Бақылау сұрақтары:
1. «Этиология» жəне «патогенез» терминдеріне анықтама беріңіз.
2. Gĕnus/-генді терминоэлементтеріне аяқталатын сын есімдер қандай
мағына береді?
3. «Маляция» терминінің мағынасы.
4. «Бір аяқтың жансыздануы», «екі аяқтың жансыздануы», «үш аяқтың
жансыздануы», «төрт аяқтың жансыздануы», «дененің бір жартысының
жансыздануы» мағынасын білдіретін терминдерді атаңыздар.
5. Эксцизия, резекция, экстирпация, ампутация, катетеризация термин-
дерінің мағынасын түсіндіріп беріңдер.
Негізгі әдебиеттер
1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006
2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990
3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988
Қосымша әдебиеттер
1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978
2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған
«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №12 Дәріс
Модуль 2 Латын граматикасының клиникалық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: Клиникалық және физикалық белгілер мен қасиеттерді, клиникалық маңызды қатынастарды білдіретін дербес терминоэлементтер.
Жоспар:
1. Сезім мүшелерінің патологиялық күйін білдіретін терминоэлементтер.
2. Емдеу əдістерін, патологиялық күйді білдіретін терминоэлементтер.
3. Ісіктердің латын атаулары.
–opia, -opsia терминоэлементтері көру патологиясын білдіретін офтальмологиялық терминдер құрамына кіреді.
Екі терминді білген жөн:
hypermetropia – жақыннан көрмеу жəне myopia – алыстан көрмеу.
-opsia терминоэлементі «балау мақсатымен тірі ағзадан азғана ұлпанының микроскопиялық зерттеуге алынуы» деген мағына беретін “biopsia” терминінің құрамына кіреді. Жаттығуларда «биопсия» деп қолдануға болады.
Төменде келтірілген терминоэлементтер жеке термин ретінде де терминоэлементтер ретінде де қолданыла береді:
Некроз (necrōsis, грек. nekrōsis өліеттену) - тірі ағзадағы торша топтары, тоқыма не мүше бөлігінің қызметінің қайталанбас тоқтауына алып келетін өліеттену, яғни жергілікті өлу.
Стеноз (stenōsis; грек. stenōsis тарылу) - қуысты мүшенің түтігінің тарылуы.
Склероз (sclerōsis; грек. sklerōsis қату, нығыздалу) - ұлпасын дəнекер ұлпа басқандықтан белгілі бір мүшенің нығыздалып қатаюы.
Стаз (греч. stăsis іркілу, тоқталып қалу) - тамырларда не қуыс мүшелерде (мысалы: қан тамырында қанның, ас қорыту мүшелерінде жынның) физиологиялық сұйықтықтың тұрып қалуы.
Спазм (spasmus; от грек. spasmos немесе spasma) - көлденең жолақты не бірыңғай салалы ет ұлпасының еркінен тыс жиырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |