ПАТОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙ ПРОЦЕСТЕРІН БІЛДІРЕТІН ТЕРМИНОЭЛЕМЕНТТЕР Этиология – аурудың пайда болу себептері;
Патогенез – аурудың патологиялық күй мен процессін, даму механизмі;
Ветеринариялық клиникада «сұйықтық немесе газ + мүшенің аты»
моделімен аталатын терминдер көп қолданылады: pneumothorax – плевра қуысында ауа мен газдың болуы, pyosalpinx – жатыр түтігінде ірің жиналуы. Кейде мұндай терминдер патологиялық күйді білдіретін –ōsis-ке
аяқталады: пневмартроз – буын қуысында газдың болуы.
genĕsis-ке аяқталатын термин - зат есімдер, ағзада қандай бір структуралардың пайда болуын білдіреді: gĕnus-қа аяқталатын сын есімдер де көп кездеседі. Бұл сын есімдер «қандай да бір себептің салдарынан»
(rhinogĕnus –риногенді: мұрындағы патологиялық күйдің салдарынан), «бір нəрсені болдыратын» (smasmogĕnus – спазмогенді: спазм болдыратын).
poёsis – терминоэлементі «пайда болу» мағынасын, басқа «мүшенің орнын толтыру үшін пластикалық операция» мағынасында да қолданыла береді (мысалы: urethropoesis).
malacia – жеке мағына беретін «маляция – некроз немесе дистрофия салдарынан болатын тоқаманың жұмсаруы» термині ретінде қолданылады.
malacia – терминоэлементіндегі екпінге көңіл аударыңыз.
plegia – жансыздану дəрежесін білдіретін терминоэлементтер құрамында қолданылады: мысалы - mono- (бір аяқ), di- (екі жақтан), tri- (үш аяқты),
tetra- (барлық төрт аяғы) , hemi- (бет не дененің бір бөлігінің жансыздануы).