Ауызша бақылау әдiстерi – бұл сұқбат, оқушы әңгiмесi, түсiндiрме, текстi оқу, технологиялық карталар, сызбалар, тәжiрибе туралы хабарлар. Ауызша бақылаудың негiзiн оқушының монологиялық жауабы (қортынды бақылауда бұл толығырақ, жүйелi баяндама) немесе мұғалiм сұрақ қойып, оқушыдан жауап алатын сұрақ-жауап формасы – сұқбатты құрайды. Ауызша бақылау әр сабақ сайын жеке-дара, жаппай немесе құрастырылған формада жүргiзiледi. Оқушылардан жеке-дара сұрақ-жауап алу мұғалiмге меңгеру деңгейi туралы толығырақ және нақтырақ мәлiмет алуға мүмкiндiк бередi, бiрақ, екiншi жағынан, ол басқа оқушыларды сабақта әрекетсiз қалдырады. Жаппай сұрақ-жауап алу барлық оқушыларды бiрден қамтыса да олардың бiлiмдi меңгергенi туралы үстiртiн мағлұмат бередi. Оқытудың белгiлi бiр уақыт аралығындағы бiлiмдi тексерудiң ең тиiмдi де толық түрi сынақ (зачет) пен эмтихан болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |