Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындығЫ


әуен, ырғақ, екпін, динамика, дыбыс бояуы



бет3/4
Дата17.12.2016
өлшемі1,79 Mb.
#4070
1   2   3   4
әуен, ырғақ, екпін, динамика, дыбыс бояуы сияқты тақырыптар қысқаша берілгенімен, осы элементтер ұстаз тарапынан сабақ сайын жиі түсіндіріліп отырылғаны дұрыс. Сонымен қатар музыканың (ән-күйдің) жалпы та-биғатын білдіретін мәліметтерде жиі айтылып отырылғаны жөн.

Мысалы, айтылған немесе үйретілетін ән-күйлердің сюжеттік суреттемесін айтып беру, олардың дыбыс күшімен нені бейнелейтінін әңгімелеу оқушылар үшін өте қызықты болатыны сөзсіз.

Музыкалық тілдің жеке элементтері жөніндегі берілетін білім (мысалы, метр, екпін, регистр, дыбыс биіктігі мен ұзақтығы) жалпы музыка сабағында айтылуға тиіс музыка өнерінің негізгі жанрлары, сазгерлердің, орындаушылардың өмірбаяндары, шығармалардың шығу тарихы сияқты негізгі такырыптарға қосымша ретінде үйретілгені өте тиімді келеді.

Музыкалық сауаттың негізгі элементтерін үйрету барысында олардың ұстаз тарапынан өзінше «өңделіп» көркемделе түсіндірілуі тақырыпты меңгеруді әлдеқайда жеңілдететіні сөзсіз. Мысалы, марштағы метрлік үлесті аяқ алу ырғағымен, түрлі ладтык жүйені жарық пен қараңғыға теңеу, дыбыс сазын түрлі бояулармен ұқсастыру ұстаз еңбегінің жемісті болуының бір кепілі деуге болады.

Көрнекті музыка қайраткері Б. В. Асафьев: «...Әрбір музыкалық элемент, термин түсіндірілуі үшін оған оқушының алдын ала алған өзіндік хабары болуға тиіс», - деп жазған. Мысалы, оқушылардың «Музыкалық ладтар» тақырыбын тез меңгеруі үшін оларға мажор мен минорды көп тыңдаттырып, дыбыс бояуын ажырата білуіне жаттықтырған өте пайдалы.

Музыка сабағында түсіндірілетін ноталық сауат белгілері оқушылар санасына олардың есте сақтау қабілетін ауырлатпай, жеңіл қабылдануын ұстаздар қауымы үнемі есте ұстағаны лазым. Осындай әдістердің барлығы да ноталық сауат элементтерің белгілі бір музыкалық бейненің қалыптасуына қызмет ететінін нақты түсінуге көмектеседі.

Музыкалык, сауат үйрену де ғана емес, жалпы музыка сабағын өткізу барысында да оқушылардың музыка әуен-сазын қабылдау деңгейіне барынша көңіл бөлген жөн. Музыканы өзінше қабылдап түсіну оқушылардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуының негізі болып табылады. Сол себепті, осы мәселеге қысқаша дидактикалық мінездеме бере кетуді жөн көрдік.

Музыкалық өнердің тұтастығы оқушылар санасында белгілі бір музыкалық шығарманың басқа өнер туындыларымен және өмірдің өзімен байланыстыра қабылдауынан тұрады.
3.7 Оқушылардың ән айту мәдениетін дамыту

Жасөспірімдерді ән айту өнеріне тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым нәтижелі болатыны дәлелденген шындық. Ән салу адам жанының сұлулығына, ой мен ақыл кабілетінің арта түсуіне тікелей әсер етеді, тіпті баланың физиологиялық дамуына да септігін тигізеді.

Ән үйретпес бұрын, оқушыларды денесін бос, тік ұстауға, басты қалай ұстап, ауызды қалай ашу керектігін, яғни денені ұстау қалпын анықтап үйрету қажет. Сосын демді қалай дүрыс алу керектігі айтылуға тиісті. Әннің түрі мен екпініне байланысты іштен дем алу өнерінің еркін қалыптасуы ұстаздың тиянақты еңбегіне байланысты дамиды. Демді әннің аяғына дейін жеткізе білу, яғни ауаны үнемді пайдалану - әнші шеберлігінің негізі деуге болады. Демді ұзақ шығаруға сүйене отырып, дауысты дыбыстарды дөңгелете алуға дағдыландыру - әнші тәрбиелеудің басты мақсаты. Ән үйрету кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтып үйретіп, дикцияға көп мән берілгені жөн.

Әнді таза, анық айту үшін оқушыларға арнайы жаттығулар беру керек.



Жаттыгулардың негізгі екі түрі бар:

1) Жеке өз бетімен дайындалғандары.

2) Нақтылы әдіс-тәсілге, әннің белгілі қиындығын меңгеруге арналғаны.

Оқушылардың жаттығуға деген қызығушылық көзқарастарын қалыптастырып, оларды нақтылы максатқа қолдану керек.

Ән айту алдында оқушы даусын арнайы жаттықтырып алу керек (распевания). Әуендік және ырғақтық тұрғыдан қарапайым, тез жатталатын әуенді жай екпінде, модуляциялы секвенция ретінде жарты тон бойынша жоғары-төмен айтқызып үйрету өте тиімді. Жаттығулар арасында бірдей ұзактықта тыныс алып отырса (паузалар), ол әуенді қайталауға, ән айту шеберлігін дамытуға зор мүмкіндік береді.

Әнді түрлі аспаптармен (баян, фортепиано) сүйемелдеп айтқан оқушының музыкалық дамуына зор әсер етсе, әннің өзін жеке айтып жаттыққан да әуендік, гармониялық және ладтық сезімнің өсуіне көп көмек береді.


3.8 Мектептегі хор ұйымдастыру жолдары
Ұстаздың әр сыныптағы оқушылардың бастарын қосып, хор ұйымдастыру жүмысы да музыкалық тәрбиенің басты салаларының бірі. Адам жеке басының жан-жақты дамуына, психологиялық мінез-құлыктың дұрыс қалыптасуына хор құрамында ән айту өнері үлкен әсер етеді. Бұл өнер баланың есте сақтау, тыңдау қабілеттерін арттырып, өзін-өзі ұстай білуге, жеке бастың мүддесін ұжымға бағындыруға, қиялы мен еркін бақылау жасауға үйретіп, баулиды.

Хор ұжымын ұйымдастыру жұмысы оған оқушыларды қабылдауға арналған талаптардан басталады. Бұл талап та, ең алдымен, оқушылардың музыкалық ән айту қабілеттерін таңдап, байқау жұмысы тұрады. Балалардың дауыс мөлшерін анықтауға барынша көңіл бөлінгені дұрыс.

Осы жұмыстарды нақтылы жүргізу үшін хор жетекшісінің бақылау күнделігі болу керек. Онда әр окушының жағдайы, дауыс, есте сақтау, есту, ырғақ соғу сияқты қабілеттері көрсетілуі керек.

Хормен дайындық жұмысы кезең-кезеңмен жүргізіліл, ол әрбір жаңа әнді жан-жақты таныстырумен басталғаны орынды.

Хорға шығарманы үйрету жұмыстары әннің сөздерін жаттатудан басталады.



Мектептегі балалар хорымен жұмыс істеудің төмендегідей ерекшеліктері бар:

1)Хордың түрі жеке оның мақсатына байланысты репетиция өткізу.

2)Сөзбен түсінік беріп, жекелеген түстарды көрсетіп отыру (мүндағы түсініктер әрі қысқа, өрі нүска болғаны жөн).

3)Қателіктерді нақтылы көрсетіп, талдау.

4)Оқушылардың түрлі мінез-құлықтарын есепке алып,
жұмыс жасау.

5)Ұстаздың оқушыларға талап қоя білуі мен сезімталдығы.

Хор ұжымымен жұмыс жасау оқу-тәрбиелік, мәдени-қоғамдық жоспарлармен ұштасып жатқаны жөн.

Балалар бойындағы көркемдік, сезімталдық, интеллектуалдық қасиеттердің дамуына ән айтып, хорға қатысу тәжірибесі аса қажет екені даусыз.

4 ТАРАУ. МУЗЫКА САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ КЕЙБІР ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

4.1 Қазақтың ауыз шығармашылығын музыка сабағында қолданудың әдістемелік жолдары


Қазақтың ауыз шығармашылығы балалардың музыкалық – эстетикалық тәрбиесінің қалыптасып дамуында үлкен маңыз атқарды. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа мирас болған оның таңдаулы үлгілері балалар тәрбиесінің таптырмас құралына айналды. Музыкалық - әдеби шығармалар, ертегі – эпостар, мақал – мәтелдер, аңыз -әңгімелер, жұмбақ, жаңылтпаштар тәрбие беру мақсатында кеңінен пайдаланылды. Олар балалар сезімдеріне әсер етіп, танымдық – тәрбиелік мәнге ие болды.

Осы халық мұрасын мұғалім оқушылардың жан – жақты тәрбиесінде орынды пайдалануы қажет. Мақал – мәтелдерді, жұмбақтарды балалардың жас ерекшелігіне, сабақтардың мазмұнына байланысты таңдап, тәрбиелік мәнін оқушыларға дәлелдеп түсіндіру,мұғалімнің шығармашылық ізденуіне,методикасын жетілдіруіне көмектеседі.


Ойлап тап! Жұмбақ ойын.

( Музыкалық аспаптар туралы)

1. Ұзын мойын екі ішек,

Қатар – қатар тепкішек.

Басып қалсаң бір-бірлеп,

Күй шығады күмбірлеп, ( Домбыра)

2.Саусақ батпас түтіктен,

Сандуғаш құс сайрайды. ( Сыбызғы)

3.Сексен бес тілі бар,

Әр тілдің өзіне тән үні бар. ( Күйсандық)

Ұсынылып отырған жұмбақтарды оқушыларды екі топқа бөліп жарыс түрінде өткізуге болады. ( 1- топтың баласы жумбақты айтса, 2 – топтағы оқушылар жауабын табу керек т.с.с.)
Ойын « Тақия тастамақ».

Ойынға қатысушылар дөңгелене тұрып, орталарынан жүргізуші тағайындайды. Ол балаларды бір айналып шығып былай дейді: « «Ойынның аты « Тақия тастамақ!». Бәріміз де дөңгелене отырамыз».

Балалардың бәрі дөңгелене отырады. Жүргізуші: «Ақырындап, асықпай сендерді айналып өтемін. Осы кезде тақияны білдірмей біреудің артына тастап кетемін. Егер оны байқамай қалсаң ,мен сол тақиямен сені ұрамын. Саған ойынды жүгізуге тура келеді».

Осы сөзді айта жүре, жүргізуші тақияны білдірмей біреудің артына тастап кетеді. Жүргізушінің сөзі аяқталысымен балалар қолдарымен өздерінің маңдайынан тақияны іздей бастайды.Тақияны өзінің артынан тапқан бала, жүргізушіні қуып жетіп, тақияны оның басына кигізеді.

Егер ойнаушы жүргізушіні қуып жете алмаса,онда жүргізуші тақияны

өзі алып, ойнаушыны қуып жүріп, ақырын тақиямен ұру керек. Осылай

олар отырғандарды бір айналып шығады. Ойын тәртібі: ойын кезінде арттарына қарауға, сығалауға болмайды. Ойнаушы тақиямен жүргізушіні қуалағанда, отырғандарды бір рет қана айналып шығуы керек, яғни өзінің отырған орнына дейін ғана.
«Кім тез». Жаңылтпаш ойындар.

1. Құрықтан құлдырап түстім,

Сырықтан сылдырап түстім

2. Торта қойдым

Орта қойдым.

Орта қойдым

Жорта қойдым.

3. Көк тырна,

Көп тырна,

Тыраулап тек

Көп тұрма

Жаңылтпашты үйреткенде қойылатын талаптар: мағынасына, сөздердің ұйқастылығы мен байланыстылығына көңіл бөлу:, қ,к, т, д, л, р, с – дыбыстарын анық, таза, дұрыс айтуға дағдыландыру.

Мұғалім ұсынылып отырған жаңылтпаштар ішінен таңдап алуына болады, немесе өзіндік жеке жаңылтпаштар қорын жасаған жөн.

Мақал – мәтелдер.

« Отан, жер, туған ел туралы».

«Ел іші – алтын бесік»,

« Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас».

«Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.

Ел – ердің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы».


Мақал – мәтелдерді әңгімелегенде мазмұны бағдарламаның атымен, тоқсан тақырыбымен, күйдің мазмұнымен байланыстырылады. 2 топқа

бөліп, оларды жарыстыра отырып өткізуге болады.


Ойлан тап! Жұмбақ ойын.

Жануарлар туралы жұмбак ойындар.

1. Кiшкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

2. Кезiктi бiр жануар,

Үстiнде екi тауы бар. (Түйе)

3. Төсек астында төрт бауырсақ. (Сиырдың желiнi)

4. Жанды сағат, айғай салад. (Есек)

5. Жездекем желп барады,

Жез қалпағы қалып барады. (Аттың iзi)


Жұмбақтар көрнекi құралдарды пайдалана отырып өткiзiледi. Олар балаларда ойдың тапқырлық қасиетiн жандандырады, үйретедi, қызығушылығын арттырады. Балалардың творчестволық iзденiсiн, эстетикалық талғамын арттыру мақсатымен үйде жұмбақтар даярлап келуге, оның суреттерiн салдыруға тапсырма беруге болады.
«Арқан түю.»

Ойнаушылар шеңбер жасап дөңгелене тұрғаннан кейiн, қолында арканы бар ойын жүргiзушi топ ортасына шығады да:

— Ойынды бастадым!— деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйiлмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса, секiрiп тұрып, арқанды аяктарының астарынан өткiзiп жiбередi. Кiмде-кiм арқанды өткiзе алмай, аяғына тигiзiп алса, онда айып тартады. Көпшiлiктiң ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетедi: өлең, тақпақ айтып, би билейдi және ойын жүргiзушiсімен орын ауыстырады. Осылайша ойын одан әрi жалғаса бередi.
Музыкалық-дидактикалық ойын.

1. Тоқсан бойынша тыңдалган әндер мен күйлердi тыңдатып, композиторлары мен шығарманың аттарын ажырата бiлуге дағдыландыру.

2. Сонымен бiрге орындалу ерекшелiктерiне (қандай музыкалық аспаптарда немесе оны кiм орындады т. б.) көңiл бөлу.

З. Ойынды түрлi көрнекiлiктер (карточкалар, таблицалар т. б.) пайдалану арқылы өткiзу.

Музыкалық ойын.

«Малды төлiн емiзуге шақыру»

Ойын жүргiзушi:

Кәне, балалар, төрт түлiк малды төлiн емiзуге бәрiмiз бiрдей дауыстап шақырайық.

Дыбыстардың тазалығына, сөздердi анық айтуға көңiл бөлген жөн.

Ойынды көрнектiлiктер пайдалана отырып, еткiзуге болады.




Музыкалық — дидактикалық ойын.

1) Ұрмалы немесе iшектi аспаптарды (дабыл, асатаяқ, тұяқтас, қоңырау, домбыра, кобыз, жетiген, т. б.) дыбыс ерекшелiктерi арқылы айыра бiлуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың белсендiлiгiн, қызығушылығын жоғалтып алмау мақсатымен, аспаптарды шешiмiн дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.

2) Күйдi тыңдатып, одан алған әсерiн сұрау. Немесе, күйдi тыңдата отырып, оларға күйден алган серiн, көңiл күйiн, ой сезiмi мен толымысын суретке салдыру керек.

З) Ою-өрнектердiң түрлерiн көрнекi кұралдар пайдалану арқылы таптыру. Көрнекi кұралдарға — үй жиһаздарынан: түскиiз, қоржын, киiз, әр түрлi иллюстрацияларды пайдалануға болады.


Музыкалық ойын «Көги гөк»

Қызды кемпiр етiп сайлайды. Қалғандары қаз болады. «Кемпiр» шетке шығып тұрады, баска ойыншылар қаздай тiзiлiп, бiрiнiң соңынан бiрi ұстап, хормен әндетедi. (Бiрнеше рет қайталанады).




Балалар қаздың жүрiсiне елiктей ақырын оң мен солға шайқалып «кемпiрдiң» қасына келедi. Бiрiншi келген балаға «кемпiр» ине (шеп, таяқша) берiп: «Жоғалтпаңдар!»— деп тапсырады. Балалар айнала жүрiп, қайтадан қаздай тiзiлiп «кемпiрге» келедi.



Кемпiр: (Бiрнеше рет қайталанады.)


деп жауап бередi.

Олай болса, сендердiң бiрiңдi алып қаламын деп кемпiр балаларға бас салады. Балалар тiзбегiн жазбай қаша жөнелуi керек. Колға түскен бiреуiн «кемпiр» қасына алып қала бередi. Ойын барлық балалардьы түгел ұстап болғанша қайта жалғаса бередi.




«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» диафильмiн көру

Бұл диафильм қазактың халық ертегiсiнiң негiзiнде жасалған. Мұнда өлгелi жатқан үш басты зұлым айдаһардың кiшкене нәрестенiң қанынан жасарғысы келетiнi жайлы әңгiмеленедi. Оның бұл ойын жүзеге асыруда сона көмектеседi.

Зұлымдыққа қарсы адамың досы қарлыгаш күреседi. Ол айдаһардың жер бетiнде кiмнiң қаны тәттi екенiн бiлмеуi үшiн сонаның тiлiн жұлып алады.

Диафильмдi көру барысында музыкалық суйемелдеудi пайдалану орынды. Ол баланың сезiмiн билеп, қиялына қанат бiтiредi, ертегiлiк бейнелер оятатын сезiмдердiң ықпалымен бала сөз аркылы ойлауға үйренедi.

Соңында балаларға «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» мультфильмiнiң (режиссерi Эмен Хайдаров) Орта Азия меп Қазақстан (1968) кинематографистерiнiң 7 жарыс-байқауында — диплом; Ленинградта болған кинофестивальда (1968)— сыйлық пен жүлде; Нью-Йорк қаласында өткен (1975) мультфильмдердiң халықаралық фестивалiнде «Қола праксиноскопты» жеңiп алғаны туралы айта кету керек.



Музыкалық ойын «Сақина»



Ойынға қатысатын балалар екi-екiден қатарласып отырады. Ортаға бастаушы шығады. Оның қолында сақина болуы тиiс. Сол сақинаны қолдан-қолға жүгiртiп, отырғандардың бiреуiнiң алақанына салады. Алақанына сақина түскен бала мұны жанындағы көршiсiне сездiрмеуге тырысады. Осыдан кейiн бастаушы ортаға шығып:

дейдi.


Сонда сақинасы бар бала жанындағы көршiсiне сездiрмей орнынан шапшаң ұшып тұруы керек. Егер ол тұра алмай, көршiсiне ұсталып қалса, айып тартады. Ал керiсiнше, көршiсi оны ұстай алмаса, өзi айыпты болады. Айыбын өлең айтып, би билеп, ойынға қосылады.



4.2 Музыка сабағында аспаптарды қолдану әдіс-тәсілдері


Халықтың музыкалық мұрасын жинап-теріп, оны зерттеу жолында артына ұмытылмас із қалдырған А.В.Затаевич, академик А.Қ. Жұбанов, өнер зерттеушілері — Б.Г. Ерзакович, П.И. Аравин, Б.Ш. Сарыбаев сынды ғалымдардың ұланғайыр еңбектері халқымыздың игілігіне жарап, ұрпақтан-ұрпаққа тарап жатыр.

Қазақтың музыкалық аспаптарының шығу тарихы, оның өзіне тән ерекшеліктері туралы профессор Б.Ш.Сарыбаевтың еңбектерінде кеңінен баяндалған. Осы ғалымның еңбегінің арқасында қазақтың халық аспаптарының коллекциясы жиналды. Бүгінде оның саны қырыққа жуық. Аспаптарды мынадай топқа бөлген екен:

ҮРМЕЛІ АСПАПТАР — сыбызғы, қамыс сырнай, саз сырнай, үскірік, тастауық, керней;

ПІІЕКТІ АСПАПТАР — жетіген, шертер, домбыра, қылқобыз;

ТІЛШІКТІ АСПАП — шаңқобыз;

ҰРЫП ОЙНАЙТЫН МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР — дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау, т.б.

Осыған XIX ғасырда қазақ жеріне тарай бастаған сырнайдың (гармоника), қағаз сырнай (гармонь), ауыз сырнай (губная гармошка) сияқты түрлерін қоссақ, «қазақтың музыкалық халық аспабы» деген ұғымның кеңейе түсетінін байқаймыз — дейді Ж. Рсалдин.

Енді осы аспаптардың кейбіреулеріне сипаттама беріп, олар туралы жазылған аңыз-әңгімелерді мысал етіп келтірейік.

ДОМБЫРА — халық арасына кең тараған қазақтың ежелден келе жатқан сүйікті музыка аспабы. Домбыраның мүмкіншілігі жөнінде Б.Сарыбаев былай дейді: „Егер бүрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданса, енді домбыра жеке шығармалар орындауға арналып, күрделі аспаптар қатарына қосылды. Өткен жүз жылдықта халық композиторлары Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жүртты аузына қаратқан екен. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болумен қатар, нелер бір ғажап күйді шығарған шын мәніндегі өнер иелері. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті. Қазіргі кезде домбыра арнаулы музыка фабрикалары мен ғылыми-зерттеу шеберханаларында жасалынып, көптеп шығарылуда. Балаларға арнап ықшамдап шығарылган домбыралар да баршылық. Халық арасына кең таралған домбыраны — тенор домбыра дейді. „Домбыраны тартуда қағыстардың түр-түрі бар. Соның ішінде "сермеп ойнау", „іліп қағу", „шертіп ойнау", „пиццикато" сияқты қағыстар бар.

ҚОБЫЗ — халқымыздың ерте заманнан келе жатқан ең көне аспаптарының бірі. Қазақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан қобызы — қыл қобыз. Қылқобыз деп аталатын себебі, оған екі қыл ішек тағады, „Бұл аспап ата-бабамыздың әрідегі үніндей. Ол екі заманның сырын шертеді, алыс заман оқиғаларын қоңыр күйімен баяндайды" . Қобыздың тарихы көне әдеби ескерткіште Қорқыт ата есімімен тікелей байланысты. Қорқыт халық ұғымында ел басына түсер ауыртпашылықты күні бүрын болжай білетін сәуегей, оның тағдырын ойлап, түн ұйқысын төрт бөлген, замана шындығын қыл ішекті қобызда сөйлеткен асқан музыкант, халықтың басынан кешірген не түрлі тарихи кезеңін өлеңмен баяндаған жырау.

СЫБЫЗҒЫ — қазақ халқының үрлеп ойнайтын музыкалық аспабы. Сыбызғыны, әсіресе, қойшылар мен малшылар қамыстан не қурайдан жасап алып ойнай берген. Сыбызғының үні майда, тембрі жұмсақ келеді, Орындалатын күйлердің мазмұны табиғатты, жан-жануарларды, құстарды, өзен-көлдерді суреттеуге арналган,

ЖЕТІГЕН — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқыныц шертіп ойнайтын көне музыкалық аспаптарының бірі. Бұрауы жоқ, тегіс бетіне жеті ішек таққан, тиек орнына жеті асық қойылған, құлақ күйін асықтарды ілгерілі-кейінді жылжыту арқылы келтіреді. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп-қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалынады. Шектері аттың қылынан тағылады.

СЫРНАЙ деп музыкалық аспаптардың бірнешеуін атағаи. „Сырнай" деген сөз „сыр" және „най" деген екі сөзден тұрады екен. Қазақ тілінде „сыр" деген сөздің мағынасы, мысалы, сырласу, „сыр шерту" болса, „най" деп аспаптарды және кейбір түтік заттарды атаған екен. Сырнай ерте заманнан ке-ле жаткан, қазақтың үрлемелі музыкалық аспабына жатады. Ол өзінің жасалған затына, құрылысына қарай, саз сырнай, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, қос сырнай, саз сырнай немесе сырнай болып бөлінеді. Сырнайдың XIX ғасырдың ортасында қазақ жерінде тарай бастаған аты „гармоника", Мүны „қағаз сырнай" деп атаған, себебі, дыбыс күштілігі, дауыс ырғағының әдемілігі саз сырнай мен үрлемелі сырнайға үқсас. Аспаптың қазақ жеріне кең тарауына оның тембрінің халық музыкасының үніне сәйкес келуі, әрі көшпелі халыққа алып жүруге ыңғайлы болуы.

Оқушылардың, студенттердің, жалпы өнер сүйер қауымның бірден-бір жиі меңгеріп, ойнап жүрген аспаптарының бірі — ШАҢҚОБЫЗ. Ол көне музыкалық аспап. Қазақ жерінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап белгілі болған. Шаңқобыздың түрі уысқа сиғандай. Ол темірден, ағаштан, кейде күмістен істеледі. Шаңқобызда ойнағанда, оны тістің арасына апарып, тілшеге ерінді тигізбей, тіл мен көмекейдің қатысуымен ғажап үн шығаруға болады. Аспаптың тембрі әдемі, әрі нәзік. Бұл аспапты көбінесе әйелдер ойнаған. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнаған екен.

АСАТАЯҚ — ұрып және сілкіп ойнайтын музыкалық аспап. Асатаяқты бұрын көбінесе диуана-бақсылар қолданған. Оның бірнеше түрі бар. Басына бұршақ салып, металл сылдырмақтары басына ілінеді. Олар: қоңыраулы, сақиналы асатаяқ болып бөлінеді. Олардың құрамына қарай, үндері де өзгеше. Мысалы, алты қоңыраулы асатаяқтың үні сыбызғының дыбыс қатарына сәйкес келеді. Асатаяқ бүгінде мектеп оқушыларының сүйіп ойнайтын аспабына айналды,

ҚОҢЫРАУ — ерте заманда қылқобызшылар мен қобызшылар және басқа да бақсылардың қолданған музыкалық аспабы. Күйшілер қоңырауды қылқобыз бен домбыраның жоғарғы мойын жағына байлап, кейбір әнкүйлерді тартқанда әрлі-берлі шайқап, шылдыратып отырған. Ал, шаңқобыз тартатын әйелдер саусақтарына қонырауды киіп алып, анда-санда қағып отырып шылдырлатқан .

ТҰЯҚТАС — ұру арқылы үн шығаратын аспаптар тобына жатады. Ол аттың тұяғынан жасалады, оны өңдеп музыкалық аспап ретінде қолдану үшін, бір немесе бір жарым жыл уақыт кептіру қажет. Сонда ғана соққанда анық, таза үн шығады. Тұяқтасты бес саусақтың ұшымен алақанға жеткізбей ұстап, екі шеткі жиегін кезекпен жартылай дөңгелетіп, алмастыра отырып соғу керек

Ырғақ — қозғалыс элементтерін пайдаланумен дыбыстың динамикасы, ансамбльдің сипаты жөнінде алғашқы түсініктер береді. Бұл ұрып ойнайтын аспаптарды үйренудің алдында біраз балалардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасаған тиімді. Ұрып ойнайтын аспаптар қатарына жататын аспаптың бірі — ДАБЫЛ. Дабылдың шанағының екі жағы да терімен қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады немесе қайыс ілгешек тағылады.

Оқушылар арасында тағы да бір белгілі аспаптардың топтары бар. Олар ішекті, үрлемелі, тілшікті болып бөлінеді. Ішектіге жататындар: домбыра, балалайка, гитара, мандолин. Бұл аспаптар балалар саусақтарымен немесе медиатрмен ойнағанда барып дыбыс шығарады. ҮРЛЕМЕЛІГЕ: ауыз гармо-никасы, флейта, кларнет, саксофон және т.б. жатады. Бұл аспаптарды үрлегенде ғана дыбыс береді. ТҮЙМЕЛІ-ТІЛШІКТІГЕ: баян, аккордеон, гармоникалар жатады. Дыбыс аспап тілдерін басып, көрікті қозғағанда шығады.

ҰРМАЛЫ-ТІЛШІКТІГЕ: күйсандық, ҰРМАЛЫ АСПАПТАРҒА: бубен, кастаньета, үшбұрыш, тарелка, барабан, металлофон, ксилофон жатады. Бұл аспаптарды қолмен, болмаса, таяқшалармен ұрғанда ғана дыбыс шығарады.

КСИЛОФОН — грек тілінен аударғанда „дыбыс шығаратын ағаш". Ксилофон қаз-қатар тізілген, қысқалы-ұзынды ағаштан жасалады. Ұзын ағаштары — жуан дыбыс, қысқа ағаштары — жіңішке дыбыс шығарады. Ксилофонның дыбысы басы жұмыр келген екі таяқшалармен соғып ойнау арқылы шығады. Дыбысы құрғақ, сақылдап, сыңғырлап шығады. Ксилофон жеке соло ретінде ойнағанда керемет әсерлі болады (әрине, басқа аспаптар тобының сүйемелдеуінде).

МЕТАЛЛОФОН — латынша „металл дыбысты' деген мағынада, металл тілшіктерінен құралатын музыкалық аспап, дыбысы жұмсақ шығуы үшін көбінесе басына мата оралған таяқшамен ұрып ойнайды. Оның тембрі — қатты ойнағанда үні ашық естіледі, ақырын ойнағанда — таза, мөлдір, сыңғырлап естіледі.

РУМБА — тегі латын америкасынан шыққан сәндік би. Екпіні орташа болып келеді де, кенеттен соңғы бөлімінде жылдам екпінге ұласады. Бишілер қолдарына қос-қостан сылдырмақ тағылған ағаш аспапты ұстай жүріп билегендіктен, бұл аспап „румба" болып аталып кеткен. Оны сілкіп немесе оң қолға үстаған аспапты сол қолдың алақанына соғу арқылы сан алуан ырғақтық өрнектерді жасауға болады.

МАРАКАС — тегі Латын Америкасынан шыққан, бос кокос жаңғағы сияқты формада, ішіне тастың ұнтағы немесе зәйтүн ағашының дәндері салынады. Бүгінде маракас металдан, ағаштан, пластмассадан жасалады да ішіне әртүрлі ұнтақтар салынады. Оны сілкіп ойнайды.

ҮШБҰРЫШ — ұрмалы музыкалық аспап. Оны темірден үшбұрыштап иіп жасайды. Дыбысы нәзік, әрі ашық болады. Аспапты металл таяқшамен ұру арқылы ойнайды.

БУБЕН — Ежелгі Шыгыс елдерінде ертеде пайда болған ұрмалы аспап. Ағаштан істелген дөңгелек шанақтың үстіне жұқа былғары керіледі, шанақтың жан-жағына екіден темір шылдырауықтар тағылады. Бүбенді сілкілеу арқылы, қолмен соғу немесе саусақтармен дірілдетіп ойнауға да болады. Бубен симфониялық оркестрге XIX ғасырда қолданыла бастаған. Сонан соң, ол Италия мен Испанияның халық аспабы болып келді. Ол жақта бірде-бір би бубенсіз биленбеген.

ТАМБУРИН — сылдырмақ пен қоңырауы бар бубен. Оңтүстік Европада қағып ойнайтын музыкалық аспап. Ерте замандағы Испания мен Франциядағы халық биінің аты. Бишінің қолында тамбурин (бубен) болады, ол оның ырғағына билейді.

ТРЕЩОТКА — сылдырмақ ойыншық, орыстың халық аспабы. Оны жоғарғы жағынан жіпке тізілген жұқа таяқшалар құрайды. Ойнаушы жіпті екі жағынан ұстап сілку арқылы құрғақ дыбысты әртүрлі ырғаққа салады.

Бастауыш кластарда қарапайым музыкалық аспаптарды (даңғыра, дабыл, асатаяк, тұяқтас, шаңқобыз, ксилофон, металлофон, румба, маракас, үшбүрыш және т.б.) қолдану, балалардың сол сабаққа деген ынтасын, сүйіспеншілігін, белсенділігін, жауапкершілігін арттырады, олардың музыка-лық қабілетін дамытуға, шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Шығармашылық әрекет кезінде музыканы сергек қабылдау, бірігіп орындау (ансамбль) сезімі және дағдысы дамиды.

Балалар үшін сабақта қолданылатын музыкалық аспаптар көлемі, салмағы жағынан ыңғайлы, құрылысы қарапайым, әрі мықты болуы керек. Аспаптарды ойнаудан бұрын мұғалім оқушыларға олардың құрылысы, шығу тарихы, дыбыстық бояуы (тембрі) туралы біраз мағлұматтар бере отырып, оны сабақта пайдаланудың тиімділігін, мақсатын және қолдану тәсілдерін әңгімелейді.



Аспапта ойнау кезінде балалардың тұрып ойнау, немесе отырып ойнау қалпын қадағалау қажет. Аспаптарды меңгерудің ең алғашқы қадамы ретінде балалардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасаган тиімді. Әр музыкалық аспаптың сипатына сай оның ырғақтық өрнектерді келтіру ерекшеліктерін ескеру керек. Мұғалім сабақта орындалатын жаттығудың балалардың меңгеруіне жеңіл әрі түсінікті болуын қадағалайды. Мысалы:

Бұл жаттығуда алғашқыға қарағанда әр аспаптың партиясында өзгешеліктер бар. Мысалы, асатаяқта алғашқы үш тактының күшті үлесі ойналынса, келесі төрт тактіде әр үлес орындалып тұр, румбаның партиясына мұқият болған жөн. Бірыңғай ырғақпен сегіздік дыбыстарды алма-кезек ойнап келе жатқан оқушы төртінші тактідегі ырғақтың алмасуын байқауы керек.

Сыныптағы балалардың барлығының белсенді жұмыс атқаруына арналған жаттығу ретінде халық күйі „Келіншекке" жүгінуге болады. Мұғалім күйді домбырада ойнаса, оқушылар асатаяқта, тайтұяқта, шаңқобызда күй желісіне қосылады. Кластағы ұлдар тобы домбырада тарту қимылдарын жасаса, қыздар тобы би қимылдарын өрнектеп, шығарманың көркемдігін одан әрі жетілдіреді. Мұндай тәсіл балаларды шығармашылық белсенділікке баулиды.

„Келіншек" күйіне келтірілген мысал:



„Келіншек" — Халық күйі

(үзінді)

Сонымен, сабақ өткен сайын балалардың аспапты меңгеруі шыңдала түседі. Бірақ, мұғалім балалармен жұмыс кезінде олардың әрқайсысының музыкалық қабілетін ескергені жөн. Кейде бір оқушы сабақ сайын бір ғана аспапта ойнайды. Ол дұрыс. Себебі, оқушы сол аспапта ойнаған сайын оның қыр-сырын терең түсініп, техникалық ойнау шеберлігін тереңдете түседі.

Балаларды ксилофонда, металлофонда ойнау да өте қызықтырады, Д.Ботбаевтың „Жаңбыр шақыру" әнінің кіріспесіне ксилофонды пайдалану жаңбырдың тамшылауын өте дәл, анық бейнелейді, такт өткен сайын жаңбыр тамшысы жиілеп, қалың жаңбырға, яғни хорға ұласып кетеді. Халық әні „Бір бала" орындалғанда, сүйемел ретінде металлофонды және маракасты ғана қолдануға болады. Себебі, әннің сипаты, екпіні мен ырғақтың ерекшеліктері металлофонның таза, жинақы да көмкеріңкі дыбысын қолданғанда ғана ашыла түседі деп ойлаймыз.

„Бір бала" — халық әні



Мұғалім әр әнді, күйді орындау кезінде оған шығармашылықпен қарағаны жөн. Барлық музыкалық шығармаларды аспаптарға лайықтауға болады, тек ол шығарманың орындалу сипаты қандай, мазмұны нені бейне-лейді, композитордың айтайын деген ойы не деген сұрақтарға жауап іздеп табу керек.

Аспапта ойнау балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімталдыққа, адамгершілікке баулыса, ол өзінің тәрбиелік міндетін атқарды деген сөз. Оқушылар, әдетте, өздеріне қолдарына үстап, ойнап отырған аспаптары туралы, тыңдау үшін орындалған музыкалық шығарма туралы әңгіме бастал-са-ақ болғаны елең етіп үлкен ынтамен тыңдауға кіріседі. Ендеше, балалар сабақта тек ән айтып, аспаптарда ойнап қана қоймай, музыка әлемінің сырын ашып сұхбаттасуға дайын. Сондықтан, сыр сандықты ашып, саз маржанын шашу үшін үлкен ізденгіштік қабілет керек. Қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, болашақ музыка мамандарына, ғүлама ғалымдар мен музыка тарихын зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, біз біраз мағлұматтар бердік. Бұл деректердің балалардың өздері ойнап отырған аспаптарына деген ықыласын, ынтасын арттыратыны сөзсіз.

Сонымен, сабақ өткізу барысында немесе кластан тыс музыкалық жұмыс кезінде балалар ұжымының (коллективінің) бірігіп аспапта ойнауды қуанышпен сезінуі, бірін-бірі тыңдай білуі, музыкалық аспапқа деген балалардың ынтасының артуы, олардың көңіл-күйінің көтерілуі, музыкалық ой-өрісінің кеңеюі, ең бастысы, әр баланың өз класына, ұжымына керек екендігін сезінуі — үлкен өмірге баратын жолдаманың басы екендігін мектеп мүғалімі әрқашанда үлкен жауапкершілікпен сезінуі тиіс.


4.3 Сабақ барысы үлгілері, музыка сабақтарын өз бетімен талдай білуге үйрету үлгілері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет