Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты


МОДУЛЬ 3 Мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару



бет163/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   213
МОДУЛЬ 3 Мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару


Тақырып 24 Мектепішілік басқару және оны әдістемелік жабдықтау (2сағат)


Мақсаты: Білім беру жүйесімен оқу орындарының қызметін және олардың даму жолдарын реттейтін маңызды нормативтік құжаттарды зерттеу.
Міндеттері:

  1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі нринциптеріне сипаттама беру және Қазақсатан Республикасы білім беру орындарының қызметтерін ашып көрсету.

  2. Білім беру стандарттары мен олардың негізгі қызметтерінің мәнін ашу

  3. Республикадағы орта білім беру жүйесінің маңызды жақтары мен даму барысын көрсету

Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы

  2. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.

  3. Білім берудің мемлекеттік стандарттары.

  4. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары.

  5. Орта білім беру жүйесінің даму тенденциялары.

Білім беру жүйесі өз қызметінің барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.Аз ғана уақыт аралығында елде жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары құрылып,жалпыға бірдей оқу ісі жүргізілді.Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңде барлық әлеуметтік-экономикалық өмірдің түбірі мен өзгеруі білім саласының да қайта құрылуына қажеттілік туғызды.Осы орайда білім беру ісінің заңдық базасын жасау қолға алынды.1992ж,1999ж білім,жоғары білім туралы заңдар қабылданып,білім саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы,орта білімнің даму концепциясы мен білім берудің мемлекеттік стандарттары бекітілді.Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі заңының ережелеріне сүйенеді.1999ж 7 маусымда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды.

  1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады.

    • Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі;

    • Әрбір азаматтың интелектуальдық дамуы,психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып,халықтың барлық деігейдегі білімге қол жеткізуі;

    • Білім берудің зайырлы сипаты.

    • Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту.

    • Білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;

    • Оқушыларды кәсіптік бағдарлау;

    • Білім беру жүйесін ақпараттандыру;

Білім беру ұйымдарының өзара әрекеттестігі жиынтығы ретінде жоғарыда көрсетілген заң ҚР-ның білім беру жүйесін айқындайды,оқыту бағдарламалары мен мемлекеттік білім беру стандарттары,басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады.Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

  • Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;

  • Жеке адамның шығармашылық,рухани,адамгершілік пен салауатты өмір салтының бірлік негіздерін қалыптастыру.

  • Республиканың қоғамдық-саяси,экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін,жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру.

Білім беру ұйымдарының дәрежесі «Білім туралы» заңының талаптарына сәйкес олардың ережелерінде белгіленеді.
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативтік құжаттардың бірі білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады,солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады.Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:

  • Мүдделі жақтардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін,жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру;

  • Білім берудің салалары мен сатылары бойынша стандарттық сабақтастығы мен келісімін сақтау;

  • Оңтайлы қалыптағы білім берудің мазмұндық бірлігі.

  • Оқушылардың оқу жүктемесін бірыңғайлауға мүмкіндік жасау.

Білім беру стандарты оқу жоспарларымен оқу бағдарламаларының негізінде жасалады.Оқу жоспарлары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын оларды оқу барысы мен ретін,әрбір пәнге берілген сағат санын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет