Сыныбы: мектепалды даярлық тобы
Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: 1. Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру.Ф дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.
2. Сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.
3. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: ойландыру, баяндау, көрнекілік әдістері, ойын, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: музыка, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
б) Сабаққа әзірлеу.
в) Психологиялық дайындық жасау.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі отыр.
« Келгенше қонақ ұялады,
Келгеннен соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.
2. Бір, екі, үш
Сынып іші тып – тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
3. Өткен сабақты пысықтау.
- Біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
- Ё дыбысы қандай дыбыс?
- Сөздің қай жерінде кездеседі?
- Ё дыбысы қай тілден енген дыбыс ? Мысалы келтір.
- Тақпақты жатқа сұрау.
- Дыбыс дегеніміз не ?
- әріп дегеніміз не ?
Шардағы буындарды оқу (тёр, дёр, рёш).
Енді осы Ё дыбысын және әрпін тақтаға жазамыз.
4. Жаңа сабақ:
Сабақты «Үш торай» ертегісімен бастау.
Ағайынды үш торай болыпты. Олар – Наф – Наф, Ниф – Ниф және
Нуф – Нуф. Наф – Наф кірпіштен, Ниф – Ниф қамыстан, Нуф – Нуф бұтақтан үй салып алады.
Бір күні қасқыр Ниф – Ниф пен Нуф – Нуфтың үйін үрлегенде ұшырып жібереді. Ал Наф – Нафтың үйін қанша үрлесе де ұшыра алмайды.
Қасқыр қалай үрледі? Оқушылар:
Ф – Ф – Фу! – деп барлығы үрлей бастайды.
Үш торайдың атын бірнеше рет айтқызу.
- Қандай дыбыс естіледі ?
- «Ф» дыбысын хормен қайталату.
- «Ф» дыбысы дауыссыз, көк текшемен белгілейміз.Мысалы: фонтан, фартук, туфли, телефон, Наф-Наф, Нуф-Нуф.
Телефонның суретін көрсету. Сөзге дыбыстық талдау жасау.
Сергіту сәті: Балалар «Ф» дыбысы да орыс тілінен енген дыбыс.
Сондықтан орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. «Ф» дыбысы бар қазақ сөз жоқ болса да Қазақ ұлттық би қимылдарында «Ф» әрпіне ұқсас қимылдарды кездестіреміз. Мысалы: «Ф» әрпі неге ұқсайды ?
Орнымыздан тұрып қолымызды белімізге қойып көрейік, неге ұқсайды ?
Ендеше қазір бәріміз «Қара жорға» биін орындаймыз.
6. Дәптермен жұмыс.
Жұмбақ жасыру: Арқасын тіреп жабысып,
Екі Р қабысып,
Бұл қай әріп ?
Фф әрпінің жазба түрімен таныстыру./тақтада/
Ауада жазу, ф әрпін дәптерде жазу.
Жұмбақ жасыру: Қыста дем алып, жазда тынбайды,
Көкке атылып, жерге құлайды. (Фонтан)
Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа. (Футболшы)
8. Сабақты бекіту.
«Сөз ойла, көп ойла!» ойыны. Допты лақтыра отырып «Ф» дыбысы қатысты сөздер айтқызу.
9. Сабақты қорытындылау.
- Қандай дыбыспен таныстық ?
Ф дыбысы қандай дыбыс ?
Сөздің қай жерінде кездеседі ?
Сұрақтарға жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау, бағалау.
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Майтөбе ауылы
«Шанханай негізгі мектебі» КММ
Ашық сабақ:
Ф дыбысы мен әрпі
Жауапты : Г.М.Байдаулетова
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |