L əрпі дауысты жəне дауыссыз дыбыстылардың алдында [ль] болып
жұмсақ оқылады: lambliosis [лямблио.зис] - лямблиоз, pulmo [пу.льмо] - өкпе,
tridactylus [трида.ктилюс] - үш саусақты.
Q əрпі дауыссыз u əрпімен жəне одан кейін тұратын (a, e, i, o, u)
дауыстылармен ғана бірге қолданылады. Бұл жағдайда ол [кв] болып
оқылады: aqua [а.ква] - су, liquidus [ли.квидус] - сұйық, Quercus [квэ.ркус] -
емен.
S əрпі дауыстылардың ортасында жəне m, n дауыссыздарының жанында
[з] болып, ал басқа жағдайда [с] болып оқылады: plasma [пля.зма] - плазма,
Rosa [роза] - ро.за.
Z грек сөздерінде ғана кездесіп, [з] деген дыбысты білдіреді: Oryza [ори.
за] - күріш, trapezius [трапэ.зиус] - трапеция тəрізді. Zincum [ци.нкум] - цинк
сөзі бұл қағидаға бағынбайды.
Дауыстылар мен дауыссыздардың тіркесі
Ngu əріптерінің тіркесі дауыстылардың алдында [нгв] болып оқылады:
lingua [ли.нгва] - тіл, sanguis [са.нгвис] - қан.
Достарыңызбен бөлісу: |