Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті



бет3/5
Дата11.07.2017
өлшемі1,94 Mb.
#21137
1   2   3   4   5

Сурет 6.8. Саз араластырғыш:

а- бірбілікті саз араластырғыш; б- қосбілікті саз араластырғыш;



1- кең астау кабырғасы; 2- біліктері; 3- біліктер подшипниктері;

4- біліктерге бекітілінген калактар.



Қалыпталынған шала фабрикаттардың біркелкі ылғалдылықта болатындығынан, олардың беріктігі жоғарылау болып, бүлінгендер саны аз шығады.

Сапасы жоғары жұқа қабырғалы бұйымдар (черепица, қасмаңдай плиткалары, әсемдік бұйымдары жэне т.б.) жасау үшін суланылған саз массасын гомогенизаторға береді. Гомогенизатор - (һото§епе5 деген грек сөзінен алынған - біртектілеу, біркелкілеу деген мағынада) биіктігі 7 м жэне диаметрі 5,6 м шамадағы, өзінің тіреу дөңгелегінде айналушы, мұнара тәрізді қондырма. Мұнарада масса бірнеше тәулік бойы жатып, майда түйіршіктерге ыдырап үлгереді. Осының нәтижесінде мұндай саздык масса былайғы технологиялык жабдықтардың өнімділігін 20 % көбейтіп, саздың құрғау қасиетін жақсартады және керамикалык бұйымдардың мықтылығын 20-30 %-га асырады.

Дәріс №11 Керамикалық бұйымдардың жалпы қасиеттері

Құрылыстық керамика бұйымдарына оларды пайдалану процесінде әсер ететін жағдайларға байланысты түрлі талаптар қойылады. Көпшілігінде бұл талаптар керамика бұйымдарының су сіңіргіштігіне, аязға төзімділігіне, механикалық беріктігіне, химиялық және термиялық тұрақтылығына, үйкелістігіне, су өтімдідігіне қойылады. Керамикалық бұйымдардың бұл қасиеттері олардың кеуектігі мен тығыздығына едәуір байланысты.



Керамикалық сүйектің (бүйымының) кеуектігі, әдетте 10-40% аралығында болады. Оның шамасын кеуектендіруші заттар қосу арқылы кең аралықта реттейді. Кірпіштердің және керамикалық тастардың тығыздығын және жылу өткізгіштігін азайту максатымен оларды түрлі пішіндегі куыстықпен шығарады.

Су сіңіргіщтігі - керамикалық сүйектің кеуектігін сипаттайды. Кеуекті керамикалық 6ұиымдардың су сіңіргіштіктері ылғал массасы бойьщша 6-20 %, ал көлемі "бойынша 12-40% Сондай-ақ, тығыз керамикалық бұйымдардікі массасы бойынша 2-10%

Кеуектік пен су сіңіргіштік аралығында тікелей байланыстық жоқ, себебі керамикалык материалдарды су сіңіргіштігіне сынағанда кеуектері түгелдей сумен қанықпайды. Олай болатыны керамикалық сүйекте жабық және майда (диаметрі 1 мкм жетпейтін) кеуектері сумен толтырылмайды. Сондықтан да, кейбір қүрылыстық керамика бұйымдарының кеуектігі су сіңіргіштігінен екі есе жоғары келеді.



Үлгілерді сумен қанықтыру тәсілдері және ұзақтығы, сынауға алынатын үлгілердің саны, сондай-ақ, бұйымдардың нақтылы түрлері үшін қабылданатын су сіңіргіштік шамасы керамикалық бұйымдар стандартында келтірілген. Түрлі бұйымдардың су сіңіргіштігін стаңдарт брйынша аңықтайды.

Жылу өтқізгіштігі - керамикалық бұйымдардың кеуектігі мен
қуыстығына байлаңысты. Ңағыз тығыз керамикалық сүйектің жылу
өткізгіштігі - 1,6 Вт/(м- С). Кеуектігі мен қуыстығы ұлғайған сайын,
керамикалық бұйымдардың тығыздығы мен жылу өткізгіштігі едәуір төмендейді, мысалы қабырғалық материалдардың 1800-700 кг/м аралығындағы тығыздықтарына сәйкес, жылу өткізгіштік
коэффициенттері 0,8-ден 0,21 вт/(м,0С) дейін төмендейді. Осыған сай,сыртқы қабырғаның қалыңдығы және қоршалушы конструкциялардың материал сыйымдылығы азаяды.

Мықтылығы (беріктігі) - керамикалық сүйектің фазалық құрамына, кеуектілігіңе және жарықсыздығына байланысты. Қабырғалық бұйымдардың (кірпіш және т.б.с.с. материалдар) мықтылығы бойынша маркасы олардың қысқандағы мықтылық шектерін сипаттайды, бірақта конструкциялық бұйымдардың (кірпіштердің т.б.) маркасын анықтарда қысқандағы мықтылық шегімен қатар игендегі мықтылық шегінде ескереді. Оның себебі, мысалы, кірпіш үй қабырғаларында ию күш әсерін де қабылдайды. Пайдаланатын жеріне байланысты керамикалык бұйымдар, мысалы, кәдімгі кірпіштер 75-тен 300-ге дейінгі маркада, тығыз керамикалық бұйымдар (клинкерлік - жол кірпіштері және бас). 400-ден 1000-ға дейінгі маркаларда шығарылады.

Аязға тұрактылығы - керамикалык бұйымдардың сумен каныккан куйінде байқаларлықтай бұзылу белгісінсіз (қабаттану, қабыршықтану, шетінеу, мүжілу, бояулану) ауыспалы мұздау және еру циклдар әсерінің нактылы рет қайталану санына шыдамдылығымен сипатталады. Аязға тұрақтылық көрсеткіші ретінде маркасы алынған. Ол МСТ бойынша керамикалық бұйымдардың төзімділігіне сай ауыспалы мұздаңу және еру циклдарының ең көп санымен анықталады.

Ауыспалы мұздану және еру циклының сол ең көп саны бойынша керзмикалық бұйымдардың структураларына байланысты мынандай маркалары болады: 15, 25, 35, 50, 75, 10

Бұйымдардың аязға төзімділігін МСТ бойына анықтайды. Суға 1 қанықтырылған бұйымдар үлгілері мұздатқыш камераға орналастырады да, -15- -20°С температуралык деңгейде 4 сағат бойы ұстайды, содан соң температурасы +15+ +20°С суда кем дегенде 2 сағат бойы батырып қойып, толық жібітеді. Бір мүдцату мен жібіту I бір цикл сынауын қүрайды. Егер қажетті цикл саны 35-ке дейін болса, онда үлгілерді әрбір 5 циклдан соң қарап бұзылу белгілерінің барын не жоғын тексереді, ал егер қажетті цикл саны 35-тен көп болған жағдайда, әрбір 10 циклдардан соң байқайды. Егер сонда қажетті цикл санынан соң, үлгілерде жоғарыда айтылған зақымдылық белгілері байқалмаса, онда олар аязға төзімді болып саналады.

Керамикалық бояулар аязға төзімді болуы үшін олар не тым тығыз болу керек, не оларда судың мұздардағы ұлғаюына кеңістік болатындай артық кеуектердің (капиллярлық қысымы аз болатындыктан, суды ұстай алмайтын диаметрі 200 мкм үлкен кеуектер) жетерліктей болғаны жөн.

Керамикалық бүйымдардың бу және ауа өткізгіштігі үйлердің өзінше ауа алмастыру тынысын тудырады. Бу өткізгіштігі аз болған жағдайда ылғалдылығы жоғары үйдің ішкі қабырға беттері суланып түратыны белгілі. Бу және ауа өткізгіші керамикалық бұйымдардың кеуектілік дәрежесіне және олардың сипаттарына байланысты. Мысалы, су сіңіргіштігі 8,5; 6,5 және 0,25% шала қүрғақтай пресстелініп жасалынған үймаңдай плиткаларының бу өткізгіштігі 0,155; 0,0525 және 0,029 г/(м-сағ.- Па). Бу өткізгіштігі эртүрлі сыртқы қабырға қабаттары ылғалдың жинала беруін туғызады. Айталық, үймаңдай бетін глазурланған плиткалармен қаптау қабырға мен плитка арасында ылғал жиналуына мүмкіндік туғызып, кейін кыс мезгілінде жиналған судың мүзға айналатындығынан плиткалар қабырғадан ажырап түсіп қалатын жағдайлар сирек кездеспейді.

Термиялық төзімділігі - керамикалық бұйымдардың, әсіресе қаптаушы плиткалардың немесе санитарлық бүйымдардың температураның күрт өзгеруіне бұзылу нышанынсыз шыдай беруінде. Қабырғаны іштей қаптауға арналған глазурланған керамикалық плиткалар 125°С температурасына дейін қыздырғанда және температурасы 18-20°С суға батырып, кенет суытқанда ешбір жарыксыз, шетінеусіз, сынықсыз төзімдік білдіруі керек. Плиткалардың термиялық төзімділігін МСТ бойынша анықтайды. Санитарлық керамикалық бүйымдардың үлгілерін (МСТ) екі кайталап сынау (хлорлы кальций ерітіндісінде және температурасы 110°С суда 3 сағат бойы қайнатып барып, температурасы 3 С суды суыту арқылы) нәтижесінде үлгілердің глазурланған бетінде қыл сияқты жіңішке шетінеген жарықтар немесе басқа бүліну белгілері байқалмаса, онда оны термиялык төзімді деп санайды. Санитарлық керамика бүйымдарының термиялық төзімділігін үш рет 85 С дейін қыздырып және температурасы +17-^ +20°С суда суыту сынағына бүліну нышанынсыз төзімділік қабілетімен сипатталынады.

Химиялық төзімділігі - керамикалық бұйымдардың агрессивті ортада түрақтылығы. Бүл қасиеті бойынша қышқылға төзімді (қышқыл әсеріне түрақтылығы) және сілтіге төзімді (сілті әсеріне тұрактылығы) бұйымдар деп бөлінеді. Керамикалық бұйымдардың химиялық тұрақтылығы белгілі мөлшердегі майдаланған бұйымның 1 сағ. бойы күкірт қышқылында немесе 20%-ды тұзқышқыл ерітіндісінде (натрий гидроксиді) қайнатқаннан кейінгі массаның, оның қайнатқанға дейінгі массасына қатынасымен сипатталынады, оны пайызбен өлшемдейді. Химия және термотұрақты бұйымдардың қышқыл төзімділігін МСТ, сілті төзімділігін МСТ бойынша анықтайды. Санитарлық керамикалык бұйымдар глазурасының химиялық тұрактылығын ауданы 25 см" кем емес үлгілерде 24 сағат бойы 10%-дық тұзқышқылы ерітіндісімен немесе 10%-дық сілті (натрий гидроксиді) ерітіндісімен әсер еткеннен кейінгі бұзылу белгісінің жоқтығымен сипаттайды. Глазурдың бұзылу дәрежесін үлгілердің глазурланған бетін қаламмен сызғанда, іздің қалатынымен және оның мөлшерімен тәнтіленеді.

Мықтылығы (беріктігі) - керамикалық бұйымдардың қысқандағы, үзгендегі жэне игендегі мықтылық шегімен сипатталынады. Құрылыстық керамика бұйымдарының мықтылығы МСТ бойынша арнаулы үлгілерді немесе бүтін бұйымдарды, мысалы керамикалык каналдық кұбырларды (МСТ) кирата сынау арқылы анықтайды. Керамикалық бұйымдардың беріктігі олардың құрамына және кеуектігіне байланысты. Кеуектігі ұлғайған сайын беріктігі төмендей түседі. Әдетте, керамикалық бұйымдардың қысқандағы мықгылық шегі 25-500 МПа, игендегі - 10-70 МПа.

Үйкелістігі (тозғыштығы) - үйкеліс күш эсерімен материал өзінің көлемін жэне массасын азайту қабілетімен сипатталынады. Үйкеліс көрсеткіші еденге төселінетін плиткалар үшін маңызды. Плиткалардың үйкелістегі абразивті (егеуші) материал (құм немесе корунд) қабаты төселінген тегістегіш табаққа (дискаға) 0,06 МПа қысымдықпен тиелген плиткалар ауданының бір өлшеміне, келетін масса шығынымен сипатталынады. Мұнда тегістегіш айналмалы табақ төрт рет 30 айналыстан жасау керек және де әрбір 30 айналыстан соң, плиткаларды 90° бұрып қойып отыру қажет.


Дәріс №12 Құрылыстық керамика технологиясының процесі.

Сазды шикізатты қоймалау
Саз шикізаттарын карьерлардан қазып алып, өңдеу заводтарына тасымалдау арқылы жеткізеді. Жеңіл араласатын сазды кірпіш заводтарына карьерларден әкелсе, ал отқа төзімді және ауыр араласатын саздарды арнайы керамика заводтарынан тасымалдайды. Кірпіш заводтарын қысқы уақытта сазбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін карьерлердің беткі қабаттарын ағаш ұнтақтарымен немесе минерал мақта тақталармен жылулайды. Сонымен қатар жаз уақыттарында сазды заводтарда ашық катловандармен биіктігі 6-8м болатын жер асты штабельдерде немесе жабық тереңдігі 4-6м саз сақтағыш қоймаларда саз қорын жинайды. Катловандарға сазды рельсті көліктермен немесе авто самосвадармен , ал жер асты штабелдеріне тек автосамосвалдармен кіргізеді.саз сақтағыш орындар көбірлі, грейферлі крандармен бір рельстегі грейфермен, таспалы конвейерлермен, ал саз темір жолмен жеткізілсе, вагондарды түсіруге арналған эстакадалармен жабдықталған. Саз сақтағыштан сазды өндіріске жеткізу үшін көпірлі грейферлі кран немесе бір шөмішті экскаватор қолданылады.
Дәріс №13 Сазды шикізатты қайта өңдеу және керамика массасын дайындау. Жартылай құрғақ әдіс.
Сазды шикізаттың табиғи құрылыстың табиғи құрылымын бұзу мақсатында қайта өңдеу табиғи және механикалық жолмен жүреді. Сазды табиғи өңдеуге саздың қатты күйінен жұмсақ күйге өтуі жатады. Карьердан алған жіне қоймаланған кезде, саз көптеген атмосфералық әсерлерге ұшырайды: ауыспалы қату мен еру, ылғалдану және кебу, желдену мұның бәрі саздың қопсуына әкеліп элементарлы түйірлерінің бөлшектерінің бұзылуына жетікзеді. Сазды өңдеудің табиғи әдістері ұзақ уақытта және үлкен аумақты қажет етеді. Сондықтан саз шикізатын қайта өңдеудің негізгі үш әдісі бар: жартылай құрғақ (массаның ылғалдылығы 8-13%), пластикалық (18-26%) және шликерлі (45-60% жоғары). әдісті дұрыс таңдау шикізат материалдарының бастапқы қасиеттерімен алынатын өнімге қойылатын сапа талаптарымен бағаланады.

Жартылай құрғақ әдіс бастапқы шикізатты ірі ұсақтау, кептіру, майда ұсақтау, ірі түйірлерін тиеу, оны толықтырғыштармен араластырудан тұрады. Бұл әдісті карьерлік ылғалдылығы төмен құрылымы тығыз сазды шикізатқа қолданылады. Бұл әдіс саз құрамындағы тастарды толық ұсақтауды қамтамасыз етеді. Жартылай құрғақ әдістің кемшіліктері шикізатты ұсақтау алдында кептіру қажеттігі ұсақтау кезінде жабдықтың тозуы, бұйымды престеу кезінде жоғары қуатты престердің қажеттілігі және пішіндеуде 15-40 МПа қысымды қажеттендіру. Жартылай құрғақ әдісті кәдімгі және қуыс саз кірпіштерін тастар мен керамикалық тақталар өндірісінде қолданылады.


Жартылай құрғақ әдіс бойынша массаны пішіндеуге дайындау

Мөлшерлеу


Ұсақтау

Кептіру

Аралық сақтау (шанақ)


Жеткізгіш


Майда ұсақтау


Илеу

Сақтау
Мөлшерлеу


Араластыру




ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР

№ 1 зертханалық сабақ


Тақырыбы: “Қыш материалдар”

Жұмыс мақсаты: Сырттай тексеріп, өлшеу арқылы(ГОСТ 530-80) кірпіштің маркасы менсапасын анықтау

1. Сырттай тексеріп, өлшеу арқылы кірпіштің сапасын бағалау.

Кірпіш сапасын ГОСТ 530-80-ге сәйкес бағалағанда 100 мың даналық топтан іріктелген орташа сынаманы тексеру арқылы жүргізіледі.

Студенттер плакат және стендке(1-сурет) қарап, лабораторияда ГОСТ 530-80 талаптарымен және кірпіштің сан алуан түрімен танысады.

1-сурет
Сыңар кірпіш: ұзындығы 250, ені 120, қалындығы 65 мм;

Модульді кірпіш: ұзындығы 250, ені 120 және қалындығы 88 мм.

Іші қуыс қыш кірпіш: сыңры – ұзындығы 250, ені 120 және 120, қалындығы 65 мм; қалындатылған – ұзындығы 250, ені 120, қалындығы 88 мм; модульдің ұзындығы 288, ені 138, қалыңдығы 65мм.



Іші қуыс қыш тас: ұзындығы 250, ені 120, қалыңдығы 138 мм.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет