Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік


  Қазақстанның Болон процесіне қосылуы



Pdf көрінісі
бет10/68
Дата15.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#68600
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
Байланысты:
Igibaeva pedagogika

2.3  Қазақстанның Болон процесіне қосылуы 
Болон  процесінің  толыққанды  қатысушысы  болып  2010  жылдың  11 
наурызында  Қазақстан  Болон  декларациясына  қол  қойды.  Қазақстанның 
Болон процесіне қатысуының негізгі мақсаты  - европа біліміне қолжеткізуді 
кеңейту және оның сапасын кӛтеру. 
Қазақстанның  Болон  процесіне  қатысуының  негізгі  мақсаты  – 
еуропалық  білім  беруге  қол  жетімдігін  кеңейту,  отандық  білім  сапасын  ары 
қарай  жоғарылату,  жоғары  білімнің  тиісінше  сатыларын  енгізу  және 
кредиттер  жүйесін  қолдану,  отандық  жоғары  оқу  орындарын  бітірген 
түлектерге  жалпы  еуропалық  диплом  қосымшасын беру  арқылы  студенттер 
мен оқытушылық құрамның академиялық икемділігін жоғарылату. 
Болон  процесіне  қосылу  Қазақстанның  жоғары  мектебінің  дамуының 
негізгі  бағыттары  мен  артықшылығын  анықтады.  Әлемдік  білім  кеңістігіне 
ену  ұлттың  зияткерлік  потенциалы  мен  бәсеке  қабілеттілігі  қарқынды  түрде 
ӛсуіне себепкер болады. 
Қазақстан ӛзіне алған міндеттемелері бойынша 2020 жылға дейін келесі 
іс-шаралар  атқарылуы  тиіс:  «ашықтылықты»  қамтамасыз  ету, біртипті  білім 
циклдерін кең ауқымды тарату арқасында барынша жоғары түрде салыстыру, 
бірыңғай  білім  несиелерінің  жүйесін  енгізу,  алынып  отырған  біліктілікті 
арттыру  мамандықтарының  бекітілген  қалыптарының  бірдей  болып  келуі 
және  екіжақтылығын  қабылдау,  мамандардың  білім  сапасын  қамтамасыз 
ететін дамыған құрылымдарды құру және т.б. 
Болон  декларациясы  барлыгына  түсінікті  және  бір-бірімен  сәйес 
келетін  академиялық  дәрежелерді  бекітті,  ол  дәрежеге  дейінгі  және 
дәрежеден  кейінгі.  Осыған  байланысты  Қазақстан  2004  жылдан  бастап 
жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру құрылымын енгізді: бакалавриат-
магистратура-докторантура (PhD). Бұл құрылым 2007 жылдың 27 шілдесінде 
қабылданған  «Білім  беру  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңында 
бекітілді. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстанның  жоғары  білім  жүйесінің  Болон  процесіне 
қатысушы мемлекеттердің білім жүйесіне барынша ұқсас, жақын болып келуі 
бойынша айтарлықтай үлкен жұмыс атқарылуда. 


1997  жылғы  Лиссабон  конвенциясының  және  1999  жылғы  Болон 
декларациясының  ереже,  талаптарына  сәйкес  2003-2004  оқу  жылдарынан 
бастап  Қазақстанның  бір  қатар  жоғары  оқу  орындарында  кредиттік  оқу 
жүйесі  енгізілді.  Қазақстан  Республикасы  жоғары  білім  беру  саласына 
кредиттік  оқу  жүйесін  енгізудің  басты  мақсаты  ұлттық  білім  беру  жүйесін 
әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  тереңдеп  енгізу  және  ҚР  оқу  орындарын 
бітіріп шығушы мамандардың алған дипломдарын әлемдік еңбек нарығында 
ешқандай шектеусіз қолдануға болатынына қол жеткізу. 
Кредиттік оқу жүйесінің негізгі бағыттары: - жоғары оқу орындарының 
классикалық  дәстүрлерін  сақтай  отырып  жоғары  сапалы  білім  беру:  алған 
білімнің  іргелілігі,  жүйелілігі,  білім  беру  үрдісінің  сабақтастығы,  оқу 
жоспарлары  мен  оқу  бағдарламаларын  таңдауға  мүмкіндік  беретін  кӛп 
нұсқалылығы;  -  басқа  білім  беру  мекемелерімен  білім  беру  нәтижесін 
салыстырып, оның жақсы нәтижелерін бірлесе мойындай отырып іске асыру 
үрдісіне енгізуге қол жеткізу; 
- білім алудың сабақтастығына үнемі қолдау жасап отыру; 
- білім берудің тұлғаландырылған (жеке тұлғамен тікелей жұмыс істеу) 
қағидасын жүзеге асыру; 
- студеттердің ілімді жылдам қабылдауға қалыптасуына қол жеткізу. 
Қазақстанның  Болон  процесіне  қосылуы  қазақстандық  білім  беру 
бағдарламаларының 
танылуын, 
студенттер 
мен 
оқытушылардың 
академиялық  икемділігін,  отандық  дипломдардың  еуропалық  аймақта 
мойындалуын,  отандық  түлектердің  кез-келген  елде  жұмысқа  орналасуын 
қамтамасыз етеді. 
«Академиялық  икемділіктің»  дәстүрлі  шетелдік  іссапарлардан 
айырмашылығы біріншіден,  студенттер  шектеулі  болса  да ұзақ  мерзімдерге, 
яғни  бір  семетсрден  бір  жылға  дейінгі  мерзімге  барады,  екіншіден,  ондай 
тағылымдама кезінде олар тек тілді емес, толыққанды сабақ оқып мамандық 
бойынша  білім  мен  біліктерді  меңгереді,  ол  жерде  меңгерілген  кредиттер 
оған отандық ӛзі түскен оқу орнындағы оқу жүктемесіне енгізіліп есептеледі.  
Қазақстанның  Болон  процесіне  қосылуы  қазақстандық  университеттер 
үшін  екі  дипломдық  білім  беру,  академиялық  курстарды  ӛзара  тану, 
халықаралық  аккредитация  сияқты  және  т.с.с.  бірлескен  білім  беру 
жобаларын жүзеге асыру үшін зор мүмкіндіктер ашады.  
Білім  берудегі  сәйкестілік  келесі  мақсаттарды  жүзеге  асыруға  жағдай 
жасайды:  

оқу  үрдісінің  барлық  негізгі  элементтері  келісілген  оқу 
бағдарламаларын  қалыптастыру  (оқу  жоспары,  оқыту  мен  бағалау  әдістері, 
курстар мен оқытушыларға қойылатын талаптар); 
-  серіктестіктің  барлық  мүшелерімен,  серіктес-университетте  оқыту 
нәтижелерінің  автоматты  түрде  танылуы,  ол  білім  беру  үрдісіне  икемділік 
элементін енгізудің негізгі кепілдігі болып табылады; 
-  бағдарламаны басқарудың  жалпы органын  құру; оқуды  аяқтаған соң 
қатысушы-университеттердің  бірлескен  дипломын  (бағдарлама  мүшелері 
атынан)  немесе  дипломдарын  беру.  Бұл  бағдарламалар  ӛздерінің 


қатысушылары  тарапынан  ұзақ  мерзімді  қызығушылық  тудырады.  Себебі, 
олар  студенттерге  шетелде  қосымша  академиялық  және  мәдени  тәжірибе 
жинақтауға мүмкіндік берсе, жоғары оқу орындарына  -  ынтымақтастықтың 
жаңа мүмкіндігін және ӛз әлеуетін кеңейтуге жағдай жасайды.  
Қазіргі  уақытта  екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламасы  еліміздің  37 
жоғары  оқу  орнында  іске  асуда  және  келесі  жоғары  оқу  орнында  түлектер 
шығарылды. 
 
Кесте  3.  Елімізде  екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламасының  жүзеге 
асуы 
 
№ 
Отандық  жоғары  оқу 
орны 
Шетелдік  серіктес 
жоғары оқу орны 
Мамандық  
Түлектер 
саны 

Л.Гумилев 
атындағы 
Еуразиялық 
ұлттық 
университеті 
Нью-Мексика 
(АҚШ) 
Университеті  
Экология 
31 адам 

Қ.Сәтпаев 
атындағы 
Қазақ 
ұлттық 
техникалық 
университеті 
Кипрдағы 
Гирн 
қаласындағы 
Американ 
университеті 
Экономика  және 
Ақпараттық 
жүйелер 
6 адам 

Қазақ 
экономика, 
менеджмент 
және 
болжау институты 
Сан-Франциско 
(АҚШ) 
Университеті 
Экономика 
бойынша 
магистерлік 
бағдарлама 
2 адам 

С.Сейфуллин  атындағы 
Қазақ  агротехникалық 
университеті 
Германияның  
Вайенштефан 
қолданбалы 
ғылымдар 
университеті 
Аграрлық 
менеджмент 
мамандығы 
бойынша 
магистрлық 
бағдарлама 
2 адам 

Халықаралық 
бизнес 
университеті 
Мәскеу 
халықаралық 
бизнестің  жоғары 
мектебі 
МBA магистерлік 
бағдарламасы 
72 адам 
 
Шетелдік  университеттермен  бірлескен  екі  дипломды  білім  беру 
бағдарламасын  жүзеге  асыру  арқылы  жоғары  білім  туралы  қазақстандық 
дипломдардың  халықаралық  деңгейде  танылуы,  отандық  университеттердің 
халықаралық  рейтингтерге  енуі  және  т.б.  білім  беру  жобаларына  қатысуы 
міндеттері шешілетін болады. 
Соңғы  жылдары  еуропалық  елдердің  тәжірибелері  зерттелді  және  ең 
маңызды және жағымды үрдістер отандық тәжірибеге бейімделіп енгізілді. 
Республикамыздың жоғары оқу орындарын Болон процесіне кең  тарту 
мақсатында  еліміздің  Білім  және  ғылым  министрлігі  жыл  сайын  кредиттік 
оқыту технологиясы бойынша халықаралық және республикалық семинарлар 
ӛткізуде.  


2007 жылдың мамыр айында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік 
университетінде,  2008  жылдың  маусым  және  қараша  айларында  Қазақ 
ұлттық  аграрлық  университеті  және  Есенов  атындағы  Каспий  мемлекеттік 
технология  мен  инжиниринг  университетінде  жоғары  оқу  орындарында 
кредиттік оқыту жүйесін енгізу бойынша халықаралық семинарлар ӛтті.  
Аталған 
семинарлар 
жұмысы 
шеңберінде 
Қазақстанның, 
Тәжікстанның,  Қырғызстан  мен  Әзірбайжанның  60  жетекші  университеті 
Қазақстанның  Болон  процесіне  енуіне  негіз  болып  тұрған  Қазақстан 
Республикасының  Университеттер  Меморандумына  (Тараз  Декларациясы) 
қол  қойды.  Сӛйтіп  жоғары  білімнің  Орталық-Азиялық  аймағының 
құрылуына негіз қаланды. 
Қазақстаның Болон  процесіне  қосылуы  тарихи оқиға  болып  табылады 
және жоғары кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін модернизациялауға жаңа 
серпін  берді.  Ынтымақтастық  және  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне 
интеграциялану  – бұл  Қазақстанның саясатының  негізгі  аспектілерінің  және 
елдік сыртқы саясаты дамуының бірі болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет