Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындығЫ



бет2/4
Дата17.12.2016
өлшемі1,79 Mb.
#4070
1   2   3   4

Шығармашылық тапсырмалар.Ырғақты би қимылдары, сабақтың тақырыбына байланысты сүреттер салу көбінесе 1-2 сыныптарда қолданылады. 2- сыныптан бастап берілген тақырыпқа суырып – салмалық ойнайды. 1 – сыныпта жұмбақтар шешсе, келесі сыныптарда ребустар шешеді, берілген тақырыпқа шығармалар жазады. «Ізденгіш тапсырмалар», «проблемалық ситуациялар» тудыратын сабақтар оқушыларға алған біліміне тиянақтылықпен қарауға үйретеді.

Жергілікті жердің жағдайына және өмір сүріп жатқан жердің еркшеліктеріне байланысты, ұлттық дәстүрлеріне сәйкес мұғалім білім беру ережелерін ескере отырып, сабақтың мазмұнына түрлі өзгерістер енгізуіне болады.

Осы бағдарламаның тиімділігін авторлар (Құлманова Ш. Б.,Оразалиева М.А, Сулейменова Б.Р.) сегіз жыл бойы эксперименттік байқаудан өткізген.

2.2 «Музыка бағдарламасы. 5-6 сыныптар


Музыка пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама (5-6 сыныптар). Авторлары: Ж.Ж.Еңсепов, Ж.К.Мейірова, А.А.Саильянц.

Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін, оларға көне дәуірден келе жатқан музыкалық, аспаптық шығармаларды, ән, терме, күй, жыр, айтыс, өлеңдерді үйретіп, халықтың қасиетті рухымен суару абзал.

Аймақтық мектептердің жергілікті ерекшелігінде дамыған музыка үлгілерін тыңдап, орындап, үйрену, аспапты меңгеру арқылы оқушылар өнер рухынан нәр алады. Осының өзі олардың жаны жайсаң, жүрегі жылы, абзал азамат болып өсуіне септігін тигізеді.

Музыка пәні бойынша 5 – 6 сыныптарға арналған бағдарламаның өзіндік ерекшілігі бар. Өйткені бұл бағдарламада ұлтты қ айшықтар мен ата-баба салттарындағы үрдістерді, бұрын көп қайталанбаған ең озық өнер үлгілерін қазіргі ұрпақ рухымен орайластырудың тәсілдерін түсіндірген.

Бағдарлама оқушылардың ән айтып, күй тартып, би билеп, өнердің сан-саласына машықтануына бағдар беріп, жол сілтейді.

Сөйтіп,оқушылар өнердің бабалар салған ұлы мектебінен өткен халықтық өнерді қазіргі заманның ең озық музыкалық үлгісімен сабақтастырады. Қорқыт, Әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари, ибн Сина, Құтбұға, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Бұқар жырау, Махамбет, Құрманғазы, Тәттімбет, Базар жырау, Абылай, Абай, Шәкерім, Ақан, Біржан, Мұхит, Нұртуған, Ахмет, т.б. бастау алған ұлттық музыка өнерінің қазіргі ұрпақтың озық өнерімен жалғасып жатқанын аңғаратын болады.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі сахналық үлгіні, музыка саласындағы түрлі жанрларды, табиғаттағы көріністерді, ұлттық аймақтық ерекшеліктегі музыка мектептерін айырып білуіне жетелейді.

Музыка арқылы жас ұрпаққа тәрбие беруде мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:



  • Адамның жан дүниесін түсінуге.

  • Жақсы мен жаманды айыруға.

  • Оқиғаның алдын түсініп біл

- Жамандықтан жиренуге.

  • Нәзік үндерді қабылдап, бойына сіңіруге икемдеп, адамгершілік қасиетін жоғары ұстауға жетелейді.

Сондықтан Әл – Фараби: «Бұл ғылымның (яғни музыканың) өзінің байсалдылығынан айрылған адамдарды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды әр уақытта да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді», - деген екен.
2.3 «Елім-ай» бағдарламасы
«Елім – ай» ән – күй сабағының бағдарламасына түсініктеме. Авторы Балтабаев М.Х.

«Елім – ай» бағдарламасының мақсаты – оқушылардың бойына ұлттық музыка мұраларының түрлері – айтыс, жыр, мақал – мәтелдер, ою - өрнектер,

халық билері туралы түсініктерін тереңдетіп, рухани мәдениетіміздің маңызды ажырамас бөлігі – музыкалық мәдениетті қалыптастыру.

Бағдарлама өзінің алдына төмендегідей міндеттерді қояды:

1) Оқушылардың музыка сабақтарына құштар қатынасын, өнермен қарым қатнаста саналы, терең ойланатын, сипаты жағынан музыка өнеріне ашық, жарқын көңіл күйінің сезімін, қызығуын тәрбиелеу.Бұл міндет, ең алдымен бағдарламадағы халықтық шығармашылыққа негізделген, көркемдік жағынан жоғары, балаларға қызықты репертуарды енгізу арқылы шешілді.

2) Оқушылардың жоғары көркемді талғамын, өнер шығармаларын тек көңіл күйі сезімімен қабылдауға ғана емес, бағалауға мүмкіндік беретін, оларда бейнеленген түрлі құбылыстарды салыстыруға, музыкалық шығармаларды сипатына, стилі, жанры және дәуіріне қарай түсінуін тәрбиелеу. Бұл міндет ең алдымен өзегі қазақ музыкасының ерекше табиғатын бейнелейтін білім болып табылатын бағдарламалардың белгілі бір логикалық құрылымы арқылы жүзеге асыру керек. Бұл жерде оқушылар музыка оның өмірімен және басқа да өнер салаларымен байланысы жөнінде шешуші білім алады.

Әлбетте, халық музыкасын тану арқылы оқушылар өзге халықтың музыкасына тән жалпы сипаттағы мәліметтерден де хабардар болады.

3) Оқушылардың музыкалық өнермен қарым – қатынасындағы түрлі тәжірибелік тәсілдерін игеру іскерлігін қалыптастыру. Бұл жерде тағы да әр түрлі ұлт мектебіне тән жалпы іскерлікпен және дағдылармен қатар қазақтың музыка мәдениетіне тән дағды мен іскерліктерді қалыптастыру керек болып отыр. Мысалы, бұған қазақтың халық музыкасын орындағанда вокалдық дауыс ырғағын игеру, ұлттық этникалық қабылдау және бейімділікке тән нәрсені еске түсіретін арнайы қабылдау енеді. Сондай – ақ оқушылар қабілетін дамытудағы түрлі өнер саласының қызметі де ескеріледі. Көркем бейнелерді қабылдау негізі музыка болып табылатын өнердің әр түрлері интеграциялау нәтижесінде жүзеге асады. Бұл оқушылардың түрлі әрекет барысындағы белсенді шығармашылық даму мүмкіндігінің болуын талап етеді.

4) Музыка сабағында оқушылардың музыкалық – шығармашылық дағдыларын дамыту. Бұл жерде жоғарыда көрсетілген музыкалық тәрбие білім беру және дамытудың негізгі міндеттеріндегі сияқты жалпы ерекшенің диалектикалық өзара байланысы көрінеді. Жалпылық ретінде музыканы құрудағы оны орындау және тыңдаудағы музыкалық –шығармашылық даму түрлерін құрылымдылық жағынан қарау болып табылады. Негізгі маңызды міндет қазақ музыкасының классикалық мұрасында жүзеге асқан балалардың нәзік кең өрісті сезім мен тебіреністі қабылдау қабілетін дамыту болып табылады.

«Елім-ай» бағдарламасының тоқсандық таққырыптары былайша бөлінді:



  • 1 –тоқсан – «Сарыарқа»,

  • 2- тоқсан – «Тұлпар»,

  • 3 – тоқсан – «Аққу»,

  • 4 – тоқсан - «Елім – ай».

«Елім – ай» бағдарламасында тарихи тақырыпқа арналған халқымыздың музыкалық фольклоры кең пайдаланылған. Бұған жататындар көбінесе – аспаптық шығамалар. Бәрімізге белгілі қазақтар аспаптық шығармаларда халық тағдырының келелі кезеңдерін үлкен көркемдік шеберлікпен бейнелеген. Бағдарламаға енген « Ақсақ құлан», «Ел айрылған», «Он алтыншы жыл», т.б. күйлерде өткен дәуірдегі халқымыздың ой санасын, көркемдік- образдың шеберліктерін көреміз, моральдық- этникалық кескін келбетін аңғарамыз.

Ал, екінші тоқсандағы «Тұлпар» тақырыбында оқушылар «Сырым сазы», «Кішкентай», «Саранжап» т.б. күйлерден халқымыздың күресін, батырлығын көреді.

Басқа халықтар сияқты қазақ халқының кең тараған жанры - ән. «Бозторғай», «Маңмаңгер», «Япырай», «Өсиет» т.б. әндерінде кең даланы, табиғат әсемдігін, махаббатты бейнелеген.

Бірінші, үшінші тоқсан тақырыбына лирикалық сюжеттегі күйлер еніп, ондахалықтың өмірі, өнерге, музыкаға деген көзқарасы, адам сезімі терең бейнеленген («Аққу», «Бұлбұл»).

Халық өнерінің тәрбиелік әсері фольклордың «қолданбалы» саласында да (киіз басу, кілем тоқу, т.б.) орын алып, балалардың көркемдік қажеттілігін күшейтіп отырды. Бұл сала еңбек әндерінің тууына себеп болды.

Бұл бағдарламаны фольклордың басқа да маетриалдарымен тереңдетуге болады (ертегі, жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ойын т.б.).

Ең бастысы, мәселе халық фольклорының синкреттік табиғатын жоғалтпай, әр тақырыпқа өткен сайын, халық дәстүрлердің, фольклордық материалдардың жалпы эстетикалық мәнін ашып, оқушыларға жеткізіп отыру.
2.4 «Мұрагер» бағдарламасы. Авторлары: А. Райымбергенов, С.Райымбергенова, Ұ.Байбосынова
«Мұрагер» атты бағдарлама ән – күй пәні бойынша қазақ орта мектебінің 1 -9 сыныптарына арналған. Бағдарламаның негізгі мақсаты - өзінің тілін, дінін, дәстүрін, өнерін, әдет – ғұрыптарын біліп, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз елін туған жерін, ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу.

Бағдарлама төмендегідей педагогикалық міндеттерді көздейді:



  1. домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартуды үйрету, жыраулық дәстүр, айтыс өнерін меңгеріп батыс Европа және Шығыс музыка өнерінің дәстүрлерімен танысу.

  2. қазақтың кейбір қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой жүйесін қалыптастыру.

  3. балалардың шығармашылық ынтасын, ой өрісін, қиялын дамыту.

  4. дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, мәдениетті, жан – жақты дамыған адам етіп шығару.

Бағдарламаның басты темірқазығы – балаларға домбыра үйрету арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Домбыра үйрету барысында біз халықтық музыка педагогикасына арқа сүйедік. Ол домбыра қағыстарын көзбен көріп, сөз иірімдерін құлақпен ілу сияқты домбыраны нотасыз үйрету әдістемесіне негізделген. Сонымен қатар, дәстүрлі ортада шәкірт ұзтазына еріп жүріп, жекеше түрде дайындалып, соңына еріп батасын алған. Ал бала саны жиырмадан асатын сыныпта бұл методикамен жұмыс істеу өте қиын. Сондықтан « Мұрагер» бағдарламасы балалардың санына қарамай кез келген сыныпта қолдана беруге болатын, коллективті түрде нотасыз домбыра тартып үйретудің әдістемесін ұсынады. Бұл арада біздің бағдарламамыз қазақтың, дәстүрлі педагогикасын және Европаның ең озық әдістемелік үлгілерін бойына сіңірді.

Ән – күй дәстүрлеріміздің жалпы халықтық мәдениетіміздің бір саласы болғандықтан, бағдарламада басқа да халық көркем - өнер мұраларымыздың ішінде тек қана домбыра тартуды толығырақ меңгеруге көмектесетін түрлері іріктелініп алынды.

Қазақтың ою- өрнектерінің, символдық мазмұнын білу арқылы балалар күйдің саз иірімінің сұлулығын көбірек аша түссе, күйдің тарихын білу арқылы халқының тарихын тереңірек түсінеді. Сонымен қатар аспаптық саз өнеріміз аңыз - әңгімелерімен, көне мифологиямен, ауызша поэтикалық дәстүрімен астасып жатыр.Қысқасы ән – күй пәні музыка, ауызша поэтикалық, көркемөнер, қолөнер түрлерінің басы тоғысқан интеграцияланған комплексті пән болуы тиіс.

«Мұрагер» бағдарламасы – тоғыз жылдық білім берудің тізбекті біртұстас курсы. Бастапқы сыныпта алған білім жылма – жыл қайталанып, толықтырылып, дамытылып отырады.Мысалы, домбыра тартудың ең қарапайым жаттығуларынан бастап, жеңіл әндер мен күйлер үйреніп, репертуарды жылма – жыл байыта, күрделендіре түсудің арқасында күйдің композициялық құрылысын түсініп, аяғында өз жанынан өлең ұйқастырып, бір – бірімен қағыспа түрінде айтысуға дейін жетіп, жыраулардың үлгісімен өз толғауларын шығаруға дейін жетеді.

Домбыраға репертуар таңдау барысында балалардың ойнап үйренуіне жеңіл болуымен қатар, ел арасында кеңінен танымал халықтың сүйіп тыңдайтын ән-күйлері іріктеліп алынды.

«Мұрагер» бағдарламасында қазақтың ұлттық өнерімен қатар, Европа мәдениеті оның ішінде әлемге тараған опера, симфония, балет жанрлары терең түрде талданды. Ол жанрлардың пайда болуы туралы мәліметтер мен Европа саз аспаптары туралы қызғылықты әңгімелер баяндалады. Сонымен қатар Шығыс музыкасы мен Түркі мәдениетіне кең орын берілген. Бағдарламаның ең соңғы бөлімінде қазақ музыкасын басқа Европа елдерінің музыка мәдениетімен салыстыра келе, саз өнерінің өміріндегі алатын орны айқындалады.

Қысқасы, музыканы тек қана құлақпен тыңдап, көркемдік бұйымдарды тек қана көзбен көріп, тамашалау арқылы өнерге баулуға болмайды. Біздің бүлдіршіндеріміз халық өнерінің шынайы мұрагерлері болуы керек. Асыл өнерді өз қолымен жасай алатын адам ғана ата – бабадан қалған мұраны көбейтіп, байытып келесі ұрпаққа жеткізе алады.

Домбырада үйренетін әндер мен күйлердің

тізімі.

1 – сынып - халық әні « Еркем- ай»



2 - сынып - халық күйі « Келіншек»

- халық әні « Қалаулым»

- халық әні «Гүлдерайым»

3 – сынып - халық әні «Сәулем-ай»

- халық күйі « Салкүрең»

- халық әні « Жар – жар»

4 – сынып - Қазанғап. «Шынаяқ»

- Базар жырау. «Терме»

- Жаяу – Мұса. « Ақсиса»

5 – сынып - Айтыс әуені

- халық әні «Құралай»

- халық күйі « Кеңес»

- Құрманғазы. « Балбырауын»

6 – сынып - Тұрмағамбет. « Тәлім»

- « Толғау сазы»

- Нұрым. «Толғау»

- Нұртуған. « Қанекей тілім сөйлеші»

7 – сынып - Қазанғап. « Көкіл»

- А.Райымбергенов. « Секіртпе»

- Сүгір. « Ыңғай төк»

8 – сынып - халық күйі « Қарасай»

- Тәттімбет. « Сылқылдақ»

- Қазанғап. « Құс қайтару»

- Дәулеткерей. « Көрғұлы»

9 - сынып - Құрманғазы. « Адай»

- М.Аубакіров. « Наркескен»

- Дина. « Науайы»

- Темірбек. « Шернияз».

2.5 12 жылдық білім берудің бастауыш мектебіне арналған «Музыка» пәні бойынша бағдарламаның негізгі ережелері
Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 12 жылдық білім беру проблемалары РҒПО бастауыш мектептің «Музыка» пәні бойынша балама бағдарлама дайындалды. РҒПО директоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Е. Әбілқасымова, бағдарламаның ғылыми жетекшісі профессор Ә.И. Мұхамбетова. Бағдарлама авторлары: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҒУ оқытушылары өнертану ғылымдарының кандидаты Ғ.Т. Әлпейісова, педагогика ғылымдарының кандидаты Қ.Қ. Досанова, Ж.Т. Мұхамеджанова, Астана қаласының №37 орта мектебінің мұғалімі Ғ.М. Сәбитов.

Жалпы білім беретін қазіргі мектептердің музыка сабағы фольклордағы, әуесқойлық өнердегі және кәсіби шығармадағы қазақ музыкалық тіл негізінде қызмет атқаратын музыкалық білім, біліктілік және дағдыны тұтас қалыптастыруы керек. Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар, сол сияқты әр халықтың музыкалық тілінде өзіне тән ерекшелігі болады. Ұлттық музыкалық тілдің әрбәр элементтерінде ұлттық сипатты қалыптастырып, басқару заңдылығы музыкалық ойлаудың ұлттық ерекшеліктерін айқындайды. Қазақ музыкалық тілінің негізінде оқушылардың оқу-тыңдау жұмыстарын реттеу қазақ музыкалық шығармаларын мақсатты түрде тыңдау қабілетін қалыптастыруға қызмет етеді.

«Музыка» пәнінің балаларды музыкамен тәрбиелеуде қалыптасқан дәстүрі бар. Қолданыста жүрген бағдарламалардың көпшілігі қазақ музыкалық тілін ьілу мәселесін шешпесе де, тыңдау, ән айту, музыкаландыру арқылы дәстүрлі қазақ музыкасымен таныстыруды қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламаның мақсаты логикалық-құрылымдық заңдылық жүйе тұрғысынан қазақ музыкалық тілін үйлесім әдісімен қазақ ән ырғағын типтік әуе тұжырым (мелоформула) негізінде қазақтың өлеңдік құрылымының ерекшелігіне байланысты әдістерімен, қазақ тілінде түсінушілік әдістерімен, қазақ күйлерін тыңдау арқылы меңгеру әдістемелерін практикалық жағынан меңгеру болып табылады.

Бұл бағдарлама қазақ музыкалық мәдениетін үйлесім, ырғақ, композиция, жанр, стиль тұрғысында отандық музыкатанушылардың, қазақстандық әдіскерлердің (М.Х. балтбаев, Р.Р. Жәрдемәлиева, Ш.Б. құлманова, С.А. Еле манова, А.Райымбергенов) зерттеулері негізінде жасалған.

Егер тыңдалған музыка оқушылардың терең талғамын, ұғымды меңгерген жағдайда интонациалық «генофонд» пен көркемдік бейне ойлауды қалыптастырса ғана, қазақ музыка мәдениетінің негізін меңгеру өзінің эстетикалық, білімдік және тәрбиелік ролін атқаруға қабілетті болып есептеледі.

Басты мақсаты – дәстүрлі халық музыкасы мен қазіргі музыкалық шығармашылықтағы қазақтың музыкалық тілінің негіздерін қалыптастыру. Қазақың ұлттық музыка тілін түсіну арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, жан-жақты дамыған, музыка өнерін, Отанын, отбасын сүйетін және түркі тілдес халықтардың музыка тілін түсінетін тұлға тәрбиелеу.

Бағдарлама білім берудің мына төмендегі негізгі мақсаттарын жүзеге асырады:

Білімділік:



  • қазақтың музыка тілінің көркемдеші құралдары туралы білімді игерту;

  • дәстүрлі қазақ музыкасы және оның халық өмірімен байланысы, сондай-ақ қазақтың музыкалық салт-дәстүрі туралы білімін қалыптастыру;

  • қазіргі музыкадағы қазақтың музыкалық тілі туралы білімін кеңейту;

  • аспаптық музыка туралы, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен халық музыкасы туралы жүйеленген мәліметтер беру;

  • түркі халықтарының музыкалық өнерімен таныстыру;

  • қазақ музыкалық терминологиясының ұғымдарын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

  • қазақ халқының музыкасына музыкалық талғам мен табанды қызығушылықты қалыптастыру;

  • тыңдау мәдениеті мен музыканың бейнелі мазмұнын қабылдау қабілетін тәрбиелеу;

  • Отанына, туған жеріне, жан-жағындағы адамдар мен туған туыстарына деген махаббат пен сыйластыққа тәрбиелеу,

  • Азаматтық, Отан сүйгіштік, абыройлық, адамгершілік сияқты қасиеттерді жетілдіру.

Дамытушылық:

  • қазақтың музыкалық тілі туралы музыкалық танымын жүйелі түрде дамыту;

  • бейнелі ойлауын, қиялын, музыкалық есте сақтауын, музыкалық – шығармашылық қабілетін дамыту;

  • орындау мәдениетінің дағдыларын (ән айту, музыкаландыру, би қимылдары) дамыту.

Бастауыш мектепке арналған «Музыка» бағдарламасының мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделіп, қазақтың музыкалық тілінің негізін қалыптастыруға бағытталған. Осыдан барып музыка сабағының тақырыптық құрылымы келіп шығады. Бағдарлама мазмұнының бөлініп берілуі тақырыптық – концентрлік принциптерге бағындырылып, музыкалы-тілдік құралдың жиынтығы және музыкалық шығармалардың сыныптан сыныпқа дейін ауқымы кеңеюіне мүмкіндік туғызады.

Бірінші сыныпта музыкалық шығарманы танып, оның авторын айқындауға тапсырыс беріледі, ол кейінгі сыныптарда қайталанады да, тапсырманы орындау біртіндеп күрделене түседі.

Оқу пәнінің бірінші сыныптағы мазмұны алты жасар баланың жеке басының дамуын, оның музыкалық –шығармашылық қабілетін, музыканы қабылдауын, ән айтуды үйрету және қазақ музыка өнері негізінде «музыкалық сауаттылығын» жетілдіру сияқты кешенді міндеттерді шешуге бағытталған.

Қазақтың музыка тілі негізінде тәжірибелі кезеңмен жүйелі оқыту оқушыларды қазақ музыкасының қасиетін тануға дайындайды.

Екінші сыныпта қазақ музыка тілінің негізі қалыптасады, дәстүрлі музыка мәдениетінің әлеміне үңілу арқылы қазақ музыкасын танудың ауқымы кеңейеді.

Қазақ музыкасының тілі жайлы және қазақтың өлең шығаруының барлық теориялық мағлұматтар музыканы қабылдау, ән айту, музыкаландыру және музыкалық-дидактикалық ойындардың тәжірибелік жолдарымен меңгеріледі.

Музыкалық дүниелердің біртіндеп күрделенуі – үшінші сыныпқа тән құбылыс. Қазақ музыкасы тілінің элементтері туралы алғашқы білім музыкалық тілдің тұтастығын қабылдау негізінде күрделенеді. Кешенді міндеттер музыкалық шығарма тілінің көрнекі құралдарын, музыкалы-түйсікті танымын, музыкалық-шығармашылық қабілетін, бейнелі ойлауды одан әрі дамытуға бағытталған.

Төртінші сыныпта қазақ музыка тілінің элементтері тұтас музыкалы сөз ретінде қабылданады және меңгеріледі. Туыстас түркі халықтарының музыкасымен танысу барысында меңгерілетін музыкалық материалдар көлемі кеңейеді.

Осылайша дәстүрлі қазақ музыкасы жайлы білім қорын молайту, оның өмірмен, қоршаған ортамен және табиғатпен байланысын аңғару бастауыш мектептің негізігі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе қазақ музыкасы элементтері негізінде тұтас музыкалық тілді іс жүзінде меңгеруге ерекше көңіл бөлінеді.

3 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ – МУЗЫКА САБАҒЫ

3.1 Музыка сабағы туралы
Музыка сабағы - оқушының оқу-танымдық, рухани-танымдық қасиеттерін өсіруге арналған арнаулы сабақ. Басқа сабақтар сияқты, мұнда да оқу-тәрбие жұмысының негіздері: тапсырма беру, мазмұн-мағына, оқыту әдістемесі қолданылады. Әр сабақ өзінің ішкі логикасымен кұрылады. Сабақтың мақсаты - оқушылардың дайындық деңгейімен берілген тапсырманың, мағынаның, әдістеме мен оқыту түрінің сәйкестігімен орындалады. Алдымен сабақтын мақсаты мен мазмұнын анықтап алған ұстаз содан кейін оқытудың формасы мен әдістемесін таңдап алады. Бұл таңдау сабақтың түріне, мазмұндық ерекшелігіне қарай жүргізіледі. Музыка сабағы негізінен үш бөлімнен тұрады: ән үйрену, музыка таңдау, музыкалық сауатты ашу. Оқушылар - ұстаз - музыка - міне осы үш нәрсе сабақтың арқауын құрайды. Ұстаздың басты міндеті өзі құрған жоспарына сәйкес оқушыларға музыканың мағынасына, айтайын деген көркем ойына терең үңіліп, өмірдің музыка өнерімен байланыстылығын сезінуге, музыкалық білімнін негізін қабылдауға, шығармашылық үрдіске баулуға үйрету екенін тағы да атап өтпекпіз.

Ән-күй сабағының басты мақсаттары: оқушылардың музыка өнеріне деген практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыда дамыта білу, жеке бастың рухани негізін қалыптастыру болғандықтан ұстаздың адами-сезімдік қасиеті, адами тәжірибесі өте үлкен орын алатынын ұмытпаған жөн. Сабақ барысындағы тақырыптардың өзара байланыстылығы ұстаз шеберлігіне байланысты өрбиді. Бұл байланыстылық оку бағдарламасының мазмұндылығына, сабақ такырыптарына, музыкалық материалдарға, музыкалық оқытуда қолданылатын әдістемелік амалдарға байланысты іске асырылады. Осы айтылғандарды ескере отырып, сабақ барысындағы тақырыптық ауысулар музыкалық материалдың біртұтас мағынада жүруіне, оқушылардың музыка өнеріне деген жанды қатынасына негізделіп тұруы керек.

Ән-күй сабағын ұйымдастыру барысындағы негізгі мақсат, нақтылы бағдарлама арқылы, ұстаз қызметінің жүйелігі арнасында оқу-тәрбие ісінің көрнекті компоненттері бойынша іске асуға тиісті.

Музыка сабақтарының әр түрлі мағынадағы түрлері болады. Мысалы, жоспарланған тақырыпка кіріспе сабақтары, тақырыпты тереңдей оқыту сабақтары және тақырыпты бекіте, жан-жакты оқыту сабақтары болады. Сондай-ақ оку жылының тоқсандар соңында қорытынды мағынадағы концерт-сабақтар жоспарлануы өте кажет.

Кіріспе сабақтарда шығармаға деген кәсіби мінездеме, ойнап көрсету, тыңдап естірту сияқты амалдар колданылады. Мұндай сабақтар әр тоқсанда бір-екі рет өткізілгені дұрыс.

Кіріспе сабақтарда композитор-орындаушы-тындаушы тақырыптары барынша мол қаралуға тиісті. Тақырыпты тереңдете оқыту сабақтары төмендегідей мағынада кұрылады:


  1. Оқушылардың өмірлік және музыкалық тәжірибесін
    толықтыра жандандыру, дыбысты есту және сауаттылық
    дәрежесін көтеруге бағытталған тақырыптар.

  2. Өтіп жатқан тақырыптарды жан-жакты түсіндіруді,
    нақтылы музыка тыңдаумен ұштастыруды оқушылардың
    қызу араласуы негізінде жүргізу.

  3. Тақырыптарды бекіту, олар туралы оқушылар тү
    сінігін біліп, оларды түрлі әдістемелік әдістермен дамытып
    отыру.

Тақырыпты жан-жақты, бекіте окыту сабақтарында мазмұндық, мағыналық тұрғыдағы теориялық ұғымдар нақты мысалдармен көрсетіле оқытылады. Оқушылардың практикалық, теориялық білімдері сараланып, олардың алдыңғы сабақтардағы жетістіктері көрсетіледі.

Оку жылы барысындағы окушылар меңгерген музыка мәдениетінің көркемдік деңгейін жан-жақты көрсету үшін қорытынды концерт-сабақтар өткізіледі.

Мұндағы негізгі мақсаттар:

  1. Оқушылардың музыкаға деген қызығушылық деңгейін
    байқау, олардың сезім байлығын, көркемдік ойын тексеру.

  2. Орындаушылық деңгейді анықтау, репертуар жан-
    жақтылығын көрсету, музыкаға деген көзқарастардың даму
    дәрежесін білу.


  3. Оқушылар бойындағы шығармашылық үрдістерді
    байқау.

Бұл сабақ-концерттің салтанатты жағдайда, мектептің концерттік залында өткізілгені дұрыс, жағдайға байланысты бірнеше сыныптарды біріктіріп өткізуге де болады.

Концерттің басында ұстаздың өзі шығып, жиналып отырған ата-аналар мен мектеп ұстаздарына концерт мақсаты мен мағынасын түсіндіріп өткені орынды. Осы кезде оқушылардың үй тапсырмасын орындау барысы туралы да айтып өткені дүрыс.

Мұның өзі ата-аналардың пікір білдіруіне мүмкіндік береді.

Концерт-сабақтың белгіленген жоспары, айқындалған логикасы болуға тиісті. Орындалатын әндер мен күйлердің әр түрлі болуын қадағалау керек. Концерт қызықты болуы үшін ата-аналардың да қосылып ән айтып кетуін жоспарлаған өте тиімді. Осы сабақта ұстаздың өзі де өнер көрсетіп, жоғары кәсіби дәреже көрсетсе, нұр үстіне нұр болары анық.

Музыка сабақтарын, ең алдымен, оқушылардың музыкамен қарым-қатынасы деп қарау керек. Ұстаздың басты көңілі осында тұру керек. Музыканы тыңдап, қабылдауды үйрету, сабақтардың формалары мен әдістемелік амалдардың дұрыс қолданылуын үнемі дамытып, жетілдіріп отыру ұстаздық тәжірибенің үлесіне тиеді.

Ұстаз жетістігі, қызметінің шығармашылық деңгейі оның оқушылармен құрған сезімдік-рухани байланысы арқылы көрінеді. Осы тұрғыда оның алға қойған жоспары, тәрбиелік мақсаттары, көркемдік-кәсіби дәрежесі бағаланады, еңбегі көрінеді. Оқушыға берілуге тиісті музыкалық білім мен ұлттык, адами, рухани үрдістер өз жемісін сонда ғана көрсете алады.

Республикамыздағы білім беру жүмысының және ұлтты тәрбиенің басты мақсаты да осыны көздейді.


3.2 Музыкалық тәрбиенің негізгі бағыттары
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі музыка пәнінің аса қажеттігі күннен-күнге артып келе жатқаны анық. Елімізде жаңа құрылымды колледж, лицей, гимназиялардың көптеп ашылып жатқаны және олардағы мектептен тыс жүретін эстетикалық жүйелердің жаңа типті үрдістерінің қалыптасуы, әсіресе музыкалық тәрбиенің нақтылы әдістемелік нұсқауларын талап етеді. Әрине осындай білім беру ісінің түпкілікті өзгерістерге ұшырауы, оқу жоспары мен бағдарламалық нұскауларды қайта жаңартуды көздейді. Музыкалық тәрбиенің негізгі бағыттары арнаулы "Музыка" оқулықтарында нақтылы ұсынылғанымен, оларға қосымша берілуге тиісті әдістемелік нұсқауларда тәрбиелік жұмыстың барлық түрлері жан-жақты қаралуға тиісті.

Әдістемеде көрсетілген жалпы білім беретін мектептерде музыкалық тәрбие мен теориялық материалдардың берілу жүйесі, сабақ беру әдістемесі бұрынғы кеңес дәуіріндегі типтік қалыптан мүлде өзгеше құрылғанын әр ұстаз жете түсінгені дұрыс.

Бүгінде Қазакстанда музыкалық тәрбие берудің өзіндік үрдісі қалыптасуда. Музыка пәнінің мазмұндық сипатын жетілдіру мақсатында түрлі эстетикалық бағдарламалар мен әдістемелер жарыққа шыкты. Тіпті көрнекті музыка қайраткері, композитор Д. Кабалевскийдің кең тараған музыкалық бағдарламасы да нақтылы қолдау тапқан жоқ. Өздеріңізге ұсынылып отырған осы бағдарламалық әдістемеде негізінен ұлттық репертуарға басты көңіл бөлінді. Себебі, қай халыкта болмасын жеке бастың калыптасуына әсіресе ұлттық өнердің басты әсер етуі дәлелденген.



Әдістеме мазмұнында түрлі бағдарламаларда ("Атамекен", "Елім-ай") келтірілген әдістік үлгілер ескерілді. Сонымен қатар мұнда музыкалық педагогиканың жаңа жетістіктеріне де баса назар аударылды. Музыка пәні ұстазының әдебиет пен музыканың, бейнелеу өнері мен ән өнерінің өзара байланысын барынша тұтас қарағаны жөн. Музыка пәнінің негізгі мақсаты оқушылардың музыкалық қабілетін дамыта білу, оларға ән айтқызып, хор өнеріне баулу, қажетті орындаушылық шеберлік тәсілдерін үйрету және музыкалық шығармаларды көркемдік тұрғыда тыңдап, қабылдай білуге жаттықтыру болып табылады. Осы мақсаттарды меңгеру барысында, әсіресе балалар даусының физиологиялық ерекшеліктеріне басты көңіл бөлінгені жөн. Дәрігермен кеңесіп, дауыс аппаратының құрылымдық ерекшеліктерін жетік білген дұрыс.

Әр сабақты жоспарлау барысында, сондай-ақ ән үйрену, музыка тыңдау, түрлі вокалдық әдістерді меңгеру кезінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне көп назар аударылуы керек.

Бабаларымыз көшпелі өмір салты кезінің өзінде-ақ, балалардың музыкалық және эстетикалық тәрбиесіне зор көңіл бөлген. Кешқұрым киіз үйге жиналып алып, қосылып ән айтып, күй тарту үрдісі ешқандай әлеуметтік статусқа бағынбайтын, өзіндік талғамды эстетикалык тәрбиеге айналған өнер мектебі еді. Халық әндері мен күйлерінен ұлтымыздың тарихы ғана емес, оның адами болмысы, жеке қасиеті, тіпті қоғамдық құрылымы анық байқалады. Сонымен қатар рухани байлық тәрбиелік мағынаны да қоса атқарады.

Музыкалық тәрбиенің негізін ақын-жыршы, сал-сері, күйшілер жүргізген. Олардың өнері мен өмірі өнерлі жастар үшін өзіндік мектепке айналған. Ауызекі түрде беріліп келген өнер дәстүрлері ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз ауысып, көркемдік тәрбиенің арқауы ретінде қабылданған. Өнерпаз тұлғалардың ел алдында өнер көрсетуі белгілі эстетикалық талғам қалыптастырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятып отырған.

Кеңес дәуірінен бастау алатын музыкалық білім беру жұмысы күні бүгінге дейін айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мектептердегі музыкалық тәрбие беру ісі мынадай екі салада дамып келеді:


  1. Жалпы білім беретін мектептердегі музыка сабағы.

  2. Мектептен тыс жүргізілетін музыкалық тәрбие беру орындары (музыка мектептері, мәдениет сарайларындағы немесе мектептер жанындағы музыкалық студиялар, үйірмелер).

Музыка пәні сабақтарының негізгі мақсаттары төмендегідей арнада анықталады:

  1. Оқушыларға әндер үйретіп, оларды дұрыс айта білуге үйрету.

  2. Музыка әуенін өзінше талдап, тыңдай білуге үйрету.

  3. Ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән айтуға баулу.

4) Белгілі бір музыкалық аспапты меңгеруге жаттыктыру.

Музыкалық тәрбие жеке бастың сезімдік мәдениетінің, адами қасиетінің, интеллектісінің қалыптасуына қызмет етеді.



Балаларға музыканы оқытудың тағы да атап өтерлік тиімді жақтары баланың көркемдік әлемге деген ынтасын ояту, қызықтыру, оқушыда тұрақты бір рухани талғам қалыптастыру, әуен-сазынан көркем бейне таба білу сияқты ірі де кажетті мақсаттардан көрінеді.
3.3 Оқушылардың музыкаға баулу мен тәрбиелеудің негізгі әдістемелері
Музыка үйрету жұмысының түрлі әдістемесі оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас ерекшелігіне және олардың шығармашылық, танымдық үрдістерге деген қабілеттеріне орай өзгеріп отырады.

Өткізілетін материалға жан-жақты түсіндірмелік шолу жасау әдістемесі оқушының өз бетінше ізденіп, іс-қимыл жасауға арналған ізденушілік әдістемесімен өзара біріге қолданылса, зор нәтиже береді.

Үйретілетін ән-күйдің сезімдік-драмалық тұрғыдан сатылай үйретілуіне арналған әдістеме сабақтың шарықтау барысына арналады. Әр түрлі нұсқада құрылатын ән-күй сабағының музыкалық-драмалық әдіспен өрбуі де жиі қолданылады.

Ұстаздық бақылау мен оқушының өзін-өзі байқап отыру әдістемесі, әр оқушыға баға қою, оның музыкалық дамуына нақтылы сәйкес жүргізілсе ғана көрнекті жетістік берері сөзсіз.

Ұстаз бағасы мен үйге берілген тапсырма оқушының музыка қабілетінің даму сатысын көрсететін ең негізгі көрсеткіш екенін ұмытпаған жөн.

Ұстаздың белгілі бір ән-күй, шығармаға деген өзіндік көзқарасының болуы және оны бейнелі сөзбен, іс-әрекет, көркем қимылмен көрсете білуі сезімге әсер ету әдістемесі деп аталып, ол оқушы қабілетінің артуына игі әсерін береді.

Музыкалық қабілеттің, яғни ән айту, аспапта ойнау шеберлігінің айтарлықтай өсуі, ондағы нақтылы табыстың болуы, оның ұстаз тарапынан айқын көрсетілуі оқушы санасында мақтаныш сезімін тудырып, оның шығармашылық қызметке деген ынтасын барынша арттыра түседі.

Жағымды үлгі көрсету, музыка өнеріне деген сенімділік білдіру, жаттығулар көрсету, олардың жеке бастың сезімдік дамуына қызмет істеуі, ән-күй сабағына деген кызығушылык тудырары сөзсіз.

Ән-күй сабағына кешенді әдістемелер қолдану, ұстаздың белсенді музыкалық қызметі, сабақтың барлық элементтерінің тұрақты қолданылуы оқушылардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етеді. Түрлі әдістемелік үрдістерді алмастыра қолдану әр сабақтың мақсаты мен міндетіне, ұстанымы мен мазмұнына байланысты өзгеріп тұрары анық.

Мектепте үйренетін ән-күйлерге қойылатын әдістемелік талаптар мынадай тәртіпте орындалуға тиісті:

1)Әндердің жоғары көркемдігі, еркін орындалу
мүмкіндігі қаралады.

2)Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріп
алу, қиындық туғызатын тұстарын меңгеру әдісін анықтап
алу.

3)Үйренетін әнге кызығушылық тудыратын әңгіме


айту, оқушы қиялын ұштау.

4)Ән-күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнап
көрсету.

5)Ән-күймен танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме-ке-


ңес. Онда шығарманың мінезін, музыкалық көркем бейне
беретін негізгі мәнерлерін анықтау.

6)Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтай
отырып әнді үйрену кезеңі. Вокалдық шеберліктің әннің
көркемдік бейнесін ашуға қызмет істеуін қадағалау. Әнді
орындау жөніндегі сөздік түсініктеме беру және ұстаз-
дың ән фразаларын жеке айтып беруі осы жерде аса қажет
болады.

Әнді жаңадан үйрену жұмысын мынадай тәртіппен жүргізуге болады:

1) Ұстаздың өзі орындап көрсетуі.

2) Ноталық жазбаны қолдану.

3) Ән әуенін жай екпінде, жеке фраза, шумақтармен үйрену.

4) Ән интонациясы мен ырғағының өте дәл орындалуын тұрақты қадағалау.

5) Әннің кейбір қиындау жерлерін жеке бөліп қарау.

6) Ән мәтінніің логикалық шыңын анықтау, дикциямен жұмыс істеу.

7) Ұстаз бен оқушының әнді орындау жоспарын ойластыруы.



8) Әр сабаққа арналған жұмыс жоспарын жазып отыру.

9) Екі, үш дауысты әндерді үйренуді әр дауысты жеке


көрсетуден бастау керек. Дауыстарды қосуды біртіндеп сатылай жүргізген дұрыс.

10) Ұстаздың дирижерлік әдістерді қолдануы ән үйрену кезеңін жеңілдететіні сөзсіз.


3.4 Оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту әдістемелері

Ұстаз оқушыларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі болады:



1) Мелодиялық есту.

2) Гармониялық есту.

Мелодиялық есту қабілеті естілген, әуен-сазды дәл қайталау арқылы көрінеді, ал гармониялық түрі бірнеше ды\быстар (аккордтар) үндестігін ажырата білумен байқалады. Есту қабілетінің осы екі түрін де арнайы жаттығулар арқылы дамытуға болады.

Музыкалық есту қабілеті ән-күйдің мазмұнын, көркем ойын түсінуге, оны сезіммен қабылдауға, шығармалардың дыбыстық кұрамын, ырғактық, тембрлік ерекшелігін және дыбыстық ауқымын, формалық стилін анықтауға негіз болады.

Сабақ барысында түрлі әуен-сазды тыңдап, олардың аттарын, формасын, дыбыстық ауқымын әңгімелеп отыру өте тиімді. Әуенді мәнерлі, таза айтып, оның ладтық ерекшелігін айыра білу оқушылардың музыкалық қабілетінің даму дәрежесін көрсетеді.

Әннің ырғағын дәл сезіне білу үшін оқушылармен музыкалы-ырғақтық ойындар, түрлі жауап-сұрактар, ырғақтық диктанттар, шығармашылық үрдістерді көрсетіп, тұрақты еткізіп тұру сөзсіз нәтиже береді. Ырғақтық сезімнің эмоциялы, моторлы табиғатын ұстаздардың нақтылы ажырата білгені жөн. Оқушылардың музыкалык есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту үшін халықтық әуендерді, сонымен қатар классик композиторлардың, қазіргі заманғы авторлардың шығармаларын кеңінен пайдалану керек.

Оқушылардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың карапайым әуен-саздарын, мақал-мәтелдерін, балалар өлеңдерін, т. б. қолдануға болады.

Музыка сабақтарында ұстаздың өзі ән айтып, аспапта ойнап, көркемдігі жоғары ойын көрсетсе, оның оқушыларға беретін маңызы мен тәрбиесі өте өлшеусіз екені анық.
3.5 Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары

Музыка әуенін тыңдап түсіну мәдениеті бала кездегі тәрбиенің негізінде қалыптасқаны жөн. Ол үшін оқушыны, ең алдымен, сезім байлығын дамытуға, есту, есте сақтау, қиялды ұштау және шығармашылық еңбекке үйреткен тиімді.

Музыканы дұрыс тыңдап, одан ерекше ләззат алу үшін музыкалық шығарманың талғамдық деңгейі, оқушыға беретін сезімдік ассоциациясы маңызды орын алады.

Оқушыларды музыканы қабылдаудың сапалы жағына қызықтырып отыру - ұстаздың басты борышы.

Музыканың түсінікті, әсерлі болып қабылдануы үшін ұстаздың алдын ала жоспарлаған дайындық жұмыстары, көркемдік-педагогикалық, музыкалық талдаулары, әсерлі әңгіме-суреттемелері оқушының музыка қабылдау сезімін дамытып, оның дұрыс қалыптасуына көмектеседі. Оқушының көркем ойының тұрақтанып, өзіндік талғамының қалыптасуы, оның шығармашылық ойының өсуі ұстаздың баланы қандай дәрежеде қызықтырғанына байланысты қаралатыны сондықтан. Әсіресе оқушыны музыканы дұрыс тыңдай білуге үйрету сабақ жоспарынан тыс қалмауға тиіс.

Музыканы тыңдап, қабылдау жұмысын түрлі кезеңмен атқарған тиімді.

Мысалы, I кезең — алғашқы жалпылама танысу кезеңі.

// кезең - музыкалық шығарманы талдау, тыңдау, бөлімдерін жекелей қарау, интонациялық, орындаушылық ерекшеліктерін үйрену.



III кезең — биік деңгейде, музыканы мағыналық тұрғыдан қабылдауға үйрету.

Оқушылардың жалпы музыкалық танымын, яғни музыкаға деген танымдық қызығушылығын біртіндеп, дұрыс бағытта дамытып, бағдарлап отыру да - ұстаздық шеберліктің бір түрі.

Музыка сауатының қарапайым элементтерін меңгеру (демек, нота жүйесін меңгеру) оқушының музыкалық танымының бір түрі ғана. Ноталық жүйені толық меңгеру жалпы білім беру саласындағы міндетті мақсат емес, ол тек оқушыларды музыка өнеріне жұмылдыру, қызықтыру жұмыстары үшін қолданылады. Ноталық белгілер музыкалық шығармашылық өнердің жалпылама символы (рәміздері) ретінде әуен-саздан көркемдік ой тудыруға, мән-мағыналық түсінік білдіруге көмектеседі.



Мектептерде ноталық жүйеге дейінгі музыка сабақтарын өту кезеңдері болады. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты - оқушылардың түрлі практикалық қызметін жүйелеп, шығармашылық арнаға бағыттау және ұлттық дәстүрлі өнерлердің негізгі салаларымен таныстыра бастау. Ұлттық музыканың өзіндік ерекшеліктері мен рухани қадір-қасиетін бала танымына сіңіре білу әр ұстаздың ең қасиетті борышы екенін ерекше бөліп айтпақпыз. Әрбір ән-күй сабағында осындай ұлттық дәстүрлерге арналған танымдық бөлімдер болуға тиіс. Ән әуенін нотамен айту шеберлігін дамыту үшін, нота баспалдақтарының белгілерін саусақтармен белгілеу, сондай-ақ баспалдақтар арақатынасын графикалық суреттермен көрсету сияқты көрнекті құралдарды қолдану тәсілдері де музыка пөні әдістемесінде орын алуы керек.

Музыка пәнінде музыкалық-ырғактық қозғалыстарға баса мән берілгені жөн. Бұл әдістер оқушының музыкалық дамуына зор әсер етіп, түрлі орындаушылық шеберліктің қалыптасуына негіз болады. Музыка сазының метрикалық негіздерін ажыратуға, оның фразалық бөлімдерін сезінуге, шығарманың ырғақтық суреттерін түсінуге музыкалы-ырғақтық қозғалыстардың мәні өте зор. Музыка пәнінің негізгі мақсаттарынын бірі - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр баланың жеке мүмкіндіктерін анықтап, соған дем беріп отыру.


3.6 Музыка сауатына арналған сабақтарды өткізу әдістемесі

Оқулықтағы музыка сауатына берілген тақырыптар әр сабақтың соңында тұрақты өткізілгені жөн. Сонда музыкалық сауаттың білімдік деңгейі сатылай жүретін болады. Ноталык жүйені тольқ меңгеру үшін, олардың негізгі амалдары, жазылу заңдылықтары бір-бірінен ажырамай, өзара байланыста берілуі керек.



Оқулықтағы тақырыптық құрылымдар, музыкалық сауаттың негізгі әдістері біртіндеп күрделену принциптерімен жазылған.

Музыкалық өнердің даму, өрістеу заңдылықтары ноталық жазбаның да күрделене түсуімен көрінеді.



Музыкалық сауатқа арналған тақырыптар оқушылар бойындағы музыкалық қабілеттің арта түсуіне, белгілі бір музыкалық мәдениеттің қалыптасуына негізделген. Әр тоқсанға бөлінген тақырыптардың барлығы да жалпылама түрде жазылған. Музыка өнерінің нақтылы өмірмен байланысына орай, музыкалық тақырыптар оқушылардың алатын білімдерінің біртіндеп тереңдеп, кеңейе беруіне құрылған.

Оқулықта ноталық жүйенің негізгі музыкалық тілі болып саналатын

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет