Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ



бет29/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік

Ветеринариялық терминология - ветеринария саласына қатысты процестердің, құбылыстарыдың, заттардың ғылыми атауларының жиынтығы.

Ветеринариялық терминология үш терминологиялық топтардан тұрады:

1. анатомиялық

2. клиникалық

3. фармацевтикалық

Номенклатура – атаулар жиынтығы, белгілі бір ғылым ауқымында қолданынылып жүрген атауыштар мен категориялардың жиынтығы. Қазіргі кезде медицина мен ветеринарияның терминологиялық қоры 500 мың терминді құрайды (тарихи анықтама: егер Х ғасырда медициналық бір мың термин болса, 1850 жылы алты мыңға жуық, ал 1950 жылы 45 мың термингежеткен).

Анатомиялық терминдер жеке сөздерден немесе сөз тіркестерінен тұрады. Мысалы: vertebre – омыртқа немесе articulatio temporo-mandibularis – самай төменгі жақ буыны.

Терминге қажетті нақтылықты көрсету үшін оның құрамына анықтауыш кіреді. Ол жеке бір сөзге емес, толық сөз тіркесіне қатысты болады.

Мысалы: сүйек миы – medulla ossium – қызыл не сары болады, сондықтан да бұл терминнің толық аталуы medulla ossium rubra – сүйектің қызыл майы жəне medulla ossium flava – сүйектің сары майы.

Анықтауыштың екі түрі бар:

1. Келісілген – анықталатын зат есіммен тектік түрде жəне септікте келісілетін сын есім: musculus rectus – тік ішек. Егер зат есімнің бірнеше келісілген анықтауышы болса, онда бірінші болып ағзаға тиістілігін анықтайтын, оның артынан көлемін анықтайтын немесе тұрған жерін анықтайтын анықтауыштар тұрады; conchae nasalis dorsalis et ventralis – дорсальды жəне вентральды мұрын кеуілжірлері.

2. Келісілмеген – genetīvus септігінде тұрған зат есімнің басқа бір зат есімді анықтауы, мысалы: columna vertebrarum – омытрқаның бағанасы, facies cerebrum – мидың қабаты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет