Ti тіркесі классикалық дəуірде барлық жағдайда ти болып оқылған.
Бірақ кейіннен, IV-V ғасырлардың өзінде, ti тіркесі дауысты дыбыстардың
алдында тұрғанда жұмсарып, [tsi] [ци] деп оқылатын болды: ratio [рацио] –
ақыл-ой, (осыдан рациональды), initium [инициум] – бас(ы) (осыдан инициал,
инциатива). Бірақ, ti -sti-, xti-, tti- тіркестерімен келгенде (ti+дауысты
дыбыстың алдында s, x,t əріптері тұрса), Ti [ти] болып оқылады: digestio
[дигэ.стио] - ас қорыту, mixtio [ми.кстио] - араластыру.
Su əріптерінің тіркестері дауыстылардың алдында [св] болып оқылады:
consuetudo [консвэту.до] - əдет, suavis [свавис] - жағымды.
Дауыссыздар тіркесінің айтылуы:
Грек тілінен енген сөздерде кездесетін ch, ph, rh, th тіркестеріндегі һ
əрпі бергі кездерде дыбыстық таңба ретінде қызметін мүлдем жоғалтқан.
Соған орай бұл тіркестер қазіргі кезде төмендегіше оқылып жүр:
ch [х] сияқты: bronchiolus [бронхи.олюс] - бронхиола, Chrysidoidea
[хризидои.дэа] - осы-блестянки.
ph [ф] сияқты: photophilus [фото.филюс] - фотофильдік, polyphagus
[поли.фагус] - полифаг.
Достарыңызбен бөлісу: |