Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет156/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   213
Сабақтың шынайы құндылығы – оның нәтижесi: оқушылардың материалды меңгеруiнiң дәрежесi. Мұғалiм сабақта сырттай тиiмдi тәсiлдердiң қандайын қолданса да, оқушылар тақырыпты меңгермесе, сабақты дұрыс өттi деп айтуға болмайды. Сабақта оқушы тек түсiнiп қана қоймай, бiлiмнiң белгiлi бiр мөлшерiн меңгерiп, қажеттi дағдылар мен бiлiктердi дамытуы керек.
Сабақтың талдауы белгiлi бiр сызба арқылы жүргiзiледi және ол бақылап-зерттеудiң мiндеттерiне қарай өзгерiп отырады. Жалпы түрiнде бұл сызба келесi позицияларды айқындаудан тұрады:
1. Мұғалiм белгiлеген сабақтың мақсаты мен мiндеттерi; оларды орындау үшiн сабақтың қандай түрi таңдалды.
2. Сабақтың мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес жұмыстың тәсiлдерi мен әдiстерi қаншалықты терең ойластырып, таңдалып алынды.
3. Оқу процесiне деген қазiргi заман талаптары дұрыс жүзеге асып жатыр ма, сабақта оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту бiртұтастығы орындала ма.

  1. Сабақ ұйымдастырылуы жағынан қаншалықты дұрыс ойластырылып, жүзеге асырылған (өз уақытында басталуы, жүзеге асырылу уақыты мен материалдың көлемi жағынан, сабақтағы жұмыс минутының тығыздығы жағынан сабақтың әрбiр құрамдық бөлiгiнiң ойластырылуы.); оқытуда даралық әдiс қолданылған ба, үлгерiмi нашар оқушылармен жұмыс жүргiзiлдi ме.

  2. Оқушылардың сабақтағы белсендiлiгi қандай, олардың жаңа бiлiм алуға деген ынта-ықыласы бар ма.

  3. Сабақтың тәрбиелiк, дамытушылық және оқыту мақсаттары жүзеге асырылды ма.

Сабақты түпкiлiктi, тұрақты критерилер негiзiнде абстрактiлi талдауға болмайды. Ең алдымен, әрбiр сабақта жұмыстың барлық тәсiлдерi мен әдiстерiн iздеу қажет. Сабаққа талдау жасағанда келесi нақты жағдайларды ескеру керек:

  1. Тақырыптың ерекшелiктерi. Кейбiр сабақтарда көрнекiлiк және техникалық құралдарды қолданудың, оқушыларды тақтаға шығарудың, кiтаппен жұмыстың қажетi болмауы мүмкiн.

  2. Мектеп мүмкiндiктерi, бөлмелердiң, техникалық және көрнекi құралдардың, кiтапханадағы қажеттi кiтаптардың, мектеп маңындағы алаңдардың болу-болмауы. Сабақты талдағанда мұғалiмнiң материалды терең оқып-бiлу үшiн барлық қажеттi заттарды қолданданғанына көңiл бөлу керек, алайда, сонымен қатар, на?ты орындалатын талаптар қою керек.

  3. Сынып құрамы, оқушылардың дамуы мен қабiлеттiлiгiнiң деңгейi. Сабақ туралы пiкiр оқушылардың жауабы, бақылау жұмыстары, сыныптың дайындығы негiзiнде құралатыны белгiлi.

  4. Мұғалiмнiң даралығы, оның жұмыс стажы, дайындық деңгейi, мiнез-құлқының ерекшелiктерi, денсаулық жағдайы, жұмыстың бұрыңғы нәтижелерi.

Сабақтың талдауын сыртқы сараптамалық бағалаудың түрi ретiнде қарастыруға болады. Сыртқы сараптамалық бағалау – бағалайтын құбылысын жақсы бiлетiн және оған дұрыс, объективтi баға бере алатын адамдар – сарапшылар пiкiрiне сүйенетiн зерттеу әдiсi. Сондықтан сабақ талдауын мектеп басшылығының өкiлдерi немесе тәжiрибелi әрiптес-ұстаздар жүргiзедi. Сабақтың нәтижесін техникасының сызбасы талдау баспадан бiрнеше рет жарық көрді. Ең орынды және дұрысы келесi сызба: педагог, өз пiкiрiнше, неге жете алды, неге жете алмады деген сияқты өз сабағы туралы әңгiмелейдi; содан кейiн барып сарапшы (жетекшi) сабақтың дұрыс деген жақтарын ашады; осыдан кейiн ғана дұрыс емес жақтарына талдау жасау керек; ең соңында сәтсiздiктердi қалай жеңу керектiгi туралы ұсыныстар жасалады; талдау соңында педагогке өз пiкiрiн бiлдiру үшiн сөз берiледi, шығармашылық ғылыми айтыс, әңгiме жүргiзiледi.
Тәрбиелiк жұмыстың нәтижелерiн есепке алу оқушылардың танымдық қабiлеттерiнiң дамуын, сондай-ақ жеке тұлғасының даму деңгейiн бағаламай толық бола алмайды. Бұл бағалауды психологиялық бақылау мен диагностика барысында мектеп психологi жүргiзедi. Психологиялық бақылау мен диагностика – психологтiң педагогикалық ықпал-әсер нәтижелiлiгiн анықтау мақсатында жүргiзетiн тексеру шараларының жиынтығы. Тексеру шаралары, негiзiнен, жай ғана бақылаудан, сабақтың психологиялық талдауынан, тесттерден тұрады. Психологиялық диагностикада белгiлi бiр психологиялық мiндеттердi орындау үшiн арнайы таңдалып алынған бiрнеше әдiстерді қолданады.
Психологиялық диагностиканың ең көп тараған түрi тест. Психодиагностикада тестер арқылы белгiлi бiр зерттелетiн психикалық сипаттардың даму дәрежесiнiң салыстырмалы сандық және сапалық көрсеткiштерiн алуға болады. Мұндай тест дәлдiк, берiктiк, объективтiлiк талаптарына сай болу керек. Тестiң берiктiгi дегенiмiз оның сол нәтижелердi бiрнеше рет, ұқсас жағдайларда көрсетуi. Дәлдiк дегенiмiз тестiң тест жасаушысы өлшегiсi келетiн дәл сол психологиялық құбылыстарды тауып, өлшеуi. Айтылғандардан белгiлi болғандай, бұндай тестердi жасау мен қолдану арнайы бiлiм мен уақытты қажет етедi. Сондықтан психологиялық диагностиканы тек қана психолог-маман жүргiзуi керек. Алынған мәлiметтер негiзiнде психолог мұғалiмге оқу-тәрбие процесiн психологиялық қамтамасыз ететiн кепілдеме дайындайды.
Осылайша, оқу-тәрбие процесiнiң нәтижелерiн тексеру тұтас болу керек, ол жүйеде өткiзiлуi керек. Оны жүзеге асырумен мамандардың барлығы: ұстаздар, оқу мекемесi басшылығының педагогтары, психологтар, әдіскерлер айналысуы керек. Мектептерде педагогикалық іс-әрекет нәтижелерiн есепке алу мен бағалау мектеп iшiндегi бақылауға енгiзiлген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет