Қазақстан Республикасы “Білім және Ғылым” министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы КеАҚ


Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері



бет3/8
Дата25.03.2022
өлшемі353,43 Kb.
#136798
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Биғалиқызы Зере КЯ003 Инклюзивті білім беру
Кызылша. Кызамык, жердің даму тарихы, Дәріс №3 ОЭиП, eUniver - Расписание 2 симестр, қауіпсіздік

Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.


Теориялық негіздемесі «Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім - барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі бала мен басқа д әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім берусоған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне-көп арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. Шындығында олар оқшауланған, қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз.
Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндіг шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Біздің елімізде 1996 жылдан бері қолданылып келе жатқан Халықаралық білімділік «Step by step» бағдарламасы ерекше қажеттілікті балаларды қолдауды, қатардан қалдырмауды қамтамасыз етеді.
1. Балалар отбасы мен қоғамдастықтың мүшесі болып табылады.
2. Әр бала білім алуға құқылы.
3. Әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен қажеттіліктері бар.
4. Балалардың қажеттіліктері назардан тыс қалмай және дербес түрде қанағаттандырылған жағдайда олар жақсы оқиды.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2022-2023жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында төмендегідей мәселелерді қарастрады. 2025 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік база құрылады. Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленеді, мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленеді мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді.
Осы жұмыстардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» «Бала құқықтары туралы», »Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарын және Ережелерді басшылыққа алады.
Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет