Төменде рецепттегі қалыптасқан ұғымдар тізімі берілген:
· Misce, fiat linimentum Араластыр, линимент болсын
· Misce, fiat pasta Аралыстыр, паста болсын
· Misce, fiat unguentum араластыр, сүртпе май болсын
· Misce, fiat suppositorium Аралыстыр, балауыз болсын
· Misce, fiat suppositorium rectāle (vagināle) Аралыстыр, тік ішікке (қыныпқа) қолданатын балауыз болсын
· Misce, fiant suppositoria rectalia (vaginalia) Аралыстыр, тік ішікке (қыныпқа) қолданатын балауыздар болсын
· Misce, fiat bacillus longitudĭne 5 cm et crassitudĭne 0,5 cm Араластыр, ұзындығы 5 см жəне ені 0,5 см таяқша болсын
· Misce, fiat pulvis Араластыр, ұнтақ болсын
· Misce, fiat emulsum Араластыр, эмульсия болсын
· Misce, fiat suspensio Араластыр, суспензия болсын
· Misce, fiant species (көпше түр) Араластыр, құрғақ жиынтықтар болсын
Fiant көпше түріне жəне бұл ұғымда Misceātur” формасы емес, “Misce” формасы қолданылатындығына назар аударыңдар.
Көп қолданылатын бөліктер ( 2 бөлім)
Латын мағынасы мысалдар
1. -cain- Жергілікті жансыздандыру заттары Procainum Tetracainum
2. -cyt- Цитостатиктер (ісік торшаларын өлтіретін; грек. cytos - «торша») Cytarabinum
Cytocristinum
3. -form- Acĭdum formicĭcum құмырсқа қышқылы Xeroformium Iodoformium
4. -ichth(y)- грек. “ichthys” – «балық» Ichthammolum Ichthyolum
5. -poly- грек. “polys” – «көп» Polyphepanum Polymixini B sulfas
6. -rheo- Қан айналымын жақсартатын зат Rheomacrodexum Rheopolyglucinum
7. -zep- антиксиолитиктер – стресске қарсы заттар Diazepamum Bromazepamum
Достарыңызбен бөлісу: |