Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет149/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   213

Мектеп iшiндегi бақылау жүйесiнде педагогикалық процестiң жай-күйiн зерттеу келесi мәселелердi тексерудi керек етедi: мектеп жасындағы балалардың барлығына толық бiлiм беру туралы белгiленген талаптарды орындау; мемлекеттiк оқу бағдарламаларын толық көлемде орындау; оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдыларының деңгейi (тексеру жұмыстары негiзiнде анықталады); оқушылардың тәрбиелiлiк деңгейi.

Аталып кеткен ?ортындыға байланысты мектеп құжаттарын жүргiзу, оқытудың тәрбиелiк сипатының болуы, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстардың сапасы, барлық оқушылардың үйлесiмдi ақыл-ой және жекелiк дамуын қамтамасыз ететiн оқыту процесiнiң даралануы (мектеп психологiнiң қатысуымен жүргiзiледi) тексерiледi.


Оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдыларын тексерудiң негiзгi әдiстерi. Оқыту процесiнiң құрамды бөлiгiнiң бiрi болып келген оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдыларын тексерудiң мақсаты оқушылардың оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерiмiн есепке алу. Мұғалiмге оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруi аз. Оқушылардың бiлiмдерiндегi кемшіліктерді анықтап, мұғалiм оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсiлдерiн үйретедi. Бiлiм сапасына ерекше мән берiледi, ол мына қасиеттермен сипатталады: бiлiмнiң толықтығы мен ғылымилығы – белгiлi бiр оқу пәнiнiң мектеп бағдарламасына сәйкес өзегi болатын негiзгi мағлұматтар, түсiнiктер мен ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар; бiлiмдердi меңгеру саналылығы – оқушының ғылыми заңдар негiзiнде фактiлердi, құбылыстарды, материалдық әлем заттарын түсiндiре алуы, бiлiмдердi ұқсас жағдайларда қолдана алу және бiлiмдер мен іс-әрекет әдiс-тәсiлдерiн жаңа жағдайларға көшiре алуы; бiлiмдер жүйелiлiгi – жаңа түсiнiктер мен ұғымдардың оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген бiлiмдермен тығыз байланысы; берiктiк – жинақталған бiлiм саны мен іс-әрекет әдiс-тәсiлдерiнiң оқушы есiнде сақталуы.
Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестiк, еңбекқорлық, ынталылық, берiлген тапсырманы дер кезiнде орындау мен оның сапасына деген жауапкершiлiк сияқты оқушы жеке тұлғасының басты қасиеттерiнiң қалыптасуы оқушылардың бiлiмiн тексеру мен бағалау қалай жүргiзiлгенiне байланысты. Осылайша, тексеруге тек бақылаушылық қана емес, сонымен қатар, тәрбиелiлiк пен дамытушылық қызметтерi де тән.
Оқушылар бiлiмiнiң, бiлiк және дағдалырының сапасын бақылау келесi элементтерден тұрады:

  • бiлiмдi қабылдау, мәнiн түсiну және есте сақтау деңгейiнде тексеру, яғни оқушының сабақта мұғалiмнен және өздiгiнен оқулықты оқығанынан алған бiлiм санын еске түсiре алуын тексеру (бұл көбiнесе теориялық метариалды тексеруге қатысты);

  • бiлiмдердi ұқсас жағдайда қолдану деңгейiнде, яғни үлгi бойынша тексеру;

  • бiлiмдердi ойлаудың кейбiр дәстүрлі емес элементтерiн көрсетудi талап ететiн жаңа жағдайда қолдану деңгейiнде тексеру.

Оқушылардың бiлiмiнiң, бiлiк және дағдаларының сапасын бақылау келесi мақсат пен мiндеттер арқылы анықталады:

  1. Оқушылардың белгiлi бiр пән бойынша бiлiмдерiнiң шынайы жай-күйi және бұл бiлiмдердiң лайықты мемлекет бағдарламаларының талаптарына сай болуы.

  2. Тәжiрибелiк бiлiк пен дағдаларды ұқсас және жаңа жағдайлар деңгейiнде игеру дәрежесi.

  3. Бүкiл сыныптың немесе жеке бiр оқушы бiлiмiнiң нашар болуының себебi.

Процесс ретiнде бiлiм, бiлiк және дағдыларды бағалау жеке оқушыны бақылау (тексеру) барысында жүзеге асырылады. Бағалаудың шартты көрiнiсi баға, ол көбiнесе балл түрiнде болады. Отандық дидактикада бағаның 4 балдық жүйесi қалыптасқан: “5” – толық меңгерген (өте жақсы); “4” – жеткiлiктi меңгерген (жақсы); “3” – жеткiлiксiз меңгерген (қанағаттанарлық); “2” – мүлдем меңгермеген (өте нашар).
Бiлiм сапасының сандық көрсеткiшi мына формула бойынша анықталады: k=Z/n, Z – “4” және “5” бағалары бар оқушылар саны, n – оқушылардың жалпы саны.
Үлгерiм бағасын оқыту сапасы мен оқушылардың танымдық белсендiлiгiнен бөліп ?арауға болмайды. Оқушылардың оқып жатқан материалды меңгеру дәрежесiне объективтi және әдiл баға берудiң маңызы зор болғанымен, қойылатын бағаны оқушыларды оқу іс-әрекетiне мәжбүр ету амалына айналдыруға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет