Тапсырмалар:
1. Келесі ұғымдардың глоссарийін жасаңыз: жоғары білім, білім беру
кеңістігі, білім сапасы, глобализация, парадигма, тұжырымдама,
модернизация.
2. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-
құқықтық құжаттар, мемлекеттік бағдарламалармен танысып, еліміздің
жоғары білім беру жүйесіндегі реформаларды талдаңыз, олардың жағымды
және жағымсыз әсерлерін сараптаңыз.
3. Келесі тақырыптар бойынша баяндама әзірлеңіз:
- «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің қазіргі
даму жағдайы: мәселелері мен болашағы»;
- «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру туралы заңнамасы»;
- «Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде»;
- «Жоғары білім берудің қазіргі модельдері»;
- «Жоғары білім беру саласында мемлекеттік саясат принциптері»;
- «Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігін қалыптастыру
міндеттері, қағидалары және кезеңдері»;
- «Тараз декларациясы және отандық жоғары білім жүйесіндегі
интеграциялық үрдістер»;
-
«Жаһандану жағдайындағы білім беру: уақыт талаптарын
қанағаттандыруға бағытталған ізденістер».
4. Еліміздегі жоғары оқу орындарының жаңа типтеріне (инновациялық,
зерттеу және т.б.) сипаттама жасаңыз.
5. Қазақстанның Болон процесінің ӛлшемдерін (негізгі, факультативтік,
ұсынбалы) жүзеге асыру дәрежесін сараптаңыз: барысы, жетістіктері,
проблемалары мен болашақ жоспарлары.
|