Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ филологиясы факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
ТМД елдері әдебиеті ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«»Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
Семей, 2011 ж
Құрастырушы: ф.ғ.к. Сабырбаева Р.Қ.
Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында бекітілген.
« » тамыз 2011ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к.: Ақтанова А.С.
(қолы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты)
Факультеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланған
«___» ______2011ж №___хаттама
Қазақ филологиясы факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді
«___» ______ж 2011 №___хаттама
Факультет деканы ф.ғ.к.: Ф.З.Жақсыбаева
Мазмұны
Силлабус
Пән бойынша глоссарий...............................................................................
Дәрістің қысқаша мазмұны..........................................................................
Семинар .....................................................................................................
СОБӨЖ бойынша сабақтарға әдістемелік нұсқау.
СӨЖ тапсырмалары..................................................................................
Бақылау нысандары..................................................................................
ГЛОССАРИЙ
Ақын-поэзиялық туындыларды, өлең, жыр-дастан, поэмаларды ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі,халықтың көркемдік дәстүрлерін қалыптастырып,жалғастыратын сөз шебері.
Мысал- айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін,көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма.
Кітаби ақын-шығыс әдебиетінің араб, парсы, түркі халықтарында бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап,қазақ арасына таратып отырған, шығыс тілінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса-дастандар шығарушы ақындар.
Айтыс- қазақ және қырғыз халықтарында ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр,топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Қисса-(араб.-әңгіме,ертегі,мысал деген мағына береді )-қазақ әдебиетінде кітаби ақындардың Шығыс әдебиетінің сюжетіне шығарған дастандарын,өлеңмен жазылған ертегі-хикаясының атауы.
Арнау өлең-белгілі бір адамның бейнесін,мінез-сипатын суреттеу мақсатымен жазылған дербес поэзиялық туынды.
Аңыз-қазақ фольклорлық прозасының жанры,елдің тайпа,рудың шыққантегі,кешкен жолы һақындағы немесе тарихта болғанәйгілі адамдар жайындағы көркемдік сипат алған әңгіме.
Ғақлия- (араб.- дана сөз, даналық маржандары деген мағынада)-көркем қара сөз,нақыл сөздің бір түрі.
Дастан- (парсы сөзі- тарихи әңгіме,ертегі, батырлар жыры)-Таяу және Орта Шығыстың,Азияның,Оңтүстік-Шығыстың әдебиеті мен фольклорындағы эпикалық жанр, өлең түріндегі уақиғалы шығарма.
Жыр-қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі,негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы көлемді поэзиялық шығарма.
Жыршы- ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи ғашықтық жырларды айтып таратушы.
Импровизация- өлең-жырды тұтқиылдан суырып салып айту өнері.
Толғау-қазақ, сондай-ақ қарақалпақ,ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі.
Шабыт-өнер адамының шығармашылық қуатының шегіне жетіп тасқындауы,зор жігер, күш пайда болып рухтанушы.
Шайыр- (араб. Ша ир) ақын,орындаушы мағынасында.Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі кітаби ақын. Орта Азия мен Қазақстанда төкпе ақындар мен термеші жыршылар шайыр деп аталады.
Терме-қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі.
Қара өлең-қазақ халық поэзиясының байырғы жанрларының бірі. Он бір буынды, төрт тармақты болып келеді де, ааба түрінде ұйқасады және міндетті түрде бір әуенмен айтылады.
Қара сөз-көркем әдебиеттің үлкен бір саласы,өлең сөзден айырмасы-онда сөз ырғағы еркін,әдебиеттегі сөз қалпына сәйкес келеді,қандайда бір белгілі өлшемдер сақталмайды.
АЗАМАТТЫҚ ЛИРИКА – лирикалық поэзияның заман жайын, әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы. Өмір жөнінде халықтың тағдыры туралы ой-толғамдар ақынның өз көңіл-күйімен терең ұштасып, өзінің өмірге қатынасын суреттеу арқылы көрінеді. Адамның белгілі бір дәуірге байланысты ой-арманы, мақсатын жырлайды. Жалпы әлеуметтік мәселелерді толғайды. Әлеуметтік тақырып, саяси сарындар, әрине лириканың барлық түрінде кезедеседі. Халық қамын оның қоғамдық халін шығармасына арқау еткен әрбір ақын лириксында азаматтық сарын басым болмақ.
ӘДЕБИ ТІЛ – жалпыхалықтық тілдің аясында түзілген, екшелген. Нормаға түсірілген сөздік құрамы, емлелік бітімі, грамматикалық тұлғалары анықталған, халықтың сан-салалы мәдени қажеттілігін өтеуге қабілетті тіл. Әдеби тіл көркем әдебиеттің, ғылымның, білімнің бұқаралық ақпарат құралдарының ресми, іскерлік қатынастардың тілі, сол тілде сөйлейтін халықтың ұлттық қатынас құралы.
ӘДЕБИ ШЫҒАРМА ТІЛІ (көркем әдебиет тілі) – көркем әдебиет шығармаларының тілі. Өмір шындығын бейнелеуші, әйгілеуші, мінездеуші. Сөз құдыреті мен көркемдік шындыққа айналдыратын, ұлт тілінің эстетикалық қызметін үздіксіз жүзеге асырып, шығармашылық мүмкіншілігін көрсететін стильдік, сюжеттік, жанрлық ерекшеліктерден қайталанып отыратын, ортақ сипат, белгілерден құралатын тілдік жүйе. Кейде поэтикалық тіл деп те аталады. Көркем әдеби тіл поэзиялық, яки прозалық шығарманың тілі, сондықтан оның поэтикалық құрылымы осы өзгешелікке де байланысты болады. Мәселен, прозаның тілі поэзия тіліне қарағанда оралымды көп қабатты әсіресе кейіпкер тілінің ерекшеліктерін көрсету мүмкіндігі зор деп есептелінеді.
ӘДЕБИЕТТІҢ КӨРКЕМДІК МӘНІ –сөз өнерінің бейнелілік, суреттілік қасиетінен туындайтын, адамның эстетикалық ой-сезімін қалыптастыруға үлкен әсер ететін ең басты сипатының бірі. Әдебиеттің қоғамдық маңыздылығы оның танымдық, тәрбиелік және көркемдік мәніне негізделеді.
ӘДЕБИЕТТІҢ ҚОҒАМДЫҚ МӘНІ – көркем әдебиеттің халық өміріндегі атқаратын міндеті, танымдық,тәрбиелік, көркемдік маңыздылығы. Танымдық сипат жағынан алсақ, әдебиет бұрынғы соңғы тарихтан ұшан-теңіз мағлұмат беріп, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың ой-қиялын, арманын, сана сезімін танытады. Заман, дәуір тұлғасы адамдардың тұрмыс халі, әдет – ғұрпы, мінезі, әдебиеттен жан-жақты толық аңғарылады. Әр адамның басқан қадамы, атқаратын ісі қоғамдық жағдайға байланысты соның көрінісі.
ӘДЕБИЕТТІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ - әдеби шығарма адамға қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыс уақығалардан нақтылы мағлұмат беріп, оның ой-өрісінің кеңеюіне мүмкіндік береді. Оқырман неше түрлі кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-құлқын, бір-бірімен қарым-қатынастарын өз көздерімен көргендей болып, қоғамдық өмірдегі шиеленіс, тартыстардың сырын ұғуға ұмтылады. Сонымен бірге әдеби шығарма бейнеленген уақиғалар, кейіпкерлер тағдыры оқырманның бүкіл жан – дүниесіне үлкен әсер етіп, оның сезімін де байытады.
ӘДЕБИЕТТІҢ ХАЛЫҚТЫҒЫ – деп шығарманың халықтың тілек-мүддесіне толық сәйкес келер, идеялық-көркемдік сапасын айтамыз. Шынайы халықтық әдебиет заманның ең озат арман-мұраттарын бейнелеп көрсетеді. Шығарма толық мәнінде халықтық сипат алу үшін жазушы сол дәуірдегі қоғамның дамуынан туындап отырған, тарихтың өзі алға қойған ең көкейкесті мәселелерді толғай білуі және оларды халықтың көзімен қарап, түсініп, көркемдеп, баяндап беруі шарт. Әдеби шығарманыңы халықтық сипатын арттыра түсетін маңызды ерекшелік оның қалың қауымның, оқушы жұртшылықтың ой-санасына жанасымдылығы, ұғым түсінігіне жақындығы, өмір құбылыстарын бейнелеу шеберлігінің мейлінше қарапайым және көркем болып келуі.
Пәннің оқу бағдарламасы – (Syllabus)
Оқытушы туралы деректер
Сабырбаева Р.Қ.,ф.ғ.к.,
1.1. Пән туралы деректер
Атауы: ТМД елдері әдебиеті
Кредиттер саны: 3 (сағат 90)
Өту орны: № 3 ғимарат
Оқу жоспарынан үзінді
Курс
|
Се-местр
|
Кредиттер
|
Дәріс сағат-
тары
|
Семи-нар-лар
|
СОБӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлық сағат саны
|
Бақыл.
нысаны
|
3 курс
|
7
се-местр
|
3
|
30
|
15
|
22,5
|
67,5
|
|
емтихан
|
|
1.3 Осы пәнді игеру үшін қажет білім – пәнді игеру үшін дағды мен білім студенттерге берілетін ақпаратты меңгеру, байқау, салыстыру, ойлау, теориялық білімді тәжірибесінде қолдана білуі тиіс.
Осы пәнмен байланысты пәндер – қазақ әдебиеті, философия, эстетика, мәдениеттану, психология.
Қысқаша сипаттамасы: Пәннің мақсаты:
«ТМД елдері әдебиеті» - ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.
«ТМД елдері әдебиеті» пәнінің міндеті – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру; студенттердің шетел әдебиеті пәнінен алған білімін ұштап, бір ізге салу; шетел әдебиетінің даму тарихы туралы мағлұмат беру.
Пәнді оқыту міндеттері.
Курстың теориялық бөлімінде «ТМД елдері әдебиеті» пәнінін ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы мәліметтер беру, семинар сабақтары және зертханалық сабақтары теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді.
ТМД елдері әдебиетінің студенттерді тәрбиелеудегі маңызын ашу.
ТМД елдері әдебиетінің әлемдік өркениеттегі ролін көрсету.
ТМД елдері әдебиетінің дамуы және қазақ әдебиетімен байланысын көрсетіп, қазақ әдебиетіне ықпалын таразылау, саралау.
ТМД елдері әдебиетінің тарихын меңгеріп, оның өкілдерінің шығармаларымен танысу.
1.6. Пәннің негізгі міндеті:
ТМД елдері әдебиеті жайында білім беру
Пән бойынша тапсырмалар орындау және тапсыру кестелері
№
|
Жұмыс түрлері
|
Тапсырмалардың мақсаты мен мазмұны
|
әдебиеттер тізімі
|
Бақылау нысандары
|
Өткізу ұзақтығы
|
1.
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
Орта Азия әдебиетіне жалпы шолу
|
1, 2, 3
|
Ауызша, баяндау
|
1 апта
|
2.
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
Қырғыз әдебиеті. Қырғыз халқының ауыз әдебиеті
«Манас» батырлық эпосы.
|
1, 2, 3, 4
|
Ауызша, баяндау
|
2 апта
|
3.
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
Қырғыз ақындары
|
1, 2, 3, 4
|
Мәтінмен жұмыс
|
3 апта
|
4.
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
Қырғыз жазба әдебиетінің дамуы
|
13, 14, 24, 25
|
конспект
|
4 апта
|
5.
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
Шыңғыс Айтматов шығар-машылығы
|
1, 2, 3, 16, 17, 18
|
өздік жұмыс
|
5 апта
|
6.
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
Тәжік әдебиеті. Халық ауыз әдебиеті.
|
1, 2, 3, 7, 16, 17, 18
|
әдеби талдау
|
6 апта
|
7.
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
ІХ-ХV ғ. тәжік әдебиетінің дамуы және оның өкілдері
|
1, 2, 3, 4, 7
|
конспект
|
7 апта
|
8.
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
ХVІ-ХІХ ғ. тәжік әдебиеті-нің өрлеуі.
|
1, 2, 3, 4, 8, 23
|
Ауызша баяндау
|
8 апта
|
9.
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
Жаңа тәжік әдебиеті
|
1, 2, 3, 8, 20, 21, 22
|
реферат
|
9 апта
|
10.
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
Өзбек әдебиеті. Өзбек фольклоры
|
1, 2, 3, 4
|
Мәтінмен жұмыс
|
10 апта
|
11.
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
Орта ғасырдағы өзбек әдебиеті
|
1, 2, 3, 4, 5
|
конспект
|
11 апта
|
12.
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
ХІХ – ХХ ғ. өзбек әдебиетінің дамуы
|
1, 2, 3, 9, 26, 27
|
Ауызша, баяндау
|
12 апта
|
13
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
Түркмен әдебиеті. Түркмен фольклоры
|
1, 2, 3, 9, 29
|
әдеби талдау
|
13 апта
|
14.
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
ХІІ-ХVII ғ. түркмен әдебиетінің қалыптасуы
|
1, 2, 3, 9, 11, 12
|
өздік жұмыс
|
14 апта
|
15
|
Дәріс, семинар СӨЖ ОСӨЖ
|
ХVІІІ – ХХ ғ. түркмен әдебиетінің тарихы
|
1, 2, 3, 11, 12
|
конспект
|
15 апта
|
Достарыңызбен бөлісу: |