Дәріс №7 Шикізатты шығару және оны тасымалдау Кенді ашу жүмыстары. Саз шығаратын участканы (карьер -саггіеге деген француз сөзі, циаггагі кейін латын сөзінен алынған - тас сынықтары) ашық тәсілмен кені қазылып алынған жер қыртысындағы бос жайлар деп атайды. Саз кені жаткан жердің әр уақытта жамылтқы қабаты болады. Оны бос жыныс деп атайды. Осы жамылтқы қабатын сылап аластату жұмыстары жалаңаштау немесе бетін ашу жұмыстары деп аталады. Бұл жұмысты кен шығарудан10-15күнбұрынырақ орындау керек. Егер бұл ашу жұмысын карьерді пайдалану мезгілінде орындайтын болса, онда шығарылатын шикізат үстінде жататын бос жыныспен ыластанып сапасы төмендеп кететіні даусыз. Сондықтан, алдын-ала бос жынысты саз шығаратын участкадан толық аластату маңызды шарт.
Ел жайғасқан жерге және жолға жақын орналаскан карьерлерді, сәтсіз жағдайдан сақ болу үшін, биіктігін 1,5 м етіп қоршап қояды.
Еріген қар немесе жауын сулары карьерді басып кетпеуінен сақтану үшін карьерді айналдыра су ағызатын арық қаздырылады. Арықтан алынатын топырақты тек карьер жаққа қарай тастап, суға тосқауыл құрады.
Кен бетін ашу жүмыстарын көпшілігінде бульдозермен, ал сазды шығаруды - біршөмішті немесе көпшөмішті экскаватормен орындайды.
Саз шығару. Саз шығару керамикалық материалдар мен бүйымдарын өндіру процесіндегі бірінші технологиялық саты. Табиғи саз біркелкі болмайды. Құрамы және қасиеті бойынша әртүрлі болатын бірнеше саз қабаттарынан түратын карьерлер, тіпті жиі кездесіп тұрады. Мұндай жағдайларда сазды барлық қабаттардан бірден және бір мөлшерден шығаруды қамтамасыз етуге тырысады. Сонда карьер шикізат кенінің бар қалыңдығы бойынша бір уақытта біркелкілікпен өңделінетін болады.
Сазды сақтау тәсілдері. Сазды күз және қыс мезгілдерінде дұрыстап сақтау зауыттың ырғақты (ритмді) жұмыс істеуі үшін және тұрақты сападағы керамикалық бұйымдар шығару үшін өте маңызды факторлардың бірі. Әсіресе, маусьммен жұмыс істейтін шағын зауыттар ушін саздарды дұрыстап сақтау факторы шығарылатын бұйымдар енімін асыруды қамтамасыз етеді,
Климаттық жағдайға байланысты қыс және күз мезгілдерінде сазды түрлі тәсілдермен сақтайды: жылыланган ашық карьерде, кең щұңқырларда (котловандарда) және маяларда. Осылардың ішінде жылыланған карьерде сақтау тәсілі тиімді келеді. Бұл тәсілдің мәнісі мынада:
- алдын-ала саз шығарылуы белгіленген жер бөлігінде (участкада) күзде ашу жұмысын жүргізеді, көктемгі жауын және кар еру суың тосқауылдап аластату үшін, бүл жерді айналдыра арық қазып, участканың бетін жылу айырушы материалдарымен (ағаш ұнтағымен, сабанмен, шлакпен, қураймен және т.б.с.с.) жылылап жауып тастайды, Жылылаушы материалдар қопсытылынған және құрғатылған болу керек, Сондықтан, мұндай материалдар қабатын бірінші аяз түсерде төсеп, күздік жаңбыр суына тигізбей құрғақтыгын қамтамасыз етеді.
Жылытушы материалмен жабылған карьерде шикізатты (сазды) бір шөмішті экскаватормен де, көпшөмішті экскаватормен де шығаруға болады. Экскаватор астыңғы көсуімен саз шығарарда рельстік жолды карьердің үстіңгі жағалары бойынша төсейді. Вагонетка үшін жіңішке дөңгелек жолдарын немесе өзі түсіруші автомашина жолын төселінген жылытушы материал қабаты үстімен жүргізеді.
Сазды маусымның ерте кезінде, яғни көктемде, шығару жұмысы жазғы мезгілде шығарудан айырмашылығы жоқ. Экскаватор кең еңдікте (фронтта) жұмыс істейді. Саз шығарылып жатқан жердегі құлама жарды тек түнде күшті аяз болады-ау деген күндері жылылап жабады, ал күндіз жұмыс мезгілінде - көпшілігінде жаппайды.
Қысқы мезгілдерде сазды қысқа (5-8 м) участкалардан ауыспа бойы қалыптаушы цех жұмысын үзбейтіндей шамада шығарады. Ауыспа соңында карьердің қазылған ашық қүлама жерін жылытқыш материалдармен жауып тастайды. Келесі ауыспада экскаватор қасындағы жаңа участкаға көшеді. Саздың жабысып қалуынан сақтану үшін экскаватордың астауын және бункерін электрлік жылытқышпен жылытады, шөмішін ауыспа сайын жылытпай-ақ тазалап тұрады.
Маялау тәсілі. Карьердегі саз қалыңдығы жұқа болған жағдайда тым көп жерді жылытуға тура келер еді, шығарылатын саздың тиімділігі нашар болып шығар еді. Мұндай жағдайларда жазғы мезгілде шығарылған сазды зауыт маңайына маялауға немесе кең шұңқырға тасиды. Сөйтіп, сол жерлерді жылылап жауып тастап, біртіндеп күз-кыс мезгілдерінде әрі қарай өңдеуге тасымалдайды. Бұд тәсілді, әсіресе саз шығарылатын карьер зауыттан едәуір арақашықтықта орналасқан жағдайда қолданған өте тиімді болады.
Маялау мөлшері маусым ішінде жұмсалатын саз көлеміне, байланысты. Қалай болғанда да, маяның биіктігі маялайтын саз көлеміне, қыс кезінде қолданатын экскаваторлар рамасының ұзындығына немесе біршөмішті экскаватордың шөміш жебесініңкөсілуіне байланысты 8-10м аралығында болуы мүмкін, ал ұзындығы 100м дейін созылатын болады. Бұл маядағы сазды үстіңгі көсуімен шығарып береді.
Дәріс №8 Сазды қалыптауға дайындау
Әдетте, саздар табиғи күйінде жақсы сапалы керамикалық материалдар мен бұйымдар жасауға жарамсыз. Оның себебі жүздеген жылдар бойы дала шпаттарының ыдырауынан пайда болған саздық жыныстар өздерінің салмақтарымен тығыздала келе, нашар ірі түйіршіктерден тұратын масса құрайды. Міне, сондықтан, ең алдымен, саздардың осы табиғаттық структурасын бұзып, майдалап және зиянды қоспаларынан ажыратып барып, біртекті және біркелкі етіп араластыра суланған, қалыптауға оңды керамикалық масса дайындайды. Бүл керамика өндірістегі өте маңызды технологиялық процесс.
Шығарылатын керамикалық материалдар мен бұйымдарға сәйкес керамикалық масса дайындарда саздың қалыптасқан структурасын бұзуды табиғи жолмен немесе механикалық өңдеу тәсілдерімен қамтамасыз етеді. Сазды табиғи жолмен өңдеу үшін карьерден алынған сазды зауыт маңайына табан ені 3 м үстіңгі ені 2 м, биіктігі 0,8-1 м мөлшермен маялап, шахматтық тәртіппен, саз маясының үстінен табанына дейінгі тереңдікпен скважиналар бұрғылайды. Осы скважиналар арқылы маяланған саз күзде және жазда сумен қанықтырылады. Сумен қаныққан күйінде саз қыстан көктемге дейін бірнеше рет еріп, ал жазда және күзде ауыспалы режимде бірнеше рет суланып және кеуіп үлгереді. Осындай табиғи жағдайда саздың бірнеше рет мұздап және бірнеше рет еруінің немесе бірде суланып бірде кебуінің нәтижесінде оның структурасы бүзылып, табиғи жолмен өнделуін қамтамасыз етеді. Міне, осы мақсатпен алдын-ала маяланған және суланған сазды қыстату және жаздату тәсілдерін жиі қолданады.
Қыстау тәсілі қолайлы, әсіресе егер саз құнарлы болып, сазараластырғышта қиын суланатын болса және оның технологиялық қасиетін жақсартуға мәжбүр болғанда қыстау тәсілімен саздың өңделуі өте тиімді.
Жаз кезінде маяны шөп-шалаң басып кетуінен сақтау үшін, бетін оқтын-оқтын копсытып отырады.
Ертеде саз алдын-ала қыста мұздатылмаған болса, онда оны жаз бойы мезгіл-мезгіл сулап және күнге құрғату әрекетін жүргізеді. Осындай жағдайда күн жылуы саздағы суды буландырып, кесек түйіршіктердің бүзылып майдалануларын тездетеді. Жаңадан пайда болған түйіршіктер кезекті суланған кезде сырт жақтарынан ісініп, жұқа қабатқа айналады да, күнге құрғаған мезгілде бөлшектене бүзылады. Ондаған сулану және күнге қүрғау циклдарының нәтижесінде саздың табиғи структурасы бұзылып үлгереді. Осылайша өңделген сазды пайдаланумен қатар, карьерден жаңа сазды тасып жаздату үшін маялай бастайды.
Саздың қыс бойы бірде мұздауы және бірде еруі, ал жазда бірде сулануы және бірде құрғау циклдерінің нәтижесінде түйіршіктердің майдалануымен қабат органикалық заттардың шірінің, ерімтал тұздардың сілтілене жуылуына және т.б. себептерге байланысты оның химиялық және физикалық құрамы да өзгеріп кетеді. Сондықтан, саздың қалыпталғыштық және кебулік қасиеттері айтарлықтай жақсарылады, кептіру мезгілі қысқарылады, дайын керамикалық бүйымдардың сапалары едэуір жоғарылайды.
Әдетте, сазды механикалық өндер алдында карьерден әкелінген сазды сумен жібітеді. Себебі жібітудің нәтижесінде саздың қалыпталғыштығы кенеттен жаксарыльш ақаулы бұйымдар саны едәуір азайтылады. Сумен жібітуді карьерде де жүргізуге болады. Судың мөлшері нормалдық қалыптағы саз массасын аларлықтай шамада болуы керек. Ол үшін біршөмішті экскаватормен саз шығаратын орынның ені бойынша жіңішке арық қазып, бойымен скважиндер бүрғылайды. Сазды шығарудан бір тәулік бұрын осы дайын скважиндерге, саз қабатын шылықтыратындай етіп су құяды.
Карьер басында одан шығарылған сазды да сумен жібітуге болады. Ол үшін сазды 20-30 см қалыңдықпен тегістелген алаңға төсей отырып, сулайды. Мүндай қабат бірнеше болу мүмкін. Суланған саз езінің созымталдығына байланысты 2-5 тәуліктер бойы жатуы керек, содан кейін барып зауытқа жөнелтіледі.
Сазды көпшөмішті экскаватормен шығарарда карьерге уақытша сутартқыш жүргізеді де, суды иілмелі шлангамен (шланга - зһ1ап§е -жылан деген мағынадағы неміс сөзінен алынған) экскаваторға келтіреді. Экскаватордың шөміштік рамасының бойымен тесіктері бар күбырлар бекітілген. Сазды қопара шығарумен қабат осы қүбырлардың кемегімен оны үздіксіз суландырып отырады.
Сазды механикалық өңдеу. Сазды механикалық өңдеудегі мақсат - оның структурасын бұзып, ірі қосындыларын майдалау немесе бөлектеу жэне арнаулы коспалармен араластырып суландыру. Ол үшін түрлі технологиялық жабдыктар (жәшіктік қарландырушы түрлі типті жанышқыштар, айнымалы жүгіртпелер (бегундар) саз араластырғыштар және басқа механизмдер) қолданады.
Дәріс №9 Шикізатты шала қүрғақ тәсілімен өңдеу және керамикалық массаны дайындау.
Бүл тәсілді ылғалдылығы төмен шикізат негізінде кәдімгі және тиімді кірпіштер, қуыс денелі керамикалық тастар жасарда қолданады. Мүнда мынандай технологиялық операциялар атқарылады: сазды карьерден алу, оны алдымен ірілеу майдалау, кептіру, үнтақтау жэне ірі фракцияларынан ажырату, сазды ширатқыштармен араластырып, ылғалдылығын керекті шегіне жеткізе масса дайындау. Сүргіштерде, тісті немесе майдалаушы жанышқыларда саздың ірі майдалануын жүргізеді. Әдетте, карьерден келіп түсетін саздардың ылғалдылығы 15-25 % болатындықтан, оны ұнтақтар алдында кептіргіш барабанда 110°С дейінгі температурада құрғатады. Саз кесектерінің ірілігіне байланысты кептірілген саз ылғалдылығы 2-13 % аралығында болады.
Кептірілген сазды жанышқы ұсатқыштарда, жүгіртпелерде, ротациялық және сыртқа тепкіш диірмендерде ұнтақтайды. Сілкімелі електе немесе ауалық жіктемелерде (сепараторларда) ірі фракциялар бөлініп қайтадан ұнтақтауға жіберіледі. Құрғату мен ұнтақтау процесін біріктіре жүргізу, әрине тиімді. Мысалы, шахталы диірменде бүл екі операцияны қабаттастыра орындағанда, материалдың майда түйіршіктері ыстық газдардың ағымымен қамтылып циклонға келіп түседі. Циклоннан ірі түйіршіктері қайтадан диірменге жөнелтіледі. Бүл тәсілде процестің автоматизациялануы жеңілдеу және берілген дисперстегі және ылғалдылықтағы материал алуға мүмкіншілік береді.
Майдаланған сазды созымталсыз материалдарымен
араластыруды және сумен немесе бумен сулауды екі білекті араластырушыларда жүргізеді. Ең жақсы нәтиже тік орналасқан кұбыры бар және төмен жағынан дайын масса ығыстырыла шығарылып алынатын бумен сулаушы шахталы араластырғыштар колданғанда алынады. Оның себебі, булана ылғалданған саз түйіршіктерінің ісінуі сумен араластырғанымен салыстырғанда 3 есе тезірек өтеді. Саз үлпасын пресстер алдында бумен қыздыру оның созымталдық қасиетін жаксартып, пресс қысымдығын төмендетуге және шығарылатын бұйымның қалыптану сапасын жақсартуға себепкер болады.
Дәріс №10 Созымталдық тәсіл.
Саз массасын созымталдық тәсілмен дайындау жұмысы мынандай процестерді қамтиды: сазды карьерден шығаруды, оны және кұнарсыздандырғыш қоспаларды майдалауды, оларды алдын-ала араластырып ылғалдауды, шихтаны ұлпа етіп майдалауды және саз массасын дайындауды. Осы аталған процестерді тек мұқият орындағанда ғана, жақсы сапалы керамикалық бұйымдар алуға мүмкіндік туады.
Алдын-ала араластыру үшін сурет 6.7. көрсетілген араластырғышқа ұсақталған сазды және қүнарсыздандырғыштарды өлшемдеп салады. Керек болған жағдайда ғана суды немесе буды береді. Созымтал саз массасын толық ұнтақтауды тегіс немесе тісті бетті жанышкыларда (вальцаларда), жүгіртпелерде және басқа жабдықтарда орындайды. Уқалай араластыру және майдалау нәтижесінде саздық массасының қалыптану және құрғау қасиеттері жақсара түседі. Ең жақсы нәтиже, әсіресе, ылғалдылығы қалыптау үшін қажет шамадағы саз массасын илегенде алынады.
Егерде саздық массада суды біртіндеп өзіне тартып алатын созымталды қою саз араласқан болса, онда оларды, сурет 6.8 келтірілген саз араластырғышта, сумен немесе бумен ылғалдандыра қосымша өңдейді. Әсіресе, бумен қыздырылған масса аздаған ылғалдылық шамада өте ыңғайлы қалыпталынып, престің өнімділігін 8-10 %-ға көбейтеді және шала фабрикаттың кұрғату ұзақтығы 40-50 %-ға қысқарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |