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған жауап нұсқасына негіздеме беріңіз.
Педагогикалық жағдаят №471

Жаңа тақырып түсіндіру барысында мұғалім Ахмет деген оқушының сабақты тыңдамай, зейін қоймай және өзгелерге кедергі жасап отырғанын байқады. Ол ескертулерді елемеді. Сіздің әрекетіңіз:

1. Оны тақтаға шакыру.

2. Күнделігіне «екі» қою.

3. Басқа партаға отырғызу.

4. Өз бетінше орындауға тапсырма беру.

5. Мән бермеу.

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №472

9-сыныптың оқушысы мектепке боянып, ереже сақтамай киініп келді. Сіздің әрекетіңіз:

1. Үйне қайтарамын.

2. Неге бұлай киініп және боянып келгенін сұраймын.

3. Ескерту жасаймын.

4. Мән бермеймін.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №473

Арман үнемі үй тапсырмасын орындамай келеді. Мұғалім неге дайындалмағанын сұрағанда, ол жылап жіберді. Сіздің әрекетіңіз:

1. Оқушымен сөйлесіп, себебін анықтаймын.

2. Арманның достарымен сөйлесіп, себебін анықтаймын.

3. Ата-анасымен кездесіп, сөйлесемін.

4. Үй тапсырмасын орындауға Арманға көмектесемін.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №474

Сынып жетекшісіне Дауреннің анасы келіп, баласының жаман сөздер айтып жүргендерін баяндады. Баласын басқа партаға отырғызуды өтінді. Сіздің әрекетіңіз:

1. Оқушымен сөйлесіп, себебін анықтайсыз.

2. Басқа партаға отырғызасыз.

3. Оқушының ата-анасымен әңгімелесіп, тығырықтан шығу жолдарын қарастырасыз.

4. Мектептен тыс жерде кімдермен қарым-қатынас жасайтынын анықтайсыз.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №475

Досыңыз келіп: «Менің телефоным күшті емес» деп мәлімдеді. Сіз досыңызға не айтасыз?

1. Күшті телефон саған не үшін керек?

2. Ия, сенің телефоның күшті емес.

3. Сенің телефоның неге саған ұнамайды?

4. Күшті телефонның сен үшін мағынасы қандай?

5. Сенің телефоның жайлы өзге біреу саған бірдеңе деді ме?

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №476

Сіз достарыңыздың қатты керісіп қалғанына куә болдыңыз. Сіздің әрекетіңіз?

1. Сіз оларды сабырға шақырасыз.

2. Сіз араласпауға тырысасыз.

3. Сіз дау-дамайға араласып кетіп, екі жақтың біреуін қолдайсыз.

4. Өзге сыныптастармен бірге талқылайсыз.

5. Сынып жетекшісін шақырасыз.

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №477

Балабақшаның дайындық тобында еңбек пәні бойынша тәрбиеші балаларды түрлі құрал-саймандарды қолдануға үйретуде. Барлық балалар қызығушылықпен жұмыс жасауда, бірақ Арман басқа нәрсеге көңіл аударып отыр. Ол тәрбиешінің ескертуіне: «Мен есейгенде дәрігер боламын, ал күректің маған қажеті жоқ» - деп жауап берді. Сіздің ойыңызша тәрбиеші не істеу керек?



  1. Тәрбиеші ескерту жасап, оның дәрігер болатынына кәміл сенетінін айтып, бірақ дәл қазір еңбек пәні бойынша тапсырманы орындау керектігін ескертті.

  2. Балабақшада балалар жан-жақты дамуы тиіс.

  3. Тәрбиеші балаларға еңбекті сүйген адам жаман болмайтынын ескертті.

4.Тәрбиеші жүйелі түрде топтағы барлық балалармен жұмыс жүргізуі тиіс.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №478

Жоғары топта тәрбиеленуші Сәуле өзінің менмендігімен, тәкаппарлығымен ерекшеленеді. Тәрбиеші не істеуі тиіс?

1. Қызбен сөйлесіп, оның өзге балалармен қарым-қатынас жасауын талап етіп, ұжымдық іс-шараларға араластырады.

2. Өзін-өзі жоғары бағалау - мектепке дейінгі кезеңде қалыпты күй.

3. Өзінің бағасын білгені абзал, бірақ өзге балаларды кемсітпеу керек.

4. Баланың тәртібі туралы ата-аналармен әңгіме өткізу.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №479

Мұғалім оқушыға қарап: « Телефоныңды өшір немесе тығып қой!» - деді. Оқушы: «Мен олай жасай алмаймын, мен үнемі телефон тастамаймын, мен ұйықтағанда да қасыма алып жатамын», - деді. Осы жағдайда қандай әрекет жасауға болады.

1. Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарын шақыру.

2. Мектепте телефон ұстауға тыиым салу.

3. Балаға көңіл аударып, сабаққа қызықтыру.

4. Сабақтан кейін алып қалып, жеке әңгіме жүргізу.

5. Телефонын тартып алып, ата-анасына тапсыру.

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №480

Сіздің сыныбыңыздағы бір баланың өмірлік ұстанымы өзгеше. Төбелеседі, жаман сөздер айтады, дөрекі мінез көрсетеді және мкүш қолданады. Сіздің ескертулеріңізге, талаптарыңызға былай жауап берді: « Менің әкем ылғи да осылай жасайды». Сіздің әрекетіңіз?

1. Ата-анасымен сөйлесіп, жағдайды түзеуге тырысамын.

2. Өзге балалармен сөйлесіп, оның «жазасын» беруді сұраймын.

3. Оған кім қожайын екенін дәләлдеп, бетпе-бет сөйлесемін.

4. Жеке әңгіме өткізіп, бала тәртібінің себептерін анықтаймын.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №481

Мұғалім өте жақсы оқитын қызға «екі» қойды. Мұның себебі - өзге дайындалмаған сыныптастарын қолдау мақсатында жауап беруден бас тартты. Ашулы әкесі мектепке келіп, өзінің наразылығын танытты және мұғалімнің түсініктемесін талап етті. Мұғалім не істеуі тиіс?

1. Сіз оқушының ата-анасымен сөйлесуден бас тартасыз, өйткені сіз өзіңіз ашулысыз.

2. Оқушының ата-анасына бұл екілік бағаның оның жалпы үлгеріміне әсер етпейтінін түсіндіресіз.

3. Дау-дамайды шешуге тырысасыз.

4. Екі-жақты мәмілеге келу

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.



Педагогикалық жағдаят №482

Лагерьдегі ересек балалар темекі тартады. Осы әрекетті олар үйінде де жасайды және лагерьде тоқтатпайды. Не істеу керек?

1. Рұқсат беру.

2. Тыйым салу.

3. Тінту жасау және темекіні тартып алу.

4. Тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру арқылы темекі шегумен күресу.

5. Темекі шегуін бақылауға алу және жоспарлы түрде темекі тастауды насихаттау.

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №483

Сіздің құрбыңыздың бұл тақырыпты меңгеруі қиынға соғады. Ол сізден көшіруге рұқсат беруіңізді өтінеді. Сіздің әрекетіңіз?

1. Өткен тақырыптың бүкіл тарауын түсіндіремін.

2. Көшіруге рұқсат беремін.

3. Мұғалімнен құрбыңызға тәуір баға қоюуын өтінесіз.

4. Жанына отырып тапсырманы орындауға көмектесемін.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №484

Тәрбиеленуші Нұржанның бойынан рұқсатсыз өзгенің затын алу байқалады. Тәрбиеші үнемі осы қылықтарын байқайды. Тәрбиешінің әрекеті?

1. Баланың бұл тәртібі жайлы онымен әңгімелесу.

2. Баланы бақылау.

3. Көркем шығармалар мен халық ертегілерін оқу арқылы өзгенің затын иемдену жаксы емес екендігін түсіндіру.

4. Егер бұл топта болған жағдайдан өзге балалар құлақдар болса, олармен бұл келеңсіз жағдайды талқылаймын.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №485

Оқушы сурет салуға, құрастыруға және кескіндік бейне жасауға қызығушылық танытады. Оның фантазиялары керемет дамыған. Мұғалім бұл баланың ата-аналарына сурет мектебіне баруды ұсынды. Бірақ ата-аналары баласының спорт секциясына баруын қалайды. Мектепте бұл баланың достары аз. Шығрмашылық жұмыспен айналысуына өзге құрдастары көп кедергі жасайды. Осының салдарынан дау-дамайлар туындауда. Сыныптастары бұл баланы бірге ойнауға шақырады, бірақ ол олармен бірлесіп ойнаудан бас тартады. Бұл әлеуметтік-Педагогикалық жағдайды қалай шешуге болады?

1. Ата-аналарымен құрбы-құрдастары дұрыс бағалауы үшін, баланың өзін-өзі бағалау дәрежесін қолдау мақсатында түрлі шығармашылық байқауларға қатысуға шакырады.

2. Ата-аналарымен жұмыс жасап, баласының қабілетін анықтауға көмектесу.

3. Ата-аналарды баланың пікірімен санасуға шақыру.

4. Спортпен бүкіл отбасы болып бос уақытта айналысуға болады.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған жауап нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №486

Сізді бастауыш сынып оқушыларына жетекші етіп тағайындады. Шәкірттеріңізбен алғашқы кездесуді жоспарлаңыз.

1. Бірінші кездесу жоспарын құру.

2. Бастауыш сынып оқушыларымен танысу, олардың қызығушылықтары мен жетістіктерін анықтау.

3. Мектеп жетістіктері мен ерекшеліктері туралы әңгімелеп беру.

4. Мектепте және мектеп ауласында саяхат ұйымдастыру.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған жауап нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №487

Сіз өзіңізге ұнайтын іспен айналысасыз, әрекетіңіздің нәтижесінде тәп-тәуір өнімдердің шығатынын байқайсыз. Сіздің бір досыңыз келіп: «Ал маған бұл іс-әрекет ұнамайды!» - деді. Осындай жағдайда не дейсіз?

1. «Сіз ақымақсыз!»

2. «Бұл айналысуға тұрарлық іс деп ойлаймын».

3. Онымен келіспесеңіз де, «Сіз дұрыс айтасыз» дей саласыз.

4. «Бұл өте жоғары деңгей деп ойлаймын. Сіз бұл жайлы не түсінесіз?»

5. Көңіліңізді қалдырды, бірақ сіз жауап бермейсіз.

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған жауап нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №488

10-сыныпты жасақтағанда таңдалған бейімдері бойынша білімдерін жалғастыру үшін олардың нақты дайындықтарын ескеру дұрыс па? Неге?

1. 10 сыныпты дайындық деңгейлері мен қызығушылық бағыттары бірдей етіп жинақтау білім сапасын айтарлықтай көтеруге мүмкіндік береді.

2. Дұрыс емес. 9-сыныптың бітірушілері білімдерін жалғастыруға бірдей дәрежеде жақсы дайындалған.

3. Бір сыныпты дайындықтары күшті оқушылармен, ал басқаларын дайындықтары нашар оқушылармен жинақтауға болмайды. Сыныпта күшті де, әлсіз де оқитын оқушылар болуы тиіс. Күштілер әлсіз оқушыларға көмектесуі қажет, осылайша достық қарым-қатынас тәрбиеленеді.

4. Оқытуды дифференциациялау бетке ұстар мектептердің, сыныптардың қалыптасуына әкеледі, бұл әлеуметтік әділеттілік қағидасына қайшы келеді.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған жауап нұсқасын негіздеңіз.



Педагогикалық жағдаят №489

Донецкілік мұғалім В.Ф.Шаталов барлық оқушыларды қабілеті мен үй жағдайына қарамастан жетістікпен оқытады. Өз жетістігінің құпиясын Виктор Федорұлы мынадай сөздермен білдіреді: «Оқушы жеңіспен оқу керек!». Оның оқушыларының жоғары жетістікке жетулеріне не шешуші рөл атқарады?

1. Жақсы мұрагерлік.

2. Қолайлы орта.

3. Отбасындағы тәрбие.

4. Дұрыс ұйымдастырылған танымдық қызмет.

5. Оқуға деген қатынас.

6. Пәнге деген қызығушылық.

7. Мұғалімнің тұлғасы.

8. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған жауап нұсқасын негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №490

Сыныпта, топтық жұмыс кезінде, екі оқушының арасында жанжал туындады. Оның бірі өзінің артықшылығын анық байқата былай деді: «Мен бұл жұмысты онымен бірге жасамаймын!» Бұл жағдаятқа мұғалім қалай әрекет жасау керек?

Жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №491

Мұғалім өзінің 10-сынып оқушыларының сауалнамасын мынадай сұрақтармен оқиды:

- Сенің кім болғың келеді? –Оқушылардың көпшілігінің жауабы: Білмеймін.

- Өмірдегі ең басты не? – Оқушылардың жауабы: Ақша.

- Не үшін оқу керек? –Жауабы: Ата-аналар ұрыса бермес үшін.

Оқушылардың жауабы педагогты таң қалдырды, ол бір нәрсе жасау керек деп шешті. Бірақ не?


Педагогикалық жағдаят №492

Сабаққа келген математика пәнінің мұғалімі бір оқушының парта астында отырғанын көреді.

Мұндай жағдайда мұғалім не істеу керек және неге?


Педагогикалық жағдаят №493

5-сынып оқушысының есте сақтау қабілеті өте жақсы және кез келген мәтінді, әнді, ақпаратты жеңіл есте сақтай алады. Мерекелерді өткізу кезінде ол өзіне берілген рөлді атқарып ғана қоймайды басқа балалардың рөліне суфлерлік жасап басқаларға кедергі келтіреді, мерекенің шырқы бұзылады. Мұндай жағдайда сіз не істер едіңіз?


Педагогикалық жағдаят №494

8-сыныптың бірінде бірнеше жыл бір сыныпқа қалдырылған оқушы болды. Оқу жылының басында ол мұғалімнің біріне сынақ ұйымдастырмақ болды. Сабақтың бастапқы сәтінен жасөспірім бір әуенді қойып, сабақ өтуге кедергі келтіре бастады. Мұғалім ескерту жасады, бірақ бұл әсер етпеді.

Бұл жағдайдағы сіздің әрекетіңіз?
Педагогикалық жағдаят №495

Сіздегі оқушының ата-анасы келіп, сізден былай деп көмек сұрайды: олардың баласы әл-ауқатты бола тұра, тұйық, көпшіліктен тысқары, ешқашан ата-анасына өзі туралы, достары, мектеп туралы айтпайды. Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады?

Сіздің іс-әрекетіңіз.

Педагогикалық жағдаят №496

Бір оқушы математика сабағында есеп шығара алмай, қатты ашуланып жылап жібереді. Мұғалім ол оқушыға сонымен деңгейлес оқушының көмек беруін сұрайды.

Түсіндіріңіз, неге бұл жағдайда:


  1. Мұғалім есептің шешімін өзі түсіндірмей, оқушының көмегіне жүгінді?

  2. Мұғалім әлсіз оқушыға жүгінді.

  3. Мұғалім оқушының біліміндегі жетіспеушіліктерге немқұрайлы қарай алмады.

  4. Бұл жағдаяттағы сіздің іс-әрекетіңіз?


Педагогикалық жағдаят №497

Мұғалім жақсы көңіл күймен шұғыл түрде жаңа сабақ түсіндіруге кірісті. Сынып іші тыныштық сақтап, оқушылар мұғалімді тыңдап отыр. Кенеттен тыныштықты баланың айқайы бұзады. Мұғалім ештеңенің мәнін түсінбей, баланы тыныштықты бұзғаны үшін қатты ұрсады. Сөйтсе, қасындағы көршісі оған түйрегіш инені тығып алған екен. Балалар енді не болатынын қызықтап қарап отыр.

Бұл жағдаяттағы сіздің іс-әрекетіңіз?
Педагогикалық жағдаят №498

Күнде таңертең әкесі өз баласын (5 жас) балабақшаға әкелген кезде, баласы айқай шығарып, өзінің киім ілетін жеке шкафына кіріп алып шықпай отырады.

Әкесі бұл әрекетке аса мән бермей, баласын шкафта қалдырып, тәрбиешіге ескертіп кетеді.

Анасы баласына талап қойып, үлкен мән береді, баласы анасының көзінше мұндай іс-әрекетке бармайды. Бірақ анасының жұмысы ерте басталғандықтан баласын балабақшаға әкелуге мүмкіндігі болмайды.

Не істеу керек? Сіздің бұл жағдаяттағы ұсынысыңыз.
Педагогикалық жағдаят №499

Тәрбиеші белсенді, интелектуалды, жақсы дамыған Мараттың (5 жасар) мінез-құлқынан екі қасиетті байқайды:



  1. Оның өзі қатарлы балаларды басқаруға ұмтылуы.

  2. Оның өзі қатарлы балалардың дұрыс сөйлемеген сөздерін қабылдамауы.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сен бұл жағдайда не істер едің? Өз пікіріңді түсіндір.
Педагогикалық жағдаят №500

Сіз өз танысыңызды құрметтемей, оны сыртынан Аю деп атайсыз. Кешке жақын есігіңізге қоңырау шалып, есікті балаңыз ашады: « Әкешім, анашым, бізге Аю ағай келді» - дейді. Сіз бұл жағдаяттан қалай шығасыз?



  1. Ештеңе естімеген адам секілді үндемейсіз.

  2. Балаңызды сөгесіз, мұны ойлап тапқан осы дейсіз.

  3. Бәрін әзілге аударып, танысыңыздан кешірім сұрайсыз.

  4. Басқа шешім.


Педагогикалық жағдаят №501

Сіздің сыныбыңызда сыныптастар бос уақытты бірге өткізгілері келмейтін, қарым-қатынас жасағылары келмейтін, өздерінің ортасына қоспайтын бірнеше оқушы бар. Бұл немен түсіндіріледі?



  1. Оқушылардың жағымсыз келбетімен.

  2. Мұғалімнің оларға деген теріс қарым-қатынасымен.

  3. Үлгермеушілік және нашар мінез-құлықтарымен.

Сіз тағы қандай себептерді атап айтар едіңіз? Жағдаятты түсіндіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет