Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік


 Қазіргі білім беру парадигмалары



Pdf көрінісі
бет15/68
Дата15.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#68600
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Байланысты:
Igibaeva pedagogika

 


3.2 Қазіргі білім беру парадигмалары  
Қазіргі уақытта педагогикада «парадигма» термині кең тарала бастады, 
бірақ  оның  мағынасына  түрлі  түсініктемелер  береді.  Мысалы,  «гуманистік 
парадигмаға» 
ауысу 
насихаттары 
айтылады, 
техникалық 
қоғам 
парадигмалары негізделеді және т.б. 
«Парадигма»  терминін  (грек.  «үлгі»)  1962  жылы  Томас  Кун  ғылымға 
енгізді.  Парадигма  –  барлығымен  мойындалып  қабылданған  ғылыми 
жетістіктер,  олар  ғылыми  қауымдастыққа  белгілі  бір  уақыт  аралығында 
мәселелерді анықтау және оларды шешудің моделін ұсынады. Парадигмалық 
кӛзқарас  тӛрт  онжылдық  бойы  шетелдік  зерттеушілердің  назарында  болып 
отыр:  Дж.  Агасси,  И.  Лакатос,  Дж.  Холтон,  П.П.  Гайденко,  Л.А.  Маркова 
және т.б.  
Қазіргі  педагогика ғылымында жетекші  тӛрт  білім  беру  парадигмасын 
кӛрсетуге болады:  
1. Дәстүрлі парадигма (немесе білімділік).  
Дәстүрлі парадигма жағдайында оқыту мен тәрбиенің басты мақсаты – 
адамға  терең,  берік  жан-жақты  академиялық  білімдер  беру.  Білімнің  негізгі 
кӛзі оқытушы болып табылады. Білім алушы, білімге толтырылу қажет нысан 
ретінде  қарастырылады.  Оқытудың  тұлғалық  аспектілері  танымдық 
қызығушылық  пен  танымдық  қабілеттерді  қалыптастырумен  шектеледі. 
Сондықтан,  тұлғаның  дамуына  емес  (оны  оқу  әрекетінің  «артық  ӛнімі» 
ретінде  қарастырады),  оның  ақпараттық  қамсыздандырылуына  назар 
аударылады.  
Білімділік  парадигманың  бір  түрі  ретінде  технократиялық  немесе 
(прагматикалық)  парадигманы  қарастыруға  болады.  Оның  жүйесіндегі 
оқыту  мен  тәрбиенің  басты  мақсаты  –  адамға  ӛмірі  мен  кәсіби  әрекетінде 
тәжірибелік  тұрғыда  қажет  болатындай,  қазіргі  техникамен  дұрыс  ӛзара 
әрекеттесуге  мүмкіндік  беретін  білім  беру,  іскерлік  пен  дағдыны 
қалыптастыру.  Негізгі қағида – оқытудағы политехникалық бағыттылық. 
Сӛйтіп,  білімділік  және  технократиялық  парадигмалар  назардың 
орталығына  білім  беру  үрдісінің  субъектісі  ретінде  білім  алушыны 
қоймайды.  Білім  алушы  педагогикалық  ӛзара  әрекеттесудің  объектісі  ғана 
болып  табылады.  Білім  беру  үрдісін  стандарттау  қарастырылады,  оның 
құрылымында  оқыту  технологиялары  негізінен  орташа  деңгейлі  білім 
алушыға бағдарланады.  
Білім  алушының оқу әрекетін басқарудың тікелей  (императивті) стилі 
қолданылады.  Аталған  парадигмалардың  қағидалары  негізінде  құрылған 
білім  беру  модельдеріне  келесі  ерекшеліктер  тән:  монологтық  оқыту,  білім 
беру  үрдісі  субъектілерінің  бастамашылдығы  мен  шығармашылығының 
рӛлін  дұрыс  бағаламау.  Екі  модель  де  сапалары  алдын-ала  белгіленген 
тұлғаны  қалыптастыру  және  дайын  түрінде  оқыту  тәсілдерінің  мазмұнын 
беруге бағытталған.  
Қазіргі  уақытта  отандық  және  бұрынғы  Кеңес  Одағы  кеңістігіндегі 
кӛптеген  елдерде  бұрынғы  ескірген оқу-тәртіп  моделінің  орнына оқытудағы 
ӛзара  әрекеттесуде  ынтымақтастыққа  негізделген  білім  алушыны  тең 


дәрежелі  серіктес  ретінде  қарастыратын  гуманистік,  тұлғалық-дамытушы 
модель келіп отыр. 
Дәстүрлі  парадигма  ерекшеліктеріне  тағы  тӛмендегілерді  жатқызуға 
болады: 
Білім беру ойлауға негізделген таным ретінде ғана қарастырылады; 
Оқыту  мақсаты  ретінде  әлеуметтік  тапсырысты  сипаттайтын  білім, 
іскерлік және дағдылар жүйесі анықталады; 
Оқу материалы дидактикалық тұрғыда түрлендірілген ғылыми білімдер 
ретінде қарастырылады; 
Оқу  үрдісінің  бүкіл  ұйымдастырылуы  бағдарлама  мен  оқулықтарда 
ғылыми білімнің жағдайын және оны меңгеру жолдарын кӛрсетіп сипаттауға 
бағытталған; 
Тұлғалық  даму  сипаттамасы  есепке  алынбайды;  оқыту  тиімділігінің 
негізгі кӛрсеткіштері ретінде білім, іскерлік, дағдылар қарастырылады;  
негізгі  міндет  ретінде  логикалық  ойлау  іскерлігін  емес,  есте  сақтауды 
дамыту деп есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет