Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Анатомия терминологиясындағы сын есімдердің негізгі суффикстері



бет34/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік
!16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, .., .., Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, рефрат 11 дене шын Ілесбек Сымбат ППМ-811, ИАП-сессия, ИАП-сессия, psihol-ped pr bagd
Анатомия терминологиясындағы сын есімдердің негізгі суффикстері

Грек суффикстері

Грек суффикстері (жұрнақтары) латын зат есімдері мен сын есімдерінің 1-3 жіктелуімен аяқталатын сөздермен бірігеді. -īd- жұрнағы жануарлардың тұқымдастығын (Ranīdae - бақалар, Ciconīdae - тырналар), ботаникалық кластарды (Pteropsīdae - папоротник тəрізді, Pinopsīdae - қылқанды) жазуда қолданылған.

Гректің eidos (түр, ұқсас) жұрнағынан пайда болған -īd- жұрнағы орыс тіліндегі зат есімдердің -оид жұрнағына сəйкес келеді: гаплоид - haploīdum, i n; нуклеоид - nucleoīdum, i n.

Латын нұсқасында екпін -īd- жұрнағына түсетінін ұмытпаған жөн. Бұл топқа грек жұрнағындағы id-ке аяқталатын, ал орыс тілінде -ид-ке аяқталатын зат есімдер де келіп қосылады:

гликозид - glycosīdum, i n; хроматид - chromatīdum, i n.

-īd- жұрнағына алынған -ide- сын есімдерде -ұқсас-, -тəрізді деген ұғымды білдіреді, мысалы: ovoideus, a, um жұмыртқа тəрізді; xiphoideus, a, um қылыш тəрізді.

Грек тілінен енген жұрнақтарға тағы да -ism- жəне -ōs- жұрнактарын жатқызса болады. -ism- жұрнағы –us-пен аяқталатын сөздерге қосылып, зат есім терминдерінде қолданылады. Бұл жұрнақ негізделген қандай да бір құбылыс, күй, қасиет туралы хабар береді: gigantismus, i m гигантизм, бой өсуінің күшеюі; metabolismus, i m метаболизм, ағзадағы зат алмасу.

Ал, -ōs- -is-ке жалғанып, ауруды, қалыпты жағдайдан ауытқуды білдіреді: helminthōsis, is f гельминтоз, адам, жануар, өсімдіктердің құрттармен ауыруы; erythrocўtōsis, is f эритроцитоз, қанда эритцоциттердің көбеюі. Бірақ, -ōs- жұрнағы көп жағдайда сөз байланыстыру мақсатында қолданылады: metamorphōsis, is f метаморфоз, форманың өзгеруі; synarthrōsis, is f синартроз, буындардың дəнекер ұлпа, шеміршек немесе сүйек арқылы жалғануы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет