Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік


Білім  беру  сапасын  бағалаудың  ұлттық  жүйесі



Pdf көрінісі
бет56/68
Дата15.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#68600
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68
Байланысты:
Igibaeva pedagogika
ОШ СОр Физика 7кл каз
Білім  беру  сапасын  бағалаудың  ұлттық  жүйесі  –  білім  беру 
сапасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарына,  жеке 
адамның,  қоғам  мен  мемлекеттің  қажеттіліктеріне  сәйкестігін  белгілеудің 
институционалдық  құрылымдары,  рәсімдері,  нысандары  мен  әдістерінің 
жиынтығы. 
Білім  беру  туралы  құжаттарды  нострификациялау  -  басқа 
мемлекеттерде,  халықаралық  немесе  шетелдік  оқу  орындарында  (олардың 
филиалдарында) 
білім 
алған 
адамдарға 
берілген 
құжаттардың 
баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. 
Білім  беру  ұйымдарын  аккредиттеу  –  білім  беру  қызметтерінің 
сапасы  туралы  объективті  ақпарат  беру  және  оны  жетілдірудің  тиімді 
тетіктерінің  бар  екенін  растау  мақсатында  аккредиттеу  органының олардың 
белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану рәсімі. 
Білім  беру  ұйымдарын  мемлекеттік  аттестаттay  -  білім  беру 
ұйымдары кӛрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім.  
Дидактика  -  білім  беру  мен  оқыту  мәселелерін  зерттейтін  оқыту 
теориясы,  педагогика  ғылымның  саласы.  Дидактиканың  зерттеу пәні  -  оқыту 
мен  оқытудың  барысы,  нәтижелері.  Дидактика  жалпы  орта  білім  беру 
тұжырымдамасы, үздіксіз  халыққа білім  беру жүйесі  және  т.б.  проблемаларды 
зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет