Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ



Дата01.06.2020
өлшемі19,4 Kb.
#71924
түріҚұрамы
Байланысты:
Алиия нормалау
02.04.20 Ғани Гүлназ, 02.04.20 Ғани Гүлназ, СалиГулжайна, аяя срооо охрана


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


БӨЖ

Картоп пен көкөністердің сапа көрсеткіштері

және оларды анықтау

Орындаған:Нұрлыбек Ә.А.



Тобы:АГ-615

Тексерген: Ахметова А.А
Семей 2020

Картоп пен көкөністердің сапа көрсеткіштері және оларды анықтау
Картоптың, көкөніс және жемістің құрамында 60%-дан сарымсақта,96%дейін қиярда су болады.Сондықтан бұларды шырынды топтың өніміне және шырынды өсімдік шикізатына жатқызады. Картоп және көкөністер ауылшаруашылық малдардың тамақтануы мен адамның тамақтануында маңызды роль атқарады.
Көкөніс пен жемістің құрамына көмірсулары (қант,пектин,крахмал) және ақсылдан басқа әр түрлі дәмді және хош иісті заттар(органикалық қышқылдар,эфир майы және т.б.) кіреді,олар жасалған тамаққа дәм мен хош иіс береді және тамақтың сіңірілуіне мүмкіндік жасайды.
Өсімдіктердің шырынды өнімдері маңызды витаминдердің көзі,ал С, Р, Вс (фолий қышқылы) витаминдері бойынша тіпті жалқы болып саналады.В1, В2, В3, В5, В6, В12, В15, ВС, Н, Р, U. A. D. E. K- осы аталған витаминдердің біруінің жетіспеуі мен жоқтығының әсерінен авитаминоз және гиповитаминоз ауруына ұшырайды.
Көкөніс пен жемістер минералды заттарға және калий тұздарына бай және ұлпалардың су ұстау қабілетін төмендетуге бейім.Жаңадан жиналған көкөністерде қоймалжың элементтер:кабачкада 0,4%, укропта 2,3%, бұршақта 2,8% құрайды.Кейбір көкөністер мен жемістер арнайы емделу қабілетімен ерекшеленеді.Алайда осы топтағы өнімдерде энергетикалық құндылықтары аса жоғары емес.Олар қиярда 42 кДж, алмада 192 кДж, картопта 347 кДж. Ал финикиде энергетикалық құндылығы 1176 кДж құрайды.
Қазіргі заманғы тамақтану ғылымының негізі әр түрлі мал тағамдары мен өсімдік тағамдарының организмге қажеттілігінің үйлесімділігіне , адамның жасы мен денсаулығына, оның мінезі мен еңбек ету шарттарына байланысты.Бір адамға бір жылда картоп 110 кг, көкөніс 122 кг және жидек 106 кг қажет етеді.
Көкөніс, жеміс және картоп сақтау объектісі ретінде жақсы зерттелген.Оларды сақтаудың жаңа теориялық негізі жасалған.Бұл топты сақтауды ұйымдастырудың қиындығының негізгі себебі жасуша мен тканьдағы зат алмасуын күшейтеді.Зат алмасуын азайту үшін картопты, көкөністі және жемісті температураға жақын, яғни психроанабиоз жағдайында сақтайды және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (85-98%) жоғары болуы керек.
Ұзақ және қысқа мерзімде сақтауда 60-тан астам түрлі көрініс көкөніс пен 40-тан астам түрлі жемісті өнімдер мен жидек келіп түседі.Тағамның ішкі құрылысының әр түрлілігіне қарамастан ( ботаникалық түр, түрдің әртүрлілігі, сорты мен сапасы) оларды объект ретінде сақтау бәрінде бірдей.Бұл жұмыстағы барлық принциптерде, яғни санитарлық тазалауда, қайтадан өңдеуде және оларды сақтауға дайындалуға мүмкіндік береді.
Әр партияда картоптың, көкөністің және жемістің қандай тобы болса да, біркелкі болуы сирек кездеседі.Үйіндіде түйнектер, тамыржеміс және жемістермен қатар әртүрлі қоспалар(жапырақ, сабақ, сағақтар, топырақ бөліктері т.б.)кездеседі, әрбір сұрыпталмаған топта зақымданған жемістер, түйнектер, тамыр жемістері, қаудан т.б. кездеседі.Өнімде көптеп микроорганизмдер де болады.
Картоп, көкөніс және жемістер тығыз үйілмейді.Олардың аралығында әр уақытта саңлау болады. Аралықтарындағы ауа бүкіл компоненттеріне әсер етеді және құрамы, температурасы, дымқылдығы бойынша атмосфералықтан өзгеше болуы керек.
Сақтауға қойылған шырынды шикізатта, кейде кене(пияз, сарымсақ), жуанқұрт өнімдерді зақымдау түрлері бойынша жүйеленетін және жәндіктер, көбінесе даму кезеңіндегі личинка шыртылдақ қоңыз(сымқұрт) тұқым жегіш т.б кездеседі.Сонымен, картоп, көкөніс және жеміс топтары биоценоз қалыптастырады.Сақтау кезінде оларда физиологиялық, биохимиялық процестер өтіп жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет