ХИРУРГИЯЛЫҚ ƏРЕКЕТТЕР МЕН МАНИПУЛЯЦИЯЛАРДЫҢ АТАУЛАРЫН БІЛДІРЕТІН ТЕРМИНОЭЛЕМЕНТТЕР
a. -tomia – анатомиялық құрылымдарды кесу, тілу, анатомиялық
қуыстарды ашумен сипатталатын оташылық операция. «Оташылық, ашу-
кесу» дене қуыстарын, қуысты мүшелерге қатысы бар түсінік (мысалы:
гастротомия - асқазан қуысын ашу);
b. -ectomia –алып тастау (толық не жартылай), ұлпалар мен ағзаны кесіп
алып тастау, ал егер hemi- қосымшасы болса, ол жартылай алып тастау
дегенді білдіреді (мысалы: гемигепатэктомия – бауырдың жартысын оташы-
лық операциямен алып тастау); «эктомия» «ұлпаны, ағзаны алып тастау»
мағынасында жеке термин болып та қолданылады;
c. -stomia – хирургиялық жолмен тесік жасау. Мұндай тесік –stŏma –
«стома», «свищ», «анастомоз» деп аталады. Бұл терминде синоним болып
қолданылғанмен, айырмашылықтары бар - Свищ (қаяу, өзек) (қолдан
жасалған) (fistŭla artificiālis) - хирургиялық жолмен жасалған анастомоз бен
стомдардың жалпы атауы.
Абсцесс (abscess), терінің терең қабатында немесе ішкі органдарда жұқпалы бактериялар тудырған қандағы лейкоцит ұлпаларының бұзылуы салдарынан пайда болатын ірің. Ағзалар мен тканьдерде қабыну салдарынан іріңнің шоғырланып жиналуы.
Агония (Agonia - күрес)- жанталас, жантәсілім, агония. Мидың жоғарғы бөліктерінің, әсіресе мидың жарты шарлары қыртысының қызметі терең бұзылуымен қатар сопақша ми орталықтарының қозуы тән өлер алдында болатын ақырғы (терминальды) сәт
Анабиоз (гр. anabіosіs – жандану, қайта тірілу) – қолайсыз жағдайда организмнің тіршілік қабілетінің уақытша жойылып, не мүлдем әлсіреп кету құбылысы немесе эволюциялық даму жолында организмнің тіршілік ортасына физиологиялық бейімделуі; уақытша күй, мұнда өміршендік процесстердің баяулатылғандығы соншалық тіршіліктің барлық құбылыстары толығымен байқалмайды.
Альбинизм - реңсіздік (лат. albus — ақ) — организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Альбинизм — рецессивті генге байланысты тұқым қуалайтын белгі. Бұл ген гомозигота кезінде меланин, хлорофилл пигменттері синтезін тежейді.
Атрофия (грек, atropheo; а — жоқ; trophe — қоректік зат, тамақ) — қоректік заттың келмеуіне немесе жетіспеушілігіне байланысты дене мүшелері мөлшерінің кішірейіп әлсізденуі. Атрофия көбіне мүшелерді қоректендіретін қан жөне лимфа тамырлары қызметін реттейтін жүйкелердің зақымдануы нәтижесіңде өрбиді.
Меланоз (МеIаn - қара қоңыр - патологиялық күй) - Мүшелер мен тканьдерде меланин пигментінің түйінді немесе жайылма жиналуы.
Метаплазия (Меtарlаsіа - өзгерту) — Тканнің бір түрінің екінші тектес түріне ауысуы. Мысалы, трахея мен бронхтардың призма тәрізді эпителиінің көп қабатты жайпақ эпителийге ауысуы.
Гепатоз (Hepatosis - бауыр сыркаты)- Негізінен гепатоцит ішіндегі зат алмасудың бұзылуын (гепатоцит дистрофиясы) құрайтын бауыр ауруларының жалпы аты.
Лейкоз лейкемия (грек. leukos — ақ) — қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері. Ісік жілік майындағы клеткалардың тоқтаусыз өсуімен және сол жердегі қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен сипатталады
Некроз (гр. nekros — өлі, шірік, өлі еттену) - тірі организмдегі клетка мен тіндердің өлуі.[1] Қан және жұқпалы ауруларға шалдыгу, жарақаттану, күю т. б. себептерден ауыз шырышты қабығы, қызыл иек шеті, ерін мен ұрт үстері некрозға ұшырайды.
Нефроз (Nephrosis - бүйрек ауруы) - Бүйрек өзекшелері эпителиінің дистрофиясы басым ауру. Оның ең ауыр түрі некрозды нефроз.
Неврома (Neuroma - жүйке ісігі) - Нерв талшықтарынан немесе ганглий клеткаларынан тұратын ісік.
Рабдомиома (көне грекше: rhabdomyoma – ісік). Көлденең бұлшық еттің, қатерсіз ісігі. Тіл етінде өте жиі кездеседі, пайда болған соң ауырмай дамып, үлкейетін дерт.
Термин (лат. terminus - шекара, шегі) – арнайы ғылыми мағынаны
анықтайтын сөз немесе сөз тіркесі. Қазақша баламасы - атауыш. Терминге
тəн қасиет бір мағыналық (monosemia моносемия, monos бір, біреу; semion –
белгі). Терминология ғылыми түсініктер туралы ілім.
сүйек миы – medulla ossium – қызыл не сары болады, сондықтан да
бұл терминнің толық аталуы medulla ossium rubra – сүйектің қызыл майы
жəне medulla ossium flava – сүйектің сары майы.
Келісілмеген – genetīvus септігінде тұрған зат есімнің басқа бір зат
есімді анықтауы, мысалы: columna vertebrarum – омытрқаның бағанасы, facies
cerebrum – мидың қабаты.
2.Дәрістер
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған
«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №1 Дәріс
ТАҚЫРЫБЫ: Латын тілі жəне оның қысқаша тарихы. Латын алфавиты. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дыбыстардың ұзақтығы мен қысқалылығы. Фонетика.
Жоспар:
1. Латын тілі жəне оның қысқаша тарихы. Латын алфавиты.
2. Латын тілінің дəуірлері.
3. Латын тілінің қазіргі замандағы орны.
Негізгі әдебиеттер
1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006
2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990
3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988
Қосымша әдебиеттер
1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978
2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
Латын тілі Апеннин жарты аралында көне Лаций (қазір Лацио)
мекенінде орналасқан Latini тайпасының атынан шығып отыр. Аңыздарға
қарағанда, біздің заманымыздан бұрынғы 753 жылдары осы аралда ағайынды
Ромул жəне Рем Рома (Рим) мемлекетін көтерген. Рим мемлекетінің
шапқыншылық-басқыншылық саясатының арқасында оның шекарасы барған
сайын кеңейіп, Жерорта теңізінің бассейінінде ғана емес, жақын жатқан
жерлердің бəрін бағындыруының арқасында, Рим мемлекетінің шекарасы
үлкейіп, отарланған елдеріне латын тілінің де ықпалы жүре бастады. Бірақ,
осыған қарамай, б.э.д. 146 жылдары өзі бағындырған Греция жеріне латын
тілінің əмірі жүрмеді. Керісінше, Греция жəне Шығыс елдерінде латын тілі
тарихы тереңде жатқан, мəдени деңгейі биік жергілікті тілдерді бағындара
алмай, эллин (грек) мəдениетінің ықпалына енді. Рим империясында грек
философтары, дəрігерлері, жазушылары_______, ораторлары дəріс оқыды. Сауатты
римляндықтар міндетті түрде грек тілінде сөйлескен. Мектептерде грек тілін
оқытты, өйткені грек тілі ғылымның көп саласына жол ашты. Сөйтіп, грек
тілі латын тілінің қойны-қонышынан бірақ шықты. Кірме грек тілі
латындандырылды жəне латын əліпбесінің кеңеюіне алып келді. Латын
əліпбесіне Y жəне Z (ипсилон, зета) деген екі əріп қосылды.
Латын тілі тарихында келесі кезеңдер көрініс береді:
Архаикалық кезең (б.э.д. 650-480 жылдары) осы заманнан қалған
қолжазбалардан дерек береді. Б.з.б. IV ғасырда өмір сүрген Аристотель
жануарлар жəне өсімдік əлемін қорытындылауға тырысқан, ал оның
оқушысы Феофраст (IV-III б.з.б.) өсімдіктердің құрылысы жəне көбеюі
туралы трактат жазып қалдырған.
Классикаға дейінгі кезең (б.э.д. 3 жəне 2 ғасырларда) - əдеби латын
тілінің аяққа тұру кезеңі болып саналады. Бұл заманнан Теренция мен
Плавтаның комедиялары, Энния мен Невияның поэзиялары, Катонның «Жер
игеру» туралы трактаты хабар береді.
Латын тілінің ең жоғары биігіне жеткен кезеңі, бұл б.з.б. I ғасырда
император Августың билік құрған кезеңі – «Алтын кезең». Алтын немесе
классикалық кезең, латын тілінің грамматикалық, синтаксикалық жəне
стилистикалық мəресіне жеткен кезеңі. Ғалым Диоскорид (б.э.д. I ғ.) 400-дей
өсімдік туралы мағлұмат берген. Соңынан көптеген жануарлар мен өсімдік-
тердің аты латындандырылып, зоологиялық жəне ботаникалық номенклату-
раға енгізілді.
Латын тілінің «Күміс дəуірі» (б. з. 14-117 ж) классикалық латын тілі
дəуірінен шегінген уақыты. Бұл кезде латын əдеби тілінің фонетикалық,
морфологиялық заңдылықтары жəне орфографиялық анықтамалары толық
деңгейіне жеткен кезеңі болатын. Бұл заманның көрнекті жазушылары -
Петроний, Марциал, Тацит, Сенека иЮвенал.
Келесі кезеңді латын тілінің соңғы дəуірі (б.з. 2-5 ғасырлар) алады. Бұл
дəуірде латын тілі басқа да Еуропа елдері тілдерімен араласып кеткен кезеңі.
Бұл кезеңде тарих, заң, жер игеру, сəулет өнері жəне əдеби шығармалар көп
жазылды. Біздің заманымыздың 5 ғасырында Рим империясы құлдырағаннан
кейін де, латын тілі əдеби жəне сөйлесу құндылықтарын жойған жоқ. Бара-
бара Еуропа елдері бір-бірінен алшақтап, əр елде ұлттық тіл пайда бола
бастады. Бұл кезеңде қазіргі Италия, Франция, Испания, Португалия,
Румыния елдерінің территориясында роман тілдері (Romanus - римдік)
қалыптаса бастайды. Осыған қарамай, əр мемлекет ортақ тілге зəру болды –
бұл тіл көп ғасырлар бойы мемлекеттік мекемелер, дипломатия, шіркеу,
білім жəне ғылымда пайдаланған - латын тілі болып келді.
Қайта жаңғыру кезеңінде (15-16 ғ.) Еуропа елдерінің интелектуальдық,
мəдени, заң, ғылым саласына латын лексикасы қайтадан зор ықпал ете
бастайды. Осы заманда жаңа латын əдеби тілі көркейеді. В. Гарвей (1578-
1657), үлкен қан айналу шеңберін ашқан, жануарлар мен өсімдіктердің
жіктелуін реттеген К. Линней (1707-1778), М. В. Ломоносов (1711-1762),
терапия негізін қалаушы М. Я. Мудров (1776-1831) осы дəуірде латын тілінде
өздерінің өшпес еңбектерін қалдырған.
XVII-XVIII ғасырларда қайта жаңғыру дəуірінде көбінше дипломатия,
дін, ғылымда қолданылып, биологиялық ғылымның, əсіресе биологиялық
терминологияның қатты дамуына əсер етті. Швед ғалымы К. Линней (1707-
1778) жануарлар мен өсімдіктердің терминологиясының жіктелуін жетілдіруі
арқылы латын терминологиясына үлкен үлес қосты. Ол əр түр туыстық жəне
түрлік екі атпен аталатын биноминальдық номенклатура енгізді.
XIX-XX ғасырларда жануарлар мен өсімдіктердің терминологиясының
жіктелуі жетілдіріле берді жəне 1955 жылы Парижде анатомдардың VI
конгресінде халықаралық дəрежеге ие болды.
1867 жылы Париж қаласында өткен ботаника конгресінде «Ботаника
заңдылықтарың номенклатурасы», ал 1975 жылы XII халықаралық конгресте
соңғы рет өзгертілген, 1905 жылы Венада қазіргі заманғы халықаралық
ботаникалық номенклатурасының кодексі қабылданды.
Соңынан өзгертулер мен қосымшалар енгізілген халықаралық зоология
номенклатурасының ережелері 1905 жылы Мəскеу қаласында жарық көрді.
XVI Халықаралық зоологиялық номенклатураның кодексі 1963 жылы
Вашингтон қаласында қабылданған.
1992 жылы Цюрих қаласында өткен ветеринарлық анатомдардың дүние-
жүзілік ассоциясының Бас ассамблеясында «Үлкен ветеринарлық анатомия-
лық номенклатура» қабылданды.
Қазіргі кезде жаңа латын əліппесінде 25 əріп бар
Жазылуы Транскрипция Айтылуы Жазылуы Транскрипция Айтылуы
A, a а а N, n эн н
B, b бэ б O, o о о
C, c цэ ц/к P, p пэ п
D, d дэ д Q, q ку к
E, e э э R, r эр р
F, f эф ф S, s эс с
G, g ге г T, t тэ т
H, h га (ха) гх U, u у у
I, i и и V, v вэ в
J, j йот (йота) й X, x икс кс
K, k ка к Y, y ипсилон и
L, l эль л Z, z зэт з
M, m эм м
Латын терминологиясында кейде Ww — дубль вэ деген əріп кездесіп
қалады. Ол неміс тіліндегі [в] немесе ағылшын тіліндегі [у] сияқты
айтылады. Wassermann [Ва.ссэрманн], Webster [Уэ.бстэр], Wilson [Уи.лсон].
Биологиялық, биохимиялық, фармацевтикалық жəне химиялық номен-
клатураларда жануарлар мен өсімдіктердің родтық аты үлкен əріптермен
жазылады:
1) Lacerta [ляцэ.рта] – кесіретке, Urtica [урти.ка] - крапива, Arthropoda
[артро.пода] - буынаяқтылар;
2) химиялық элементтердің аты мен катиондар - Ferrum [фэ.ррум] - темір,
Natrii chloridum [на.трии хлё.ридум] - натрии хлориді;
3) биохимиялық субстанциялар мен биохимиялық препараттар – Serotoninum
[сэротони.нум] - серотонин_______, Tetracyclinum [тэтрацикли. -нум] – тетра-
циклин.
Дауыстардың жіктелуі:
Латын тілінде дыбыстар дауысты (a, e, i, o, u, y) жəне дауыссыз (b, c, d,
f, g, h, k, l, m, n, p, q, r, t, v, x, z) болып бөлінеді.
j əрпінің жəне дауыссыз дыбыстардың айтылуы
Жеке дауыстылар a, e, i, o, u монофтонгтар деп аталады жəне олардың
айтылуы мен аталуы бірдей болып келеді: arenosus [арэно.зус] - құмды, Rana
[ра.на] - бақа, Triticum [три.тикум] - дəн.
Y (ипсилон) əрпі грек тілінен енген жəне дауысты i болып айтылады.
Бұл əріп француз тілінде «игрек» («грек и») деп аталады: pterygoideus
[птэригои.дэус] - қанат тəрізді, symbiosis [симбио.зис] - симбиоз, zygota [зиго.-
та] - зигота.
Егер дауысты i дауысты a, e, o, u əріптерінің алдында тұрса, онда ол
[й] болып - сол əріптермен қосылып орыс тіліндегідей [я], [е], [ё], [ю]
дыбыстарын құрайды: iaponicus [япо.никус] - япондық, maialis [мая.лис] -
мамырлық, Iuniperus [юни.пэрус] - можжевельник.
Кей сөздерде i əріпі дауыстылардың алдында өз алдына, жеке айтылады:
Iodum [ио.дум] - йод, geriater [гериа.тэр] - кəрі жастағы ауруларың дəрігері.
Дауысты [и] дыбысы келесі дауыстылармен қосылып басқа дауыс
бергендіктен, XVI ғасырда латын əліппесіне дауыстылардың алдына қойы-
латын Jj - йот (йота) əріпі қосылды. Осылайша, iaponicus, maialis, Iuniperus
сөздері j əрпімен (japonicus, majalis, Juniperus) деп те жазыла алады. Бірақ, i
əрпінің j əрпіне ауыстырылуы міндетті емес.
Латын афоризмдері:
1.A. lma ma.ter - ұшқан ұя
2. Non scho.lae, sed vi.tae di.scimus - мектеп үшін емес, өмір үшін оқимыз
3. Nu. lla di.es si.ne li.nea - білімсіз бір күн өтпесін
Бақылау сұрақтары:
1. Латын тілінің шығу тарихы.
2. Архаикалық дəуір, ғалымдар, олардың жұмыстары.
3. Классикалық дəуірге дейінгі уақыт.
4. Алтын ғасыр, ғалымдар мен олардың трактаттары.
5. Күміс ғасыр ғалымдары.
6. Кейінгі ғасыр дəуірі.
7. Латын тілінің қазіргі замандағы орны.
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған
«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №2 Дәріс
ТАҚЫРЫБЫ: Монофтонгтар, дифтонгтар және диграфтар. Тұрақты сөз тіркестері, оқылу ережелері. Екпін, буындар түрлері.
Жоспар:
Дауыстардың жіктелуі.
Дауыссыз дыбыстар мен j əрпінің айтылуы.
Дифтонгтердің айтылуы.
Негізгі әдебиеттер
1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006
2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990
3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988
Қосымша әдебиеттер
1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978
2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
Дауыстардың жіктелуі:
Латын тілінде дыбыстар дауысты (a, e, i, o, u, y) жəне дауыссыз (b, c, d,
f, g, h, k, l, m, n, p, q, r, t, v, x, z) болып бөлінеді.
j əрпінің жəне дауыссыз дыбыстардың айтылуы
Жеке дауыстылар a, e, i, o, u монофтонгтар деп аталады жəне олардың
айтылуы мен аталуы бірдей болып келеді: arenosus [арэно.зус] - құмды, Rana
[ра.на] - бақа, Triticum [три.тикум] - дəн.
Y (ипсилон) əрпі грек тілінен енген жəне дауысты i болып айтылады.
Бұл əріп француз тілінде «игрек» («грек и») деп аталады: pterygoideus
[птэригои.дэус] - қанат тəрізді, symbiosis [симбио.зис] - симбиоз, zygota [зиго.-
та] - зигота.
Егер дауысты i дауысты a, e, o, u əріптерінің алдында тұрса, онда ол
[й] болып - сол əріптермен қосылып орыс тіліндегідей [я], [е], [ё], [ю]
дыбыстарын құрайды: iaponicus [япо.никус] - япондық, maialis [мая.лис] -
мамырлық, Iuniperus [юни.пэрус] - можжевельник.
Кей сөздерде i əріпі дауыстылардың алдында өз алдына, жеке айтылады:
Iodum [ио.дум] - йод, geriater [гериа.тэр] - кəрі жастағы ауруларың дəрігері.
Дауысты [и] дыбысы келесі дауыстылармен қосылып басқа дауыс
бергендіктен, XVI ғасырда латын əліппесіне дауыстылардың алдына қойы-
латын Jj - йот (йота) əріпі қосылды. Осылайша, iaponicus, maialis, Iuniperus
сөздері j əрпімен (japonicus, majalis, Juniperus) деп те жазыла алады. Бірақ, i
əрпінің j əрпіне ауыстырылуы міндетті емес.
Қосалқы дауысты дыбыстардың айтылуы
Латын тілінде дербес a, e, i, o, u, y дауыстыларынан басқа екі
дауыстының тіркесінен тұратын ae, oe, au, eu дыбыстары бар. Классикалық
дəуірде бұлардың бəрі де екінші сыңары буын құрай алмайтын дифтонгілер
ретінде оқылған.
Ae дифтонгі [э] дыбысын береді: Algae [а.льгэ] — водоросли, arteriae
[артэ.риэ] — артериялар.
ае
Э
ое
Oe дифтонгі [э] дыбысын: amoeba [амэ.ба] - амеба, Foeniculum [фэни. -
кулюм] - фенхель, укроп.
Au дифтонгі [ав] дыбысын: auris [а.врис] - құлақ, caudalis [кавда.лис] -
құйрықты жағы.
Au ав
Eu дифтонгі [эв] дыбысын: Eucalyptus [эвкали.птус] - эвкалипт, pleura
[пле.вра] - плевра.
Eu эв
Eu дифтонгі сөздің соңында m жəне s дауыссыздарының алдында
дифтонг құрмайды жəне буынға бөлінеді: calcaneus [калька.нэус] — өкшелік_______,
peritoneum [пэритонэ.ум] - ішперде (құрсақ қуысын қаптайтын кілегейлі
қабық).
Кейде биологиялық атауларда грек дифтонгі ei кездеседі де [эй] болып
оқылады: Teichodectidae [тэйходэкти.дэ] - жүн жегіштер, seirosporae [сэйро.
спорэ] - сейроспорлар.
Кей жағдайларда ae немесе oe дифтонг құрмайды жəне əр дауыссызды
жеке айту керек. Бұл үшін екінші дауыстының үстіне қос нүкте қойылады:
aёr [а.эр] - ауа, uropoёticus [уропоэ.тикус] - зəртүзгіщ, Aloё [а.лёэ] – алоэ,
erythropoēsis [эритропоэ.зис] - эритроциттердің пайда болуы, Aquila chrisaĕtos
[а.квиля хриза.этос] - бүркіт.
Дауыссыз дыбыстардың айтылуы
С əрпі e, i, y жəне ae, oe, eu, ei дифтонгтарының алдында [ц] болып
оқылады: сervix [цэ.рвикс] - шея, шейка, Picidae [пици.дэ] - дятловые,
zoocoenosis [зооцэно.зис] - зооценоз.
С əрпі a, e, u дауыстылардың, au дифтонгінің жəне басқа дауыс-
сыздардың (h-тан басқа) жəне сөз соңында тұрғанда [к] болып оқылады:
cranium [кра.ниум] - бас сүйек, coracoclavicularis [коракоклявикуля.рис] -
тұмсықтəрізді-тікенекті.
G əрпі [г] болып оқылады: genotypus [гэно.типус] - генотип, marginalis
[маргина.лис] - шеткі, шет орналасқан.
H əрпі беларусь немесе украин халқының сөздеріндегі [г] сияқты
оқылады - гай, гурт, homo [го.мо] - человек, Hydrargyrum [гидра.ргирум] -
сынап. Бұл əріпті орыс тіліндегі [г] əрпі сияқты оқуға болмайды.
K əрпі түбі латын тілінен шықпаған сөздерде [к] дыбысын беру үшін
қолданылады, əсіресе e, i, y дауысты дыбыстарының алдында: : Kalium [ка.
лиум] - калий, kurilensis [куриле.нзис] - курильдік, oligokinesia [олигокинэзи.
а] - аз қимылдаушылық.
L əрпі дауысты жəне дауыссыз дыбыстылардың алдында [ль] болып
жұмсақ оқылады: lambliosis [лямблио.зис] - лямблиоз, pulmo [пу.льмо] - өкпе,
tridactylus [трида.ктилюс] - үш саусақты.
Q əрпі дауыссыз u əрпімен жəне одан кейін тұратын (a, e, i, o, u)
дауыстылармен ғана бірге қолданылады. Бұл жағдайда ол [кв] болып
оқылады: aqua [а.ква] - су, liquidus [ли.квидус] - сұйық, Quercus [квэ.ркус] -
емен.
S əрпі дауыстылардың ортасында жəне m, n дауыссыздарының жанында
[з] болып, ал басқа жағдайда [с] болып оқылады: plasma [пля.зма] - плазма,
Rosa [роза] - ро.за.
Z грек сөздерінде ғана кездесіп, [з] деген дыбысты білдіреді: Oryza [ори.
за] - күріш, trapezius [трапэ.зиус] - трапеция тəрізді. Zincum [ци.нкум] - цинк
сөзі бұл қағидаға бағынбайды.
Дауыстылар мен дауыссыздардың тіркесі
Ngu əріптерінің тіркесі дауыстылардың алдында [нгв] болып оқылады:
lingua [ли.нгва] - тіл, sanguis [са.нгвис] - қан.
Ti тіркесі классикалық дəуірде барлық жағдайда ти болып оқылған.
Бірақ кейіннен, IV-V ғасырлардың өзінде, ti тіркесі дауысты дыбыстардың
алдында тұрғанда жұмсарып, [tsi] [ци] деп оқылатын болды: ratio [рацио] –
ақыл-ой, (осыдан рациональды), initium [инициум] – бас(ы) (осыдан инициал,
инциатива). Бірақ, ti -sti-, xti-, tti- тіркестерімен келгенде (ti+дауысты
дыбыстың алдында s, x,t əріптері тұрса), Ti [ти] болып оқылады: digestio
[дигэ.стио] - ас қорыту, mixtio [ми.кстио] - араластыру.
Su əріптерінің тіркестері дауыстылардың алдында [св] болып оқылады:
consuetudo [консвэту.до] - əдет, suavis [свавис] - жағымды.
Дауыссыздар тіркесінің айтылуы:
Грек тілінен енген сөздерде кездесетін ch, ph, rh, th тіркестеріндегі һ
əрпі бергі кездерде дыбыстық таңба ретінде қызметін мүлдем жоғалтқан.
Соған орай бұл тіркестер қазіргі кезде төмендегіше оқылып жүр:
ch [х] сияқты: bronchiolus [бронхи.олюс] - бронхиола, Chrysidoidea
[хризидои.дэа] - осы-блестянки.
ph [ф] сияқты: photophilus [фото.филюс] - фотофильдік, polyphagus
[поли.фагус] - полифаг.
rh [р] сияқты: Rhetor [рэ.тор] - шешен.
th [т] сияқты: Anthozoa [антозо.а] - коралл полиптері, Arthropoda [артро.
пода] - буынаяқтылар.
sch əріптерінің тіркестері [сх] болып оқылады: schizogonia [схизого.
ниа] - схизогония, schola [схола] - мектеп.
Х əрпі барлық жағдайда [ks] кс болып оқылады: vix [викс] - əрең, rex
[рекс] – патша, pax [пакс] – тыныштық, бейбітшілік.
1. Латын əліппесінің əріптерін атаңыз. W əрпі.
2. Дауысты жəне дауыссыз дыбыстар.
3. j əріпі жəне дауысты дыбыстардың айтылуы.
4. Дауыссыз дыбыстардың айтылуы.
5. Дифтонгтардың айтылу ерекшеліктері.
6. С əрпінің Ц жəне К болып айтылуының ерекшеліктері.
7. Дауыссыздардың _______айтылуы, мысалдар.
8. S жəне Qu əріптерінің айтылу ерекшеліктері, мысалдар.
9. Дауыссыз жəне дауыстылардың тіркестері, мысалдар.
10. Ngu ,Ti, Su əріптерінің тіркестерінің ерекшеліктері, мысалдар.
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған
«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №3 Дәріс
ТАҚЫРЫБЫ: Анатомиялық терминологияның сөз құрылымы. Қиыспаған және қиысымды анықтауыштар.
Жоспар:
1. Ветеринариялық терминология.
2. Терминге анықтама, номенклатура.
3. Анатомиялық терминология.
Негізгі әдебиеттер
1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006
2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990
3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988
Қосымша әдебиеттер
1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978
2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
Термин (лат. terminus - шекара, шегі) – арнайы ғылыми мағынаны
анықтайтын сөз немесе сөз тіркесі. Қазақша баламасы - атауыш. Терминге
тəн қасиет бір мағыналық (monosemia моносемия, monos бір, біреу; semion –
белгі). Терминология ғылыми түсініктер туралы ілім.
Ветеринариялық терминология - ветеринария саласына қатысты
процестердің, құбылыстарыдың, заттардың ғылыми атауларының жиынтығы.
Ветеринариялық терминология үш терминологиялық топтардан тұрады:
1. анатомиялық
2. клиникалық
3. фармацевтикалық
Номенклатура – атаулар жиынтығы, белгілі бір ғылым ауқымында
қолданынылып жүрген атауыштар мен категориялардың жиынтығы. Қазіргі
кезде медицина мен ветеринарияның терминологиялық қоры 500 мың
терминді құрайды (тарихи анықтама: егер Х ғасырда медициналық бір мың
термин болса, 1850 жылы алты мыңға жуық, ал 1950 жылы 45 мың терминге
жеткен).
Анатомиялық терминдер жеке сөздерден немесе сөз тіркестерінен
тұрады. Мысалы: vertebre – омыртқа немесе articulatio temporo-mandibularis –
самай төменгі жақ буыны.
Терминге қажетті нақтылықты көрсету үшін оның құрамына анық-
тауыш кіреді. Ол жеке бір сөзге емес, толық сөз тіркесіне қатысты болады.
Мысалы: сүйек миы – medulla ossium – қызыл не сары болады, сондықтан да
бұл терминнің толық аталуы medulla ossium rubra – сүйектің қызыл майы
жəне medulla ossium flava – сүйектің сары майы.
Анықтауыштың екі түрі бар:
1. Келісілген – анықталатын зат есіммен тектік түрде жəне септікте
келісілетін сын есім: musculus rectus – тік ішек. Егер зат есімнің бірнеше
келісілген анықтауышы болса, онда бірінші болып ағзаға тиістілігін анық-
тайтын, оның артынан көлемін анықтайтын немесе тұрған жерін анықтайтын
анықтауыштар тұрады; conchae nasalis dorsalis et ventralis – дорсальды жəне
вентральды мұрын кеуілжірлері.
2. Келісілмеген – genetīvus септігінде тұрған зат есімнің басқа бір зат
есімді анықтауы, мысалы: columna vertebrarum – омытрқаның бағанасы, facies
cerebrum – мидың қабаты.
Токсономиялық бірліктегі зат есімнің аталуы
Зат есімнің септеу жүйесіндегі орнын түсіну үшін ботаникалық жəне
зоологиялық номенклатурадағы жіктелу жүйесінде қолданылатын негізгі
токсономиялық категориялардың атауларын жатқа білген жөн.
Жануар жəне өсімдік əлеміндегі жіктелуінің негізгі бірлігі түр
(species, ēi f) болып саналады. Түрлер туысқа (genus, ĕris n), ал туыс – в
тұқымдастыққа (familia, ae f), тұқымдастық – жануарларда тек тармаққа
(отрядтарға -ordo, ĭnis m), өсімдіктерде қатарға (порядки - ordo, ĭnis m), ол өз
кезегінде – текке (кластарға - classis, is f), ал тек – жануарларда тапқа (тип -
phylum, i n), өсімдіктерде бөлімге (отделы - divisio, ōnis f), тап пен бөлімдер –
патшалыққа (regnum, i n) алып келеді. Сонымен, зоологиялық жəне ботани-
калық токсономиялық категория түрден басталып, патшалыққа келіп
тірелетін төңкерілген пирамидаға ұқсайды. Түр атауы биноминальды
номенклатураға сай екі бөлімнен – тектік жəне түрлік атаудан тұрады.
Тектік атау Родовое nom. sg.септеуінде тұрған зат есіммен аталып, бас
əріппен жазылады: Betŭla - қайың, Ciconia - тырна, Tritĭcum - бидай.
Зат есімнің түрді анықтауға қолданылатын кездері болады: Luscinia
luscinia - бұлбұл, Pica pica - сауысқан, Rattus rattus - қара атжалман. Мұндай
атаулар тавтонимдер (грек. to auto onyma - соның өзі) деп аталады жəне тек
зоологияда ғана қолданылады.
Түрлік атауда термин элементтерінің тікелей аудармасына сай келе
бермейтін жағдайлар да болады: Hypoderma bovis - бұқа оқалағы - зат есім
hypoderma, ătis n (тікелей. «теріастылық») жəне ілік септігіндегі зат есім bos,
bovis m, f - бұқа, сиыр деген сөздерден тұрады. Rattus rattus (тікелей аудар-
масы «атжалман-атжалман») «қара атжалман», Canis lupus - қасқыр (тікелей
аудармасы «ит-қасқыр») деп аударылады.
Сын есімдер биологиялық номенклатурада түрдің анықтауышы ретінде
жəне субстантивирленген формада – тұқымдас, бөлім, тектердің уноми-
нальдық атауларында қолданылады. Түрді анықтағанда сын есімдер өзінің
мағынасын жоғалтып, басқаша болып аударылуы да мүмкін: orientālis, e -
шығыстық, бірақ: Blatta orientālis - қара таракан; esculentus, a, um - жеуге
жарамды.
Токсономиялық бірліктегі зат есімнің аталуы
Түрі
Species, ēi,f f
Түрі
Species, ēi,f f
Түрі
Species, ēi,f f
Түрі
Species, ēi,f f
туысы
genus, ĕris n f
туысы
genus, ĕris n
Тұқымдасы
familia, ae f f
Тек тармағы
(Отряд) ordo, ĭnis m жануарларда f
Қатар
ordo, ĭnis m өсімліктерле f f
Класы classis, is f f
табы
phylum, i, n жануарларда
Бөлімі
divisio, ōnis, f өсімдіктерде
Топтама (дүние)
regnum, i n
12
Латын афоризмдері:
1. Ars longa, vita brevis - өмір қысқа, өнер мəңгі.
2. Homo homĭni lupus est — адам адамға қасқыр (жау).
3. Opĕra et studio — Еңбекпен жəне ынтамен.
Бақылау сұрақтары:
1. Термин деген не?
2. Номенклатура дегенді қалай түсінесіз?
3. Терминдегі анықтауыш түрлері?
4. Токсономиялық бірліктегі зат есімнің аталуы.
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған
«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №4 Дәріс
ТАҚЫРЫБЫ: Латын граматикасы. Зат есім және сын есім, салыстырмалы шырай. Құрама аралас анатомиялық терминдер..
Жоспар:
1. Сөз құрау.
2. Грек суффикстері.
3. Грек түбірлі терминоэлементтері.
4. Латын тілінде сөз құраудың екі түрі бар: сөзқұрау жəне аффиксация.
Негізгі әдебиеттер
1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006
2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990
3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988
Қосымша әдебиеттер
1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978
2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
Сөз құрау – екі немесе одан да көп түбірлі сөзден бір сөз шығару: oss-ificatio
– сүйектену.
Аффиксация – сөз түбіріне жұрнақтар мен приставкаларды жалғау
арқылы сөз шығару: аb-duc-tio – алыстату.
Анатомия терминологиясындағы зат есімдердің маңызды суффик-
стері
1. Сөз түбіріне жалғанатын –ul, -cul, -ol жұрнақтары (f) тегінде,
кішірейтетін мағынадағы I септеудің зат есімдерін құрайды: radic-ul-a, a ae, f
– тамыршық (от radix, icis,f – тамыр).
2. -ul, -cul, -ol жұрнақтары (m) жəне (n) тегінде тұрған зат есімдерге
жалғанып, кішірейтетін мағынадағы II септеудің зат есімдерін құрайды. (m)
тегінде тұрған зат есімдер атау септігінде -us -қа, (n) тегіндегі зат есімдер –
um-ға аяқталады: ram-ul-us,i,m - сабақша (от ram-us,i,m – сабақ), tuber-culum,
i, n – төмпешік (от tuber, eris, n – дөңес). Анатомиялық терминологияда -
ul, -cul, -ol жұрнақты көп зат есімдер өздерінің бастапқы кішірейтетін
мағынасын жойған.
3. -tor, -sor жұрнақтары супин түбіріне жалғанып, əрекеттегі зат немесе
жақты білдіретін зат есімді құрайды: reseptor, oris, m – қабылдағыш (reseptum);
flexor, oris, m – бүккіш (flex-um); extensor, oris, m - жазғыш ( extensum).
Анатомия терминологиясындағы сын есімдердің негізгі суффик-
стері
Грек суффикстері
Грек суффикстері (жұрнақтары) латын зат есімдері мен сын есімдерінің
1-3 жіктелуімен аяқталатын сөздермен бірігеді. -īd- жұрнағы жануарлардың
тұқымдастығын (Ranīdae - бақалар, Ciconīdae - тырналар), ботаникалық клас-
тарды (Pteropsīdae - папоротник тəрізді, Pinopsīdae - қылқанды) жазуда
қолданылған.
Гректің eidos (түр, ұқсас) жұрнағынан пайда болған -īd- жұрнағы орыс
тіліндегі зат есімдердің -оид жұрнағына сəйкес келеді: гаплоид -
haploīdum, i n; нуклеоид - nucleoīdum, i n. Латын нұсқасында екпін -īd-
жұрнағына түсетінін ұмытпаған жөн. Бұл топқа грек жұрнағындағы id-ке
аяқталатын, ал орыс тілінде -ид-ке аяқталатын зат есімдер де келіп қосылады:
гликозид - glycosīdum, i n; хроматид - chromatīdum, i n.
-īd- жұрнағына алынған -ide- сын есімдерде -ұқсас-, -тəрізді деген
ұғымды білдіреді, мысалы: ovoideus, a, um жұмыртқа тəрізді; xiphoideus,
a, um қылыш тəрізді.
Грек тілінен енген жұрнақтарға тағы да -ism- жəне -ōs- жұрнактарын
жатқызса болады. -ism- жұрнағы –us-пен аяқталатын сөздерге қосылып, зат
есім терминдерінде қолданылады. Бұл жұрнақ негізделген қандай да бір
құбылыс, күй, қасиет туралы хабар береді: gigantismus, i m гигантизм, бой
өсуінің күшеюі; metabolismus, i m метаболизм, ағзадағы зат алмасу.
Ал, -ōs- -is-ке жалғанып, ауруды, қалыпты жағдайдан ауытқуды білді-
реді: helminthōsis, is f гельминтоз, адам, жануар, өсімдіктердің құрттармен
ауыруы; erythrocўtōsis, is f эритроцитоз, қанда эритцоциттердің көбеюі.
Бірақ, -ōs- жұрнағы көп жағдайда сөз байланыстыру мақсатында
қолданылады: metamorphōsis, is f метаморфоз, форманың өзгеруі; synarthrōsis,
is f синартроз, буындардың дəнекер ұлпа, шеміршек немесе сүйек арқылы
жалғануы.
Зат есімнің негізгі суффикстері
Суффикстер мағынасы мысалдар
-in-a
1) ғылымдар атауы; 2)
омыртқасыздар отрядының
атаулары
Doctrina-ғылымтану; medicina
- дəрігерлік ету; рolymastigina –
көпқылшықтылар
-in-i Braconini – шабандоздар
-in-um Дəрі атауларында penicillinum - пенициллин
-ari-um Қойма, сақтайтын жер
vivarium – жануарларды ұстайтын
жер
-ment-um Іс нəтижесі, зат
linimentum – сұйық сүртпе май;
instrumentum – құрал-сайман
-ul-; -cul-; -ol-
Көлемін азайтып, кішірейтіп
көрсету, дəрі атаулары
tuberculum –төмпешік;
pilula - пилюля;
ValidoIum - Валидол
-it-is қабыну (грек сөздерінде) hepatitis - гепатит, бауыр қабынуы
-oma ісік (грек сөздерінде) osteoma – сүйек ісігі
-id-
Оттегісіз қышқылдар тұздары-
ның анионы
chloridum - хлорид
-as- (-atis) -is (-
itis)
Құрамында оттегі бар қыш-
қылдар тұздарының анионы
nitras, atis - нитрат nitris. itis - нитрит
-ur- Іс-əрекет немесе нəтиже fractura- сынық; scriptura - жазу
-or Физикалық күй
odor - вкус; sapor - запах; color -
цвет; stupor – есеңгіреу, қалшылдау
-tor əрекет етуші адам, зат doctor - оқытушы; scriptor - жазушы
ti-o, -io- Іс-əрекет немесе нəтиже incisio - кесу: lectio - оқу
-tudo –tas күй libertas - бостандық
Сын есімнің негізгі суффикстері
Суффикстер мағынасы Мысалдар
-асе- (us, a, um) -е-
(us, a, um)
-асе- (-ае) -е- (-ае)
1) құрамы, тегі бойынша
заттың сыны
2) заттың түсін айғақтайды
3) ботаникада тұқымдас атауын
білдіреді
chartaceus, a, um -қағаздан;
amylaceus, a, um
- крахмалды; osseus, a, um
- сүйекті; membranaceus, а,
um - жарғақты; argillaceus, a, um –
саз-сары; argenteus, a, um – ақ
күмістей; Violaceae –
көкгүлділер;
-os- (us, a, um)
1) өсімдік атауларының сырт-
қы түрін не орнын білдіреді
2) мөлшерінің көп болуы
Betula verrucosa –
Сүйелді аққайың; vitaminosus –
дəруменге бай
-(on) –eae ботаникада класстар атаулары Monocotyledoneae –бірбөліктілер
Dicotyledoneae – екібөліктілер
-ide-, -oide- (от
греч. eidos -
видный)
(-ae)
1) зоологияда тұқымдастар
атауларында
3) ұқсағыштығын білдіреді
Alaudidae – бозторғай тұқымдас-
тар; rhomboideus – ромб тəрізділер
-i-(us, a, um) -ic-(us,
a, um) -in-(us, a, um)
Заттың сапасын, тəуелділігін
көрсетеді
patrius - əкелік; cephalicus – басқа
тəуелді;
caninus - иттік
-at- (us, a, um) -it-
(us, a, um) -ut-(us, a,
um)
Көрінісін айқындайды
barbatus - сақалды; auritus -
құлақты;
nasutus - мұрынды
-iv-(us, a, um) Қасиетін анықтайды corrosivum – үгітіп, күйдіріп, жеп
жіберуші
-alis (-ales) -aris (-
ares)
1) орын жəне уақытты
2) ботаникада өсімдіктер ретін
анықтайды
vernalis – көктемгі;
polaris - полярлы;
orientalis - шығыстық; frontalis -
маңдайлы; Polygonales –
қарақұмық гүлділер
-bilis (-His) Қабілетін айқындайды vegetabilis, е - өсімдік тектес;
fragilis, е - сынғыш
-ensis (-iensis) Географиялық орнына тəуел-
ділігін білдіреді canadensis, е – канадалық
-esc (-ens) –ntis Ұқсастығын_______, сапасын білдіреді Sorbus lutescens – сарғыш шетен;
Латын афоризмдері:
1. De gustibus non est disputandum – Талғам туралы айтысуға болмайды.
2. Dum spiro, spero – жаным барда, үмітімді үзбеймін (үмітсіз шайтан).
3. Docendo discimus – Оқытып жүріп оқимыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөз құрау дегенді қалай түсінесіз? Мысалдар.
2. Аффиксация деген не? Мысалдар.
3. Сын есімдердің негізгі суффикстерін атаңыз.
4. Зат есімнің негізгі суффикстері.
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған
«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №5 Дәріс
ТАҚЫРЫБЫ: ІІІ септеулік зат есімдерінің ерекшеліктерімен родтық жалғаулары. Сөз құрылымына сәйкес мағынасының өзгеруі. зат есімдері мен құрамы аралас анатомиялық терминдер.
Жоспар:
1. Зат есімнің сөздік формасы.
2. Зат есімдердің тегін (родын) анықтау.
Негізгі әдебиеттер
1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006
2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990
3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988
Қосымша әдебиеттер
1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978
2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
Лагын тіліндегі зат есіммен, оның грамматикалық
категориялармен, зат есімнің септелуін, жіктелуін, зат есімнің түбірін табу
туралы мағлумат беру. Тапсырмаларды жасап жаттығу.
Зат есімнің сөздік формасы үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлім - атау септігінің жекеше түрі
Екінші бөлім - үтірден кейін жазылатын ілік септігінің аяқталуы
Үшінші бөлім - зат есімнің тектік түрінің қысқартылған түрі (m, f, n)
Мысалы: cornu, us n - мүйіз; Formīca, ae f - құмырсқа; nucleus, i m –ядро;
canis, is m - ит
Зат есімнің түбірі ілік септігінің аяқталуын алып тастаумен анықталады:
Жіктелудің түрі сөз түбірінің қай дыбысқа аяқталуына байланысты:
Жіктелу Түбірдің соңғы дыбысы
1 -ā
2 -ŏ/-ĕ
3 дауыссыз/-ĭ
4 -ŭ
5 -ē
Септеу
gen. sg.
аяқталуы
Nom. sg. Gen. sg. зат есімнің
түбірі
I -ae arteria arteriae arteri-
II -i muscŭlus muscŭli muscŭl-
III -is corpus corpŏris corpŏr-
IV -us fructus fructus fruct-
V -ei facies faciēi faci58
Латын тілінің грамматикалық родтарын зат есімнің родтарымен
анықтауға болмайды. Зат есімнің грамматикалық роды жекеше түрде атау
септігінде тұрған зат есімнің аяқталуымен анықталады.
N.B.
1. nom.sing. – er-ге аяқталатын зат есімдер (m) жатады;
2. nom.sing. –us-ке аяқталатын зат есімдер (m) жатады;
3. nom.sing. – a-ға аяқталатын зат есімдер (f) жатады;
4. nom.sing. –u-ға аяқталатын зат есімдер (n) жатады;
5. nom.sing. – en-ге аяқталатын зат есімдер (n) жатады
6. nom.sing. –um жəне on-ға аяқталса, (n) жатады.
Ескерту: латын тілінде кейбір us-қа аяқталатын зат есімдер (f) жəне (n)
кездеседі. Анатомиялық терминологияда (n) родында us-қа аяқталатын зат
есімдер бар: corpus, oris, crus, cruris, pectus, oris, tempus, oris, n.
Жаттығулар:
1. Зат есімдердің тектік түрін (родын) табыңдар::
fibula, tibia, tunica, ulna, membrum, fundus, tarsus, carpus, lamina, bursa,
saccus, esophagus, sternum, collum, cavum.
2. Түрлік атаулардың дұрыс аударылғанына назар аудара отырып,
сөздік формада жазыңдар:
сorpus vertĕbrae, Grus grus, muscŭlus colli, Capsella bursa-pastōris, caput
animālis, articulatio genus, proboscis elephantis, Vespa crabro, cortex Quercus,
Corvus cornix, basis cranii, Sus scrofa, Vulpes vulpes, Ctenocephălus felis, gemma
Betŭlae, Cygnus cygnus, Hypoderma bovis, Panthēra leo.
3. -cul-, ol-, -ul суффикстерін пайдалана отырып зат есім құраңдар
жəне қазақ тіліне аударыңдар:
1) ramus, i, m 4) caput, itis, n
2) venter, ventris, m 5) fovea, ae, f
3) tuber, eris, n 6) lobus, i, m
4.Зат есімдердің сөздік формасын жазыңдар: abdomen, foramen, caput,
cervix, pulmo, corpus, tendo, femur.
5.Зат есімдердің жіктелуін анықтаңдар жəне аударыңдар:
musculi, cerebri, cristarum, vertebrae, animalia, septorum, costarum, septa,
labia, pulmones, labiorum, pulmonum, fossae, labii, caudarum, radices, ossa,
femora, foramina, pedis, cartilagines, articulationes, retium, dentium, ossium,
processus, dentes, ossis, cutis, piscis, cordis, pisces, avis, auris, avium, aurium,
animalium, unguis, narium.
6. Терминдерді екпін қойып, оқып шығыңдар:
medulla ossium flava - сары сүйек миы, medulla ossium rubra - қызыл
сүйек миы, vertebrae cervicales - мойын омыртқалары, canalis nutricius —
қоректендіргіш өзек, facies articularis tuberculi costae - қабырға төмпешігінің
буын беті,
7. Төменде келтірілген зат есімдер қандай тектік түрде (родта)
тұрғанын анықтаңыздар:: pastā, ampullam, ampullas, ampullis, massā,
tincturae, pilulārum, spinŭla, membrāna, metamorphōsis, myomerium,
metabolismus, mutagĕnum, polyptĕrus, saccŭlus, muscŭlus,menthe, terricŏla,
arenicŏla, ramicŏla, metabolismus, exemplar
8. Зат есімнің түбірін табыңдар:
tabuletta, ae f, , Tactivinum, i n, Talcum, i n, Tansalum, i n, mucilāgo, ĭnis f,
succus, i m, Glycyrrhīza, ae f, Ferrum, i n, Quercus, us f, dosis, is f, gutta, ae f,
Capsinum, i n, capsŭla, ae f, stilus, i m, tussis, is f, acĭdum, i n, Ricĭnus, i m,
cortex, ĭcis m, Corglyconum, i n, radix, īcis f, rhizōma Naratriptanum, i n, ătis n,
lactas, ātis m, Convallaria, ae f, Lanolinum, i n, Digitālis, is f, infūsum, i n,
tinctūra, ae f, Natamycinum, i n, Salvia, ae f, Rosa, ae f, Eucalyptus, i f,
extractum, i n, autochōrus, i m, acrŏdons, ontis, Actinomỹces, etis f analўsis, is f,
arsēnis, ītis m, arteria, ae f, fibra, ae f, bacteroīdum, i n, vena, ae f, orthostăsis, is f,
ramus, i m, vibrio, ōnis f, autogĕnus, a, um, pilus, i m, dermatomycōsis, is f,
humus, i f, желудок gaster, tris f, racēmus, i m, manus, us f, cellŭla, ae f,
phagocўtus, i m, rostrum, i n, dermocranium, i n, colonia, ae f, coenobium, i n,
spica, ae f, cortex, ĭcis f, radix, īcis f
9. Зат есімнің жіктелуін жəне түбірін анықтаңдар: leo, leōnis m –
арыстан; far, faris n – нан; solutio, solutiōnis f – ерітінді; nox, noctis f – түн; rex,
regis m – патша; pulvis, pulvĕris m – ұнтақ; mens, mentis f – сана; exemplar,
exemplāris n – экземпляр; radix, radīcis f – тамыр; avis, avis f –құс; mors, mortis
f – өлім; Secāle, Secālis n – арпа; labor, labōris m – еңбек, жұмыс; dens, dentis m
– тіс; rhizōma, rhizomătis n – тамыршық; ars, artis f – өнер; sapor, sapōris m –
дəм. Латын афоризмдері:
1. Fortes fortuna adiuvat- бақыт ержүректерді қолдайды7
2. Sursum corda! – басыңды жоғары ұста!
3. Littera scripta manet айтылған өшеді, жазылған қалады7
Бақылау сұрақтары:
1. Зат есімнің тегін қандай жалғауларға қарап табуға болады.
2. Зат есімнің сөздік формасы.
3. Зат есімнің түбірін қалай табамыз?
4. Токсономиялық бірліктегі зат есімнің аталуы.
Анатомиялық терминде сын есім мен зат есімніңүйлесуі кездесетін болғандықтан, сын есімді оқу болашақ ветеринарлар үшін қажет. Бұл сабақта студенттер сын есімнің категориялармен танысады. Сын есім жəне оның грамматикалық категориялары
Сын есімнің (nomen adjectīvum) орыс тіліндегідей род (тектік түр),
септеу, түр, жіктеу сияқты грамматикалық категориялары бар. Латын зат
есімдері сияқты жіктеледі. Жіктеудің түріне жəне септеудің аяқталуына
байланысты сын есім 1-2 жəне 3 жіктелінуі болып бөлінеді.
Сын есімнің 1-2 жіктелінуі жəне сөздік формасы
Жіктелуіне байланысты латын тілінде сын есімнің 1-2 жіктелінуі атау
септігіндегі үш тектік түр жалғауымен аяқталады.
Род nom. sg. жалғауы мысал
masculīnum -us, -er albus - ақ
niger - қара
feminīnum -a alba - ақ
nigra - қара
neutrum -um album - ақ
nigrum - қара
Masculīnum родындағы сын есімдер 2 жіктеудегі зат есімдер сияқты -us,
-er жалғауымен жіктеледі, feminīnum родындағы сын есімдер –a жалғауына
аяқталатын 1 жіктелу сияқты, neutrum родына аяқталатын сын есімдер –um
жалғауына аяқталатын 1 жіктеудің зат есімдері сияқты жіктеледі.
Жіктеу Nom. sg. Gen. sg.
2 Larus albus
ager niger
Lari albi
agri nigri
1 rosa alba
substantia nigra
rosae albae
substantiae nigrae
2 collum album
rostrum nigrum
colli albi
rostri nigri
Сын есімнің 1-2 жіктелуінің зат есімнен айырмашылығы – ол атау
септігінде ғана болады. Бұл жағдайда атау септігінің тек қана m формасында
жəне үтірден кейін f жəне n родының жалғауы жалғанады:
Зат есім сияқты, -er-ге аяқталатын сын есімдердің көбінде -е жалғауы
түсіп қалады: m тектік түрінде Gen. sg., f жəне n тектік түрінде барлық
септіктерде. Бұл жағдай сөздік формада беріледі: dexter, tra, trum – оң,
sinister, tra, trum – сол.
Сөз түбірінде –е сақтап қалатын сын есімдер:
Liber, libera, liberum – еркін;
asper, aspera, asperum – бүдірлі;
lacer, lacera, lacerum – жыртық;
somnifer, somnifera, somniferum - ұйқы шақыратын.
Сын есімдердің түбірін зат есімнің түбірі анықтағандай, gen. sg.
жалғауын алып тастаумен анықталады.
Түсіп қалатын –е əрпі бар сын есімдер
Casus singularis Pluralis
m f n m f n
Nom Rub -er Rubra Rubrum Rubri Rubr-ae Rubea
Gen Rubr -i Rubrae Rubri Rubrorum
Rubrarum
Rubrorum
Латын афоризмдері:
1. Ignoti nulla, curatio morbi – білмеген (танылмаған) ауруды емдеуге
болмайды
2. Terro incognita - Бейнатыс жер (білімнің бейтаныс аумағы)
3. Nulla dies sine linea – Білімсіз өткен бір күн тұл
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған
«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №6 Дәріс
ТАҚЫРЫБЫ: Латын тіліндегі зат есім, сын есімдердің көпше түрі. Етістік, сан есім, жұрнақ.
Жоспар:
Етістіктің грамматикалық категориялары.
2. Латын тіліндегі етістіктер жіктелуі.
3. Бұйрық рай (Imperativus).
4. Латын етістігінің негізгі тұлғалары мен түбірлері.
5. Латын тіліндегі esse (болу) етістігі.
Негізгі әдебиеттер
1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006
2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990
3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988
Қосымша әдебиеттер
1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978
2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
Рецептің құрамында кездесетін етістіктің түрлерін,
етістіктің грамматикалық категорияларын, негізгі тұлғалары мен түбірлері
туралы мағлұмат беру.
Етістіктің (verbum) грамматикалық категориялары:
1. Шақ (tempus):
_ Инфект жүйесі (аяқталмаған шақ)
· Praesens (осы шақ)
· Imperfectum (өткен шақтың аяқталмаған түрі)
· futurum primum (келер шақтың бірінші түрі – бірінші келер шақ)
_ Перфект жүйесі (аяқталған шақ)
· Perfectum (аяқталған өткен шақ)
· Plusquaperfectum (өткен шақтағы бір іс-əрекеттен бұрын болып кеткен
іс-əрекетті білдіретін өткен шақтың түрі)
· futurum secundum (келер шақтың екінші түрі - келер шақта болуға
тиісті бір іс-əрекеттен бұрын болатын іс-əрекетті білдіреді)
2. Рай (modus):
- ашық рай -- indicatīvus;
- шартты рай -- conjunctīvus;
- бұйрық рай -- imperatīvus.
3. Етіс (genus):
- ырықты -- actīvum;
- ырықсыз-- passīvum.
4. Жақ (persōna):
- бірінші - prima;
- екінші - secunda;
- үшінші - tertia.
5. Көптеу (numĕrus):
- жекеше -- singulāris;
- көпше -- plurālis.
6. Жіктеу (conjugatio):
- бірінші - prima;
- екінші - secunda;
- үшінші - tertia;
- төртінші - quarta.
Латын тіліндегі етістіктер жіктелуінің төрт түрі бар.
Олар бір-бірінен түбірінің соңғы дыбысы арқылы ажыратылады.
I жіктеудің етістіктерінде созылыңқы –а;
II жіктеудің етістіктерінде созылыңқы –е;
III етістіктерінде дауыссыз (leg-) немесе қысқа –u;
IV жіктеудің етістіктерінде созылыңқы –і болып келеді.
Жіктеудің түрі I, II, IV етістіктердің түбірінен –re жалғауын, ал III
жіктеуден –e ◌ﬞre (етістіктік сөздік формасында re-нің алдында тұрған –e ◌ﬞ
қысқалық белгісімен көрсетілгендіктен, –e ◌ﬞre жалғауы алынады) алып
тастаумен анықталады:
Signa-re I - белгілеу
Misce-re II – араластыру
Solv- ◌ﬞere III – еріту
Nutri –re IV – азықтандыру;
Praesens indicativi activi
I жіктеу: signare – белгілеу
Жақ singularis Pluralis
1 Sign-o мен белгілеймін Signа-mus біз белгілейміз
2 Signa-s сен белгілейсің Signa-tis сендер белгілейсіңдер
3 Signa-t ол белгілейді Signa-nt олар белгілейді
Ескерту: Латын тілінде етістіктермен есімдіктер қолданылмайды. I
жіктеудегі 1-ші жақ жекеше түрдегі етістіктің –о- жалғауы түбірдің соңғы а
дауысты дыбысымен бір болып кетеді.
II жіктеу: miscere – араластыру
Жақ Singularis Pluralis
1 misce-o мен араластыра мын misce -mus біз араластырамыз
2 misce -s сен араластырасың misce -tis сендер араластырасыңдар
3 misce -t ол араластырады misce -nt олар араластырады
III жіктеу: dividere – бөлу
Жақ Singularis Pluralis
1 divid-o мен бөлемін divid-i-mus біз бөлеміз
2 divid-i-s сен бөлесің divid-i-tis сендер бөлесіңдер
3 divid-i-t ол бөледі divid- u -nt олар бөледі
Ескерту: III жіктеу етістіктерінің жекеше түр 2-3 жақ етістіктерінде
жəне 1-2 жақ көпше түрлерінде түбір мен жалғаудың ортасына –i, ал 3- жақ
көпше түрде –u – дауысты дыбысы қойылады.
IV жіктеу: audire – тыңдау
Жақ Singularis Pluralis
1 audi-o мен тыңдаймын audi -mus біз тыңдаймыз
2 audi -s сен тыңдайсың audi -tis сендер тыңдайсыңдар
3 audi -t ол тыңдайды audi –u-nt олар тыңдайды
Ескерту: көпше түр 3-ші жақтың IV жіктеу етістіктерінде түбір мен
жалғау арасына–u – дауысты дыбысы қойылады.
Praesens indicativi passivi
I жіктеу: signare – белгілеу
Жақ singularis Pluralis
1 sign-or мені белгіледі signa -mur бізді белгіледі
2 signa -ris сені белгіледі signa –mini сендерді белгіледі
3 signa –tis оны белгіледі signa -ntur оларды белгіледі
II жіктеу: videre – көру
Жақ Singularis Pluralis
1 vide-o мені көреді vide -mur бізді көреді
2 vide -ris сені көреді misce -mini сендерді көреді
3 vide –tis оны көреді misce -ntur оларды көреді
III жіктеу: dividere – бөлу
Жақ singularis Pluralis
1 divid-o мені бөледі divid-i-mus бізді бөледі
2 divid-i-s сені бөледі divid-i-tis сендерді бөледі
3 divid-i-t оны бөледі divid- u -nt оларды бөледі
IV жіктеу: audire – тыңдау
Жақ Singularis Pluralis
1 audi-o мені тыңдайды audi -mur бізді тыңдайды
2 audi -ris сені тыңдайды audi -mini сендерді тыңдайды
Praesens indicativi active et passivi- тің жалғаулары
Жақ Activum Passivum
singularis
1
2
3
-o (-m)
-s
-t
-or (-r)
-ris
-tur
Pluralis
1
2
3
-mus
-tis
-nt
-mur
-mini
-ntur
Бұйрық рай (Imperativus)
Латын тілінде бұйрық рай 2-ші жақтың жекеше түрінде ғана
қолданылады. I, II и IV жіктеуге қатысты етістіктердің жекеше түріндегі
бұйрық райлы тұлғалары олардың (етістіктердің) түбірлерімен сəйкес келеді,
ал көпше түрінде түбіріне–te жалғауы жалғанады.
жіктеу Инфинитив бұйрық рай
singularis Pluralis
I Filtrare сүзу Filtra сүз Filtra - te сүзіңдер
II Miscere Misce Misce – te
IV Audire audi audi – te
III жіктеу етістіктерінде жекеше түрдегі бұйрық рай сөздің түбіріне –е
жалғауы жалғануы арқылы, ал көпше түріндегі етістіктердің түбіріне –te
қосымшасы байланыстырушы (дəнекер) -і дауысты арқылы жалғанады.
Жіктеу Инфинитив Бұйрық рай
Singularis Pluralis
III Solvere еріту Solv -e – еріт Solv - i -te – ерітіңдер
III Docere оқыту Doc - e - оқыт Doc-i-te - оқытыңдар
Латын етістігінің негізгі тұлғалары мен түбірлері:
1. Осы шақтың 1-жақ жекеше түрдегі тұлғасы (praesens indicativi
activi). Бұл тұлға инфект (аяқталған іс-əрекетті білдіруші) түбіріне –о
жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: lauda+o→ laudo мен
мақтаймын, doceo – мен оқытамын, mittо мен жіберемін, capio- мен аламын,
audio- мен тыңдаймын.
2. Өткен шақтың 1-ші жақ жекеше түрдегі тұлғасы (perfectum
indicativi activi). Бұл тұлға барлық уақытта –і-ге аяқталады. Мысалы: laudavi
мен мақтадым, docui – мен оқыттым, misi мен жібердім, cepi - мен алдым,
audivi- мен тыңдадым. Осы тұлғадан –і жалғауын алып тастасақ, перфект
түбірі (негізі) шығады (laudav-,docu –, mis-, cep -, audiv-). Перфект
жүйесіндегі барлық шақтық тұлғалар осы түбірден жасалады.
3. Супин (supinum) – қимылдың, іс-əрекеттің мақсатын білдіруші
етістіктен жасалған есім тұлға. Мысалы_______: venio auditum мен тыңдау үшін
келемін деген сөйлемде venio – келемін – қимыл етістік, ал сол қимылдың
мақсаты auditum – тыңдау үшін деген супинум тұлғасы арқылы беріліп отыр.
4. Осы шақтың тұйық райлы тұлғасы (infinitivus praesentis activi). Бұл
тұлға инфект түбіріне –re жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы:
laudare, docere, mittere, cepere , audiere.
praesens indicativi
activi
perfectum indicativi
activi
supinum Infinitivus
Ausculto мен
тыңдаймын
Auscultavi мен
тыңдадым
Auscultatum тыңдау
үшін
Auscultare тыңдау
Misceo мен
араластырамын
Miscui мен
араластырдым
Mixtum араластыру
үшін
Miscere араластыру
Iungo мен қосамын Iunxi мен қостым Iunctum қосу үшін Iungere қосу
Diluo мен
толықтырамын
Dilui мен
толықтырдым
Dilutum толықтыру
үшін
Diluereя толықтыру
Recipio мен беремін Recipi мен алдым Receptum алу үшін Recipere алу
Audio мен
тыңдаймын
Audivi мен
тыңдадым, есіттім
Auditum тыңдау
үшін
Audire тыңдау, есту
Етістіктердің инфинитиві барлық жіктеуде –re-ге аяқталады. I, II, IV
жіктеулерде бұл жалғау түбірге жалғанады, ал III жіктеуде түбірге –е –
қосымшасы арқылы жалғанады. Сөздікте етістіктердің негізгі формасы
қысқартылып жазылады жəне оң жағында рим цифрімен етістіктің жіктеуі
жазылады.
Ausculto, avi, atum, ere I diluo, lui, lutum, ere III
Misceo, scui, xtum, ere II recipio, cepi, ceptum, ere III
Iungo, nxi, nctum, ere III audio, ivi, itum, ire IV
Латын тіліндегі esse болу етістігінің дербестігінен гөрі көмекшілік
қызметі басым. Негізінен күрделі баяндауыштың етістік бөлшегі ретінде
қолданылады.
Esse етістігінің осы шақтағы жіктік тұлғасы бірде es, бірде s болып
ауыстып отыратын түбірге жіктік жалғауларының жалғануы арқылы
жасалады. Es түбіріне жіктік жалғауы тікелей жалғанса, s түбіріне жіктік
жалғаулары байланыстырушы u дауысты арқылы жалғанады.
Латын тіліндегі Esse болу етістігінің осы шақта жіктелуін неміс тіліндегі
sein болу, ағылшын тіліндегі to be болу, француз тіліндегі etre болу
етістіктерінің жіктелуімен салыстыруға болады.
Жақ Латынша Немісше Ағылшынша Французша
Sing.
1.
2.
3.
sum
es
est
ich bin
du bist
er ist
am
are
he is
je suis
tu es
il est
Plur.
1.
2.
3.
sumus
estis
sunt
wir sind
ihr seid
sie sind
we are
you are
they are
nous sommes
vous etes
ils sont
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған
«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №7 Дәріс
ТАҚЫРЫБЫ: Латын тіліндегі зат есім,сын есімдердің көпше түрі. Етістік, сан есім, жұрнақ.
Негізгі әдебиеттер
1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006
2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990
3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988
Қосымша әдебиеттер
1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978
2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
Invia est in medicina via sina lingua latina
Латын тілінсіз медицинаға жол жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |