Дəрілік өсімдіктер жəне олардың бөлшектерінің атаулары
Дəрілік өсімдіктер деп, мал ағзасына биологиялық белсенді заттарымен əсер ететін өсімдіктерді айтады.
Дəрілік өсімдіктер шикізаты деп, дəрілік зат ретінде кептірілген немесе кептірілмеген дəрілік өсімдіктер мен олардың бөлшектерін айтады.
Дəрілік өсімдік шикізаты ретінде өсімдіктің əр түрлі бөлшектері қолданылады: бүршігі, гүлі, қабығы, тамыры, сабағы, жапырағы, дəні, жемісі жəне т.с.с.
Қазіргі кезде шипалық қасиеті бар дəрілік өсімдіктердің 21000 түрінен астамы емдік жəне алдын алу мақсатында пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |