Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет17/68
Дата15.05.2020
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
диалогтік қатынас – білім 
беру мақсаттарына жету 
бойынша бірлескен әрекет  
8. 
Оқу-
танымдық әрекет 
сипаттамасы  
Оқушының репродуктивті 
(кері байланыстық) әрекеті 
Білім алушының белсенді 
таным әрекеті  


3. 
Функционалистік  парадигма,  ол  келесі  ерекшеліктерімен 
сипатталады: 
- Білім беру әлеуметтік-мәдени технология ретінде қабылданады; білім 
беру қоғамға қажетті кадрларды дайындау қажет; 
-  Тұлға  ӛзінің  мойнына  қоғамның  кейбір  функцияларын  алу  қажет;  
тұлғаны еңбек нарығына бейімдеп дайындау; 
-  Білімді  алу,  оларды  шығармашылық  тұрғыда  пайдалану  және  жаңа 
білімді  жасау  іскерлігімен  байланысты  белгілі  бір  құзырлықтарды 
қалыптастыру; 
- Нақты кәсіби бағыттылық – тұлғаны еңбекке дайындау.  
4. Мәдениеттанушылық парадигма: 
- Білім берудің нысаны мен мақсаты – мәдениет адамы; 
- Адам мәдениет, ӛз ӛмірі мен жеке дамудың субъектісі ретінде; 
- Білім беру мәдени дамытушы орта ретінде; 
-  Мәдени-білім  беру  кеңістігіндегі  адамның  ӛмір  сүру  мен  ӛзін-ӛзі 
дамытудың тәсілдері ретіндегі шығармашылық пен диалог; 
-  Білім  беру  құрылымдарында  қоғамның  қазіргі  жағдайынан  озып 
отырған мәдіни үлгілер мен ӛмір сүру нормаларын қайта құру, оның қажетті 
жағдайы – білім берудің мәдениетке интеграциялануы; 
-  Идеологиядан  мәдениетке,  оның  ішінде  педагогикалық  мәдениетке 
кӛшу; 
-  Білім  беру  мәдениеттің  рухани  және  материалдық  құндылықтарын 
меңгеру  барысында  қалыптасатын  адамның  рухани  бейнесі  ретінде 
қарастырылады; 
-  Білім  мазмұнын  ізгілендіру,  оқыту  мен  тәрбиенің  гуманистік 
технологияларын іске асыру; 
-  Білім  беру  ұйымдарында  қазіргі  әлеуметтік-мәдени  жағдайда 
шығармашылық ӛзін-ӛзі іске асыруға қабілетті тұлғаны қалыптастыра алатын 
ортаны құру; 
-  Мәдениет  мәтініндегі  (контекстіндегі)  білім  берудің  негізгі  қағидасы 
креативтілік  қағидасы,  яғни  ынтымақтастық  пен  бірлескен  шығармашылық 
атмосферасын тудыру болып табылады; 
-  Білім  беруге  мәдени  үрдіс  ретінде  қатынастық  қалыптасуы,  ондай 
білім  берудің  қозғаушы  күштері  тұлғалық  мағына, оның  қатысушыларының 
диалогы мен ынтымақтастығы болып табылады; 
-  Педагогқа  оқушы  мен  мәдениет  арасындағы  делдал  ретінде 
қатынастың қалыптасуы; 
-  Мектепке  тұтас  мәдени-білім  беру  кеңістігі  ретінде  қатынастың 
қалыптасуы,  ондай  мектепте  ӛмір  сүру  үлгілері  қайта  құрылады  және 
мәдениет адамының тәрбиесі жүзеге асады. 
Білім  беру  парадигмалары  шеңберінде  түрлі  білім  беру  модельдері 
қалыптасады. Қазіргі уақытта әлемдік білім беру үрдісінде негізгі тӛрт білім 
беру моделі қызмет етеді:  
1.  Білім  берудің  дәстүрлі  моделі  –  бұл  ӛскелең  ұрпаққа  ӛткен  және 
бүгінгі  мәдениеттің  әмбебап  элементтерін  беру  тәсілі  ретіндегі  жүйелі 


академиялық  білім  берудің  моделі.  Оқушы  білім  беру  қызметінің  нысаны 
ретінде ойлау емес, есте сақтау механизмдеріне әсер етудің арқасында білім, 
іскерлік, дағдыларды меңгереді. 
Ондай  білім  берудің  мақсаты  сапалары  алдын-ала  белгіленген  тұлға 
болып табылады. Білім беру жүйесі мақсаттарды, білім мазмұнын, білім беру 
ұйымдарының  номенклатурасын  және  оқу  пәндерін  анықтау  қатаң 
орталықтанған    түрде  іске  асатын  мемлекеттік-ведомстволық  ұйым  ретінде 
қарастырылады. 
2.  Білім  берудің  рационалистік  моделі  басты  орынға  білім  мазмұнын 
емес,  білім  алушылардың  білімді  меңгерудің  тиімді  тәсілдерін  қояды.  Бірақ 
бұл  жерде  студенттерге  енжар  рӛл  беріледі,  олардың  шығармашылығын, 
дербестігін,  жауапкершілігін  дамыту  міндеті  қойылмайды.  Меңгерген  білім, 
іскерлік,  дағдылар  негізінде  студенттер  ӛз  бойларында  қоғамның  әлеуметік 
нормаларына, талаптары мен үміттеріне сәйкес бейімделген «мінез-құлықтық 
репертуарды» дағдыландырады. 
Мінез-құлықтық  модельдер  білім  беруге  тар  утилитаризм  рухын 
енгізеді  және  оқытушыға  әрекет  етудің  механикалық,  шығармашылық  емес 
тәсілдерін  қолдануды  итермелейді.  Оқытушы  қызметі  соның  салдарынан 
студенттерді  есептер,  тесттер  шешуге  дағдыландыруға  ғана  бағыттайды. 
Ондай  оқытудың  негізгі  әдістері  үйрету,  тренинг,  тесттік  бақылау,  түзету, 
жеке дара сабақтар болып табылады. 
Жалпы  алғанда,  білім  берудің  рационалистік  моделі  ӛскелең  ұрпақты 
ӛмір сүріп жатқан қоғамға және ӛндіріске тәжірибелік бейімдеуді қамтамасыз 
етеді. 
3.  Білім  берудің  гуманистік  (феноменологиялық)  моделі    студенттің 
ішкі  жан  дүниесін  дамытуға,  тұлғааралық  қарым-қатынасқа  бағдарланған. 
Бұл модель шеңберінде кӛптеген білім беру тұжырымдамалары қызмет етеді: 
гуманитарлық-білім 
берушілік, 
тұлғалық-бағдарлы, 
аксиологиялық, 
жобалаушылық,  педагогикалық  қолдау,  мәдениеттанушылық  және  т.б. бірақ 
олардың барлығын біріктіретін фактор – олар оқытудан қарағанда тұлғаның 
дамуы басымдылығын мойындайды, ал білім,  іскерлік және дағдылар оқыту 
мақсаты емес, білім алушыларды дамыту құралы ретінде қарастырады. 
Білім  беру  үрдісінің  орталығына  білім  алушы  тұлғасы  мен  оның ӛмір 
сүру  әрекетінің  субъектісі  ретіндегі  дамуы  қойылады.  Олардың  пікірінше, 
білім  беру  адамның  шынайы  табиғатына сәйкес  болу  керек,  тұлғалық  ӛсуде 
психологиялық-педагогикалық  қолдауды  қамтамасыз  ету  қажет.  Сапалары 
алдын-ала  анықталған  тұлғаны  қалыптастыру  емес, ӛзін-ӛзі  тану  және  ӛзін-
ӛзі дамыту үшін жағдайлар жасау қажет.   
Гуманистік  бағыттылық  оқытушының  да студенттің  де  дербестігі  мен 
шығармашылығын,  сонымен  бірге  индивидтің  дамуда  автономияға  және 
білім  берудің  жеке  ӛзіндік  траекториясына  құқығын  негізгі  басымдықтар 
ретінде жариялайды. 
Білім  беруді  реформалауда  Интернет  ақпараттық  жүйелері  кең 
мүмкіндіктер  береді.  Интернеттік  білім  беру  бағдарламалық  электронды 
құралдар  кӛмегімен  адамдарды  оқытуды  қарастырады,  оның  барысында 


жұмыс диалогтық немесе автономды режимде (электрондық почта, интернет-
фестивальдер,  телеконференциялар  және  т.б.)  іске  асады.  Бірақ,  ақпаратты 
механикалық «жүктеу» оқыту субъектілерінің белсенді танымдық әрекетінің 
рӛлін тӛмендетуі мүмкін деген қауіп бар. 
4. Білім берудің институционалдық емес моделі білім беруді әлеуметтік 
институттардан, нақты айтсақ, білім беру ұйымдарынан тыс ұйымдастыруды 
бағдарлайды.  Бұл  «табиғаттағы»  білім  беру,  параллельді  мектептер 
жағдайында 
(жүйелі 
түрді 
тәрбиелік-білімділік 
бағдарламаларды 
дайындайтын  радио,  теледидар,  бұқаралық  ақпарат  құралдары)  білім  беру, 
Интернет  жүйесі  кӛмегімен  білім  беру,  «ашық  университеттер», 
қашықтықтан  оқыту  және  т.б.  Ондай  оқыту  формаларының  тәуекелдеріне 
тӛмендегілерді  жатқызуға  болады:  біріншіден,  тәрбиеде  еш  нәрсемен 
алмастырылмайтын  адамдық  қатынастар,  шынайы  тірі  қарым-қатынас, 
екіншіден,  бұқаралық  мәдениеттің  күмән  туғызатын  құндылықтары 
кӛмегімен тұлғаны дамыту емес, керісінше құлдырауға ұшырату қаупі. 
Білім  берудің  парадигмалық  модельдерін  қалыптастыруда  келесі 
кӛзқарастар қолданылады: 
Синергетикалық  кӛзқарас,  ол  ӛзін-ӛзі  ұйымдастыру  теориясының 
ғылыми бағыты ретінде қарастырылады.  Бұл парадигма табиғат және  адам, 
күрделі  жүйелердің  қызмет  етуі,  әлемнің  жаңа  бейнесі  туралы  білімдерді 
біріктіреді. 
Құзыреттілік  кӛзқарас, ол  білім  беру  үрдісінің  тұлғаның  негізгі  және 
пәндік 
құзыреттіліктерін 
қалыптастырып 
дамытуға 
бағыттылығын 
анықтайды. 
Акмеологиялық  кӛзқарас,  ол  тұлғаның  ӛзінің  бүкіл  потенциалдық 
мүмкіндіктерін  ашуға  және  кәсіби  шеберлік  шыңдарына  жетуге 
бағыттылығын анықтайды. Акмеологияның нысаны негізінен кәсіби әрекетте 
прогрессивті  түрде  дамып  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асырып  отыратын  кемелденген 
тұлға болып табылады. Акмеология пәні кемелденген тұлғаның прогрессивті 
дамуы  мен  оның  жоғары  кәсіби  жетістіктерге  жетуін  қамтамасыз  ететін 
үрдістер, психологиялық механизмдер, жағдайлар мен факторлар. 
Интерактивті  кӛзқарас,  ол  ізгілендіру,  демократияландыру,  даралау 
және  саралау  қағидаларына  негізделеді.  Интерактивті  оқыту  әлеуметтік 
ынталандырылған  серіктестік  сипатына  ие,  оның  назарында  оқытушылық 
үрдісі  емес,  тең  дәрежелі  серіктестердің  ұйымдасқан  шығармашылық 
ынтымақтастығы. Сӛйтіп,  субъект-субъектілік  ӛзара  әрекеттесу  андрогогика 
қағидаларын қолдануға, жағымды кәсіби «Мен-тұжырымдамасын» дамытуға 
кӛмектеседі.  
Интерактивті  оқыту  ӛмірлік  жағдаяттарды  модельдеуді,  табыстылық, 
тәуекел,  күмәндіктер,  қарама-қайшылықтар,  ӛзара  қолдау,  ӛз  әрекеттерін 
талдау  және  ӛзін-ӛзі  бағалау    жағдаяттарын  құруға  мүмкіндік  беретін 
әдістерді қолдануды қарастырады. 
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет