Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет154/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   213
Артта қалушылық – дидактикалық, әдістемелік, психологиялық, медициналық және әлеуметтiк-педагогикалық аспектiсi бар күрделi мәселе екенiн айта кеткен жөн. Сондықтан оны шешу де күрделi болу керек.
Көптеген педагогтар оқушыны оқушы бiлiмiн бағалау процесiне қатысты белсендi орынға қоятын әдiстердi қолданады. Бiлiм, бiлiк және дағдыны бағалаудың, бақылаудың стандарттан тыс формалары қолданылады: өзiн өзi бағалау, бiрiн бiрi бағалау. Өзiн өзi бағалауда оқушы өз еңбегiн өз бетiнше тексерiп, бағалайды, бiрiн бiрi бағалауда – сыныптастар бiр бiрiнiң жұмыстарын тексерiп, баға қояды.
Тексеру әдiстерiн таңдау тексерушiнiң өз алдына қойған мақсаттары және мiндеттерiмен анықталады. Оқу жұмысы жүйесiнде қажеттi жүйелiлiк пен оқушылардың үлгерiмi сапасын терең бақылауды қамтамасыз ету үшiн бiлiмдердi тексеру мен бағалаудың жоғарыда келтiрiлген әдiстерiнiң барлығы да қолданылуы керек.
Тәрбие жұмысының нәтижесiн бағалау. Тәрбиелiк жүйені кәсiби ұйымдастырудың құрамында, мiндеттi түрде, педагогикалық талдау компонентi болуы керек, бұл талдау негiзiнде педагогтар тәрбие барысының дұрыстығын, оның белгiлi дәрежеде жемiстi екенiн бiле алады, ұйымдастыру шараларын жетiлдiрiп, немесе оған уақытқа, балалар жасына, оқиғалар мен жағдайларға бйаланысты түзетулер енгiзе алады. Педагогикалық талдау – бұл тәрбиенiң мәндiк элементтерiн бағалай отырып қарастыру.
Тәрбиелiк процестi бақылау, ең алдымен, оқу процесiнiң барысында жүзеге асырылады, өйткенi негiзгi тәрбие жұмысы сабақ үстiнде жүргiзiледi. Тәрбиелiк процестi бақылауда сынып жетекшiсiнiң сабақтан тыс жұмысын, балалардың қоғамдық ұйымдарының, клубтардың, үйiрмелердiң, секциялардың іс-әрекетiн, сондай-ақ, осы жұмыстың жалпы нәтижелерiн зерттеу ерекше орын алады.
Тәрбиелiк процестi бағалау үшiн көптеген бағалау сипаттамалары бар бала тәрбиелiлiгiнiң негiзгi ұғымдары енгiзiледi. Оқушы тәрбиелiлiгi – оның жекелiк дамуының педагогтар қойған мақсатқа сәйкес келу дәрежесi. Тәрбиелiк процестiң нәтижелiлiгiн анықтау – оқушылардың тәрбиелiлiк деңгейiн айқындау деген сөз.
Тәрбие жұмысын бағалаудың шынайылығына тәрбиелiлiк өлшемдер анықтау арқылы жетуге болады. Бұл өлшемдер екi үлкен топқа бөлуге болады, оның бiрiншiсi жалпы жеке тұлғалық сипаттаманы айқындаумен байланысты болса, екiншiсi жекелеген белгiлер мен қасиеттердiң қалыптасуымен, тәрбиелiк ықпал етудiң белгiлi бiр әдiстерiн қолданумен байланысты аралық, жиi-жиi нәтижелердi тексеруге қатысты.
Аралық немесе қортынды кезеңдегi тәрбиелiк процестiң қортындысы мен нәтижесiн талдау үшiн қолданылатын бiрiншi топтың өлшемдері негiзiнде жеке тұлғаға деген жалпы талаптар болуы мүмкiн. Бұл талаптарды қоғам дамуы процесiнде өзгерiп отыратын әлеуметтiк тапсырыс анықтайды.
Екiншi топ өлшемдерiн келесi топтарға бөлуге болады:
а) Тәрбие нәтижелерiнiң сыртқы түрпішінде – пайымдауларда, бағаларда, әрекеттерде көрiнiс табуымен байланысты өлшемдер.
ә) Тәрбиешiнiң көзiнен таса құбылыстармен, яғни сөзiнде, қылықтарында, iс-әрекеттерiндегi сыртқы көрiнiстерiмен сәйкес келмейтiн адамның себеп-салдарларымен, iшкi ұстанымымен байланысты өлшемдер .
Кәсiби педагогикалық іс-әрекет жемiсi, немесе оның нәтижесi балалардың тәрбиелiлiгi болып табылады. Балалардың тәрбиелiлiгiнiң деңгейi қаншалықты жоғары болса, педагогтiң кәсiбилiгiнiң бағасы соғұрлым жоғары болады. Алайда мәселенiң мұндай қойылуы әдiлетсiз көрiнуi мүмкiн, өйткенi педагог алдына келген балалардың өзiнiң мектепке дейiнгi өмiрiнiң нәтижесi ретiндегi тәрбиелiлiгiнiң деңгейi әртүрлi болады: бiр топта – ақылды, мейiрiмдi, тәрбиеге бой ұсынатын балалар; ал басқа топта – дамымаған, агрессивтi, күтiм көрмеген балалар. Бастапқы тәрбие ар?ауы сәтсіз болғандықтан, нәтижесi де әртүрлi болады.
Мұндай қарама-қайшылықтан шығудың жолы – тәрбиелiк процестi бағалау өлшемдерiнiң үшiншi тобын енгiзу – балалардың өзгеру мөлшерлерi, “қандай болды” және “қалай өзгердi”, даму мен рухани баю динамикасы. Балаларды бiр бiрiмен емес, тек оларды өткендегiсi мен осы шақтағы тәрбиесімен салыстырса ғана кәсiби әдiлеттiлiк сақталады.
Тәрбие нәтижелерiн бағалау мәселесiнде оларды өлшеу амал-тәсiлдерiн iздестiру ерекше орын алады. Осылайша, жеке тұлғаның тәрбиелiлiгiн бағалау негiзi ретiнде жеке тұлғаның белгiлi бiр түрпішініңде көрiнген қандай да бiр сипаттамалық немесе өзектi қасиеттер тобын алу керек. Бұл қасиеттердiң даму деңгейiн, белгiлi мағынада, баланың тәрбиелiлiгiнiң көрсеткiшi деп есептеуге болады.
Тәрбиелiк жұмыс нәтижелерiн бағалаудың негiзгi әдiстерi ретiнде бақылап қарауды, әңгiме-сұқбатты, оқушылардың әртүрлi құбылыстарға қатынасы бойынша тақырыптарға шығармаларын, тестiнi есептеуге болады.
Тәрбиелiлiктiң кейбiр көрсеткiштерiн арнайы диагностикалық әдiстер арқылы бiлуге болады. Осындай амал-тәсiлдер аз емес: сауалнама, анкета, шығарма, тест. Педагогикалық диагностикалық әдiстер баланың құндылық қатынастарын (оның бар екенiн және мөлшерiн) анықтайды, өйткенi олардың барлығы баланы “ерiктi таңдау” орнына қояды және бұл таңдау арқылы оның жақсылық не жамандықты, ақиқат не өтiрiктi, әсемдiк пен ұсқынсыздықты ажырата алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет