Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік


  Жоғары мектептегі оқыту заңдылықтары мен принциптері



Pdf көрінісі
бет23/68
Дата15.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#68600
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Байланысты:
Igibaeva pedagogika
ОШ СОр Физика 7кл каз
4.2  Жоғары мектептегі оқыту заңдылықтары мен принциптері 
Жоғары мектепте білім беру үрдісінің  іске асуы мен дамуы барысында 
прогрессивті  ғалымдар  осы  үрдістің  тиімділігін  арттыруға  әсер  ететін 
жағдайларды,  талаптарды,  ережелерді  анықтап,  оларды  ғылыми  негіздеуге 
тырысты. 
Оқыту  заңдылықтары  –  бұл  жоғары  оқу  орнындағы  педагогикалық 
үрдіс компоненттері арасындағы объективті болатын, қайталанып отыратын, 
тұрақты  байланыстар,  оларға  сүйену  арқылы  осы  үрдістің  тиімділігі 
арттырылады. 
Заңдылықтарға  оқу  үрдісінде  болатын  немесе  туындайтын  кез-келген 
қысқа мерзімді байланыстарды емес, тек объективті түрді оқытушы ерігінсіз 
болатын,  тұрақты  байланыстарды  жатқызады.  Оқытушы  оларды  байқамауы 


мүмкін, саналы түрде ескермеуі мүмкін, бірақ олар бар және оның қызметіне 
әсер етеді. 
Жоғары 
мектептегі 
оқыту 
үрдісінің 
негізгі 
заңдылықтарын 
қарастыратын болсақ, оларға тӛмендегілер жатады: 
Педагогикалық  үрдіс,  оның  мазмұны,  әдістемесі  мен  технологиясы 
жан-жақты  дамыған,  кәсіпқой,  ӛзгермелі  әлемде  үздіксіз  дамуға  бейім 
болашақ  маман  тұлғасын  қалыптастыру  қажеттілігімен  анықталатын  қоғам 
сұранысымен  анықталады.  Бұл  заңдылық  жоғары  оқу  орнындағы  оқыту 
мақсаты мен міндеттерін, олар арқылы болашақ мамандарды  кәсіби даярлау 
үрдісінің мазмұнын да анықтайды. 
Оқыту  үрдісі  студенттерді  тәрбиелеу  және  дамытумен,  оларды  кәсіби 
даярлау  жүйесімен  заңды  байланыста,  яғни студенттерді  оқыту  жоғары  оқу 
орнының  тұтас  педагогикалық  үрдісінің  құрамдас  бӛлігі  болып  табылады. 
Бұл  заңдылық  оқытудың  барлық  тӛрт  қызметін  (білімділік,  тәрбиелік, 
дамытушылық, кәсіби) тұтастықта жүзеге асыруды талап етеді.  
Тұтас  педагогикалық  үрдіс  және  оның  ӛнімділігі  жоғары  оқу  орны 
ӛмірінің  келесідей  ішкі  және  сыртқы  жағдайларына  байланысты:  шағын 
ауданның 
әлеуметтік-мәдени 
ерекшеліктері, 
оқу-әдістемелік 
және 
материалдық-техникалық  база,  гигиеналық  жағдайлар,  оқу  орнындағы 
орнаған  моральдық-психологиялық  климат. Бұл заңдылық  жоғары  оқу орны 
жұмысының  ішкі  және  сыртқы  жағдайларын  жақсартуға  назар  аударуды 
бағдарлайды. 
Жоғары  оқу  орнындағы  оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық  компоненттері 
(мақсат-міндеттері, 
мазмұны, 
түрлері, 
құралдары, 
әдіс-тәсілдері, 
технологисы) оның нәтижелілігіне әсер етеді. Сондықтан мақсат-міндеттерді 
дұрыс  анықтау,  мазмұнды,  әдіс-тәсілдерді,  құралдарды  дұрыс  іріктеу  ӛте 
маңызды. 
Сабақ  беру  мен  оқу  тұтас  оқу-тәрбие  үрдісінде  заңды  түрде  ӛзара 
байланысқан,  бұл  ӛзара  әрекеттесудің  тиімділігі  оқытушылардың 
кәсіпқойлық  деңгейімен  және  студенттердің  даярлық  деңгейімен,  олардың 
таным  қабілеттерінің  мүмкіндігімен  анықталады.осы  заңдылыққа  негізделе 
отырып, әрбір оқытушы ӛзінің кәсіби деңгейін, шеберлігін үздіксіз дамытып 
отыру  қажет.  Сонымен  бірге,  әрдайым  студенттердің  интеллектуалдық, 
экмоционалдық,  жігерлік  салаларын  дамытып,  олардың  денсаулығын 
сақтауға, жұмысқа қабілеттілігін арттыруға тырысу маңызды. 
Оқыту  заңдылықтары  оқыту  үрдісінің  тиімділігін  анықтайтын 
педагогикалық жағдайлар ретінде қарастырылса, оқыту принциптері олардан 
туындайтын,  оларға  негізделген  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  және  білім 
мазмұнын  іріктеу  барысында  басшылыққа  алынатын  идеялар,  талаптар 
болып табылады. 
Оқыту  принциптері  –  бұл  блім  беру    үрдісінің  бағыттылығын, 
мазмұнын,  әдістемелік  құрылымын,  оқытушы  әрекетінің  сипатын 
анықтайтын ереже-талаптар. 
Оқытудың  дидактикалық  принциптерін  анықтауға  зор  үлесін  қосқан 
чех  ғалымы  Я.А.Коменский  еді.  Мектеп  педагогикасы  жүйесінде  оқыту 


принциптері  жан-жақты  қарастырылып,  үнемі  толықтырылып  жаңарып 
отырғанымен, жоғары мектеп теориясында оқыту принциптері терең ғылыми 
негіздемеге  ие  болмады.  Сондықтан,  кӛбінесе  жоғары  оқу  орындарының 
оқытушылары  оқыту  үрдісін  ұйымдастыруда  ӛз  білімі  мен  тәжірибесіне 
сүйенеді. 
Жоғары  оқу  орындарының  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  тәжірибесінде 
келесі  дидактикалық  принциптер  қалыптасты:  тарихилық  принципі; 
ғылымилық  принципі;  жүйелілік  пен  бірізділік  принципі;  теорияның 
жетекшілік  рӛліндегі  теория  мен  тәжірибенің  ӛзара  байланыстылығы 
принципі; кӛрнекілік принципі; студенттердің саналылығы, белсенділігі және 
жауапкершілігі принципі; оқытушы мен студенттер әрекетінің біртұтастығы, 
ынтымақтастығы  принципі;  студенттердің  аудиториядағы  оқу-танымдық 
әрекетін  ӛз  бетімен  орындалатын  жұмыспен  үйлестіру  принципі;  оқытудың 
кәсіби бағытталуы. 
Бұл дидактикалық принциптер ӛзара байланыста іске асады және бірін -
бірі толықтырады. 
Дидактикалық  принциптердің  мәнін  қарастыратын  болсақ,  олардың 
педагогикалық үрдіске әсерін анықтауға болады.  
 
Кесте 5. Жоғары мектептегі оқыту принциптері 
 
№  Оқыту 
принципі 
Мәні мен ережелері  
 
Тарихилық 
принципі. 
-  Жоғары  оқу  орнындағы  кез-келген  пәнді  оқудың 
объективті тарихи негізі болу керек;  
-  Ғылыми  пәнді  оқудың  басында  сол  нақты  ғылымның 
тарихи  қайнар  кӛздерін,  тамырларын  студенттерге  кӛрсетіп, 
таныстыру қажет; 
-  Оқу  пәнін  оқу  барысында  қажеттілік  дәрежесі  бойынша 
белгілі  бір  идеялардың,  болжамд ардың  ғылыми  дамуының 
динамикасын талдау қажет; 
-  Мүмкіндігінше  ғылыми  идеялар  дамуына  үлес  қосқан 
ӛткен  ғасырлардың  ғалымдарының  ӛмірі  мен  әрекетін 
таныстыру қажет; 
-  Ғылымның  қайнар  кӛздерін,  нақты  мәселе  мен  идеяларды 
зерттеумен айналысқан ғалымдар үлесін объетивті бағалау; 
-  Оқу  материалын  тарихи  мәліметтермен  және  фактілермен 
артық жүктемеу; 
- Ӛз пәнінің ғылыми негіздерінің даму болашағын ашу.  


 
Ғылымилық 
принципі. 
-  Ол  оқу  пәндерінің  мазмұны  ғылымның  даму  жағдайына 
сәйкес  болуын  және  студенттерді  ғылымның 
жаңа 
жетістіктерімен таныстырылуын талап етеді.  
- Оқытуда теорияның жетекші рӛлін қамтамасыз ету; 
- Қазіргі шынайы ғылыми ақпаратты мазмұндау; 
-  Нақты  ғылымның  дамуының 
тенденциялары  мен 
болашағын ашып кӛрсету; 

Оқытылып 
жатқан 
пән 
ғылымының 
ғылыми-
терминологиялық аппаратын қолдану. 
 
Жүйелілік 
пен  бірізділік 
принципі 
Ол ғылымилық  принципімен тығыз байланысты.  Жүйе оқу 
пәнінің  ғылымға  жақындауын  қамтамасыз  етеді.  Кез-келген 
ғылымның  ӛзінің  логикасы,  ӛз  даму 
жүйесі  бар. 
Дидактикалық  жүйе  сол  ғылымның  жүйелілігін,  тұтастығын 
сақтап, студенттерге жүйелі және бірізділікте ұсыну қажет. 

Оқу 
бағдарламасында 
ұсынылған 
белгілі 
бір 
дидактикалық  жүйе  мен  логика  бойынша  оқу  пәнінің 
мазмұнын баяндау; 
- Студенттердің бұрыңғы меңгерген білімдеріне сүйену; 
- Пәнаралық байланыстарды ескеру. 
 
Теорияның 
жетекшілік 
рӛліндегі 
теория 
мен 
тәжірибенің 
ӛзара 
байланыстыл
ығы 
принципі. 
Бұл  дидактикалық  принцип  кеңестік  білім  беру  жүйесінде 
ерекше  маңызға  ие  болды.  Оның  мәні  сонда,  теорияны 
меңгеру  тәжірибеге  сүйену  қажет.  Теориялық  талдау  және 
фактілерді  саралау  студенттердің  оқу  материалын  саналы 
және  белсенді  меңгеруіне  жағдай  жасайды.  Тәжірибе  таным 
кӛзі,  әрбір  теория  үшін  шынайылық  ӛлшемі,  таным 
нәтижелерін  қолдану  саласы  болып  табылады.  Тәжірибе 
теорияны  терең  түсінуге  кӛмектеседі,  ол  ғылымның 
дамуының  қозғаушы  күші.  Оқытудағы 
теория  мен 
тәжірибенің  байланысының  үш  түрі  бар:  теория  тәжірибелік 
сабақтардың  алдында  беріледі  және  оларға  негіз  болады; 
теория  тәжірибемен  қатар  жүреді;  тәжірибелік  сабақтар 
теорияға  дейін  ӛтеді.  Олардың  біреуін  таңдау  оқытушының 
дидактикалық мақсатымен анықталады. 
Теориялық 
және 
тәжірибелік 
сабақтардың 
саналы 
арақатынасы студенттерге теорияның ӛмірде, кәсіби әрекетте 
маңыздылығын  түсінуге,  меңгерген  білімді  қолдануға 
кӛмектеседі. 
Аталған принцип тӛмендегі ережелер негізінде іске асады:  
-  Теориялық  ғылыми  білімді  мазмұндау  барысында  оларды 
тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне сүйену; 
- Ғылым мен тәжірибенің диалектикалық байланысын ашу; 
-  Студенттердің  жеке  тәжірибесін  ескеру,  тәжірибелік 
міндеттерді  шешуде  білімді  қолданудың  шынайы  жолдарын 
кӛрсету; 
-  Студенттерді  тиісінше  тәжірибелік  әрекет  негізінде 
теориялық тұрғыда кемелденуге үйрету. 
 
 


5 кестенің жалғасы 
 
Кӛрнекілік 
принципі. 
Философиядағы  сенсуализм  теориясына  негізделе  отырып, 
оның  ғылыми  негіздемесін  Я.А.Коменский  жасаған,  оның 
оқыту  үрдісін  ұйымдастырудағы  маңыздылығын  ескере 
отырып,  «дидактиканың  алтын  ережесі»  деп  атаған.  Барлық 
кӛрнекіліктер  қарапайым:  заттардың  ӛздері,  олардың 
бейнелері  немесе  еңбек  үрдістері.  Бірақ  оқу-тәрбие  үрдісінің 
дамуы барысында оның  жетекші рӛлі тӛмендеген  кезі болды. 
Ғылыми-техникалық  прогрестің  дамуымен  келген  теледидар, 
компьютерлік  техника  бұл  принциптің  басымдыққа  ие 
болуына  әсерін  тигізді.  Қазіргі  дидактика  пайымдауынша 
кӛрнекілік  нақты  мен  абстрактінің  арасында  байланысты 
қамтамасыз  етеді,  оқытуды  қызықты,  мәнді  және  түсінікті 
етеді, студенттердің ойлауы мен байқағыштығын дамытады. 
Оқытушылар сабақта кӛрнекіліктің келесі түрлерін қолдана 
алады: сӛздік-бейнелік;  табиғи,  немесе шынайы; кӛркемӛнер; 
динамикалық  (тәжірибелер);  шартты-сызбалық  (сызбалар, 
сызба суреттер); аудиовизуалды. 
Кӛрнекілік  принципін  дұрыс  қолдануды  келесі  ережер 
қамтамасыз етеді: 
- кӛрнекілікті шамалы, ретімен қолдану; 
-  ғылыми  материалды  мазмұндаудың  бейнелілігін  сӛздік 
жолмен  қамтамасыз  етуге  тырысу  (кӛрнекілік  кӛрсету 
жолымен емес, сӛздік сипаттау арқылы); 

қажет  жағдайларда  апперцепцияға  (студенттердің 
қарастырылып  жатқан  зат,  құбылыс  немесе  үрдіс  туралы 
визуалды біліміне) сүйену; 
- студенттерді кӛрнекі құралдарды дайындауға тарту.  
 
Студенттерді
ң 
саналылығы, 
белсенділігі 
мен 
жауапкершілі
гі принципі. 
Бұл  принцип  кез-келген  пән  бойынша,  кез-келген  оқу 
түрінде оқу үрдісінің ӛнімділігін анықтайды.  
Білімді  саналы  меңгеру  студенттерге  оларды  түрлі  ӛмірлік 
жағдаяттарда,  кәсіби  әрекетте  табысты  қолд ануға  мүмкіндік 
береді.  Студенттерді  білімді  саналы  меңгеруге  үйрету  –  бұл 
оларды  фактілерді  ажыратуға,  олардың  мәніне  үңілуді, 
олардың 
байланысын 
анықтауға, 
олардың 
ішкі 
заңдылықтарын  ашуға  үйрету.  Білімді  саналы  меңгеру 
студенттер  фактілік  материалды  түсінген  кезде  ғана  іске 
асады, ал білімге құндылық қатынас оқудағы жауапкершілікті 
дамытады. Аталған принцип келесі ережелерге негізделген:  

студенттерде 
жоғары 
оқу 
орнындағы 
оқудың 
маңыздылығын  түсінуді,  оған  құндылықты  қатынасын 
қалыптастыру; 
-  оқу  материалының  студенттерге  түсінікті  болуын 
қамтамасыз ету; 
-  студенттердің  таным  әрекетін  белсендірудің  түрлі 
әдістемелік құралдарын қолдану. 
 
 


5 кестенің жалғасы 
 
Оқытушы  мен 
студенттер 
әрекетінің 
біртұтастығы, 
ынтымақтасты
ғы принципі. 
Ол 
жоғары  оқу  орнындағы 
оқу-тәрбие 
процесін 
ұйымдастыруды,  ондағы  субъектілердің 
рӛлдері  мен 
орындарын қазіргі түсіну сипатымен анықталады. Оқу-тәрбие 
үрдісіндегі  субъектілердің  арасындағы  ӛзара  әрекеттесу  екі 
жақтың  да  талпынысы  мен  қалауына  байланысты.  Ол  үшін 
оқытушылар: 
- әрекеттің демократиялық стилін меңгеру керек; 
-  студенттерге  құрметпен,  бірақ  саналы  талап  қоя  отырып 
қатынас орнату керек; 
-  студенттердің  белсенділігін,  бастамашылдығын  және 
дербестігін дамыту; 
- эмпатияны таныту, студенттердің ішкі әлемін түсіну; 

студенттер 
оқу-тәрбие 
үрдісіне 
белсенді 
және 
қызығушылықпен қатысу үшін, пікірталастарға, проблемалық 
жағдаяттарды шешуге қатысып, ғылыми  жұмыспен  айналысу 
үшін, ӛндірістік тәжірибе барысында кәсіби міндеттерді шеше 
алу  үшін  қажетті  педагогикалық  қолдау  кӛрсету.  Ӛзара 
әрекеттесудің  жоғары деңгейі  педагогикалық  ынтымақтастық 
болып табылады.  
Аталған принцип тӛмендегі ережелер негізінде іске асады:  
-  алдына  мақсат  қою:  жас  ерекшеліктері  мен  білімділік 
деңгейін  ескере  отырып,  эмпатияға  сүйеніп,  студенттермен 
ӛзара әрекеттесуді орнату мен дамыту; 
- оқу-тәрбие үрдісінде студенттер әрекетін ынталандыратын 
түрлі әдістер мен технологияларды қолдануға тырысу; 
-  тӛменгі  курстардан  бастап  ғылыми-зерттеу  жұмысының 
алуан түрлеріне студенттерді кең тарту; 

түрлі 
жолдармен 
студенттердің 
белсенділігін, 
бастамашылдығын, дербестігін, жауапкершілігін дамыту. 
 
Студенттерді
ң 
аудиториядағ
ы 
оқу-
танымдық 
әрекетін 
ӛз 
бетімен 
орындалатын 
жұмыспен 
үйлестіру 
принципі. 
Жоғары  оқу  орнындағы  оқу  материалының  кең 
кӛлемділігіне қарамастан  аудиторлық  және аудиториядан тыс 
орындалатын 
ӛз 
бетімен 
жұмыссыз 
оқу 
үрдісі 
ұйымдастырылмайды.  Дербес  ізденіс  маңызды,  себебі,  ол 
танымдық  қызығушылықты  дамытады,  зерттеу  жұмысына 
бағыттайды.  Қазіргі  уақытта  ӛз  бетімен  жұмыстың  ғылыми 
ізденіспен жақындасуы.  
Аталған  принципті  жүзеге  асыру  келесі  ережелерді 
сақтауды талап етеді: 
студенттердің 
жас 
ерекшелік 
және 
білімділік 
мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  олардың  ӛз  бетімен 
жұмыстарының кӛлемі мен күрделілігін анықтау; 
студенттерге  ӛз  бетімен  жұмыстың  алуан  түрлерін 
ұсыну; 
студенттерге  ӛз  бетімен  жұмыс  тәсілдерін  меңгеруге 
кӛмектесу; 
студенттердің ӛз бетімен жұмысының барысын үздіксіз 
бақылау. 


 
Оқытудың 
кәсіби 
бағыттылығы 
принципі. 
Жоғары мектеп үшін  аталған  принцип ерекше маңызға 
ие.  Оның  мәні  сонда,  оқу  орындағы  барлық  оқу  пәндері 
барынша  болашақ  мамандыққа 
жақын  болу 
керек; 
оқытушылар  сабақ  беру  барысында  студенттердің  кәсіби 
маңызды  сапалары  мен  қабілеттерін  дамытуға  ерекше  назар 
аудару маңызды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет