ХХ-ХХI ғасырлар тоғысында?ы басқару бiлiмiнiң қарқынды өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң еңбектерiн атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерiн ұсынған. Ғылыми басқарудың теориялық негізі кеңестік әдіснамалық мектепте жасалған дәл осылар болады [3]. “Басқарудың классикалық теориясы” 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында “басқарушылық қатынастар теориялары” атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс жайған, тәжiрибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдiстерiн кеңiнен енгiзу әрекетi де осы теориямен байланысты. “Адамдық қарым-қатынас теорияларының” орнына, басқарудың жүйелiк теориялары, жағдайаттық теориялар, басқарудың рационалистiк (ақыл-ой талабына ғана негiзделген) және мiнез-құлықтың жағымды жақтарын бiрiктiруге ұмтылған, ұйымдастырушылық даму теориялары келдi.
Мектептi басқару мәселесiне арналған көптеген зерттеулер бар: оларда мектептi басқарудың (Э.Г. Костяшкин, Ю.А. Конаржевский, В.П. Стрезикозин, П.В. Худоминский, Т.И. Шамова, Н.Д. Хмель, Н.Н. Тригубова, т.б.) мәнi ашылады. Басқарушылық еңбектi ғылыми ұйымдастырудың жүйесiн енгiзу бойынша (И.П. Раченко, Умирбекова Ж.Б., Г.Т. Хайруллин, Г.А. Уманов т.б.); мұғалiмдердiң шығармашылық зерттеушiлiк және эксперименталды қызмет-әрекетiн ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгiзу бойынша (А.А. Бейсенбаева, Л.И. Гусев, В.И. Журавлев, В.И. Загвязинский, Б.А. Койшибаев, В.В. Краевский, Г.Л. Лукпанов, М.Н. Скаткин, Я.С. Турбовский, т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С. Бенцион, Г.И. Горская, Л.С. Коробкова, Ш.Т. Таубаева, В.П. Топоровский, т.б.); мамандықты көтерудiң психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негiзiн құру бойынша (Г.С. Сухобская, А.С. Пискунов, т.б.); Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың мамандығын көтеру жүйесiн дамыту тарихы бойынша (Б.А. Альмухамбетов т.б.) жұмыстар жүргiзiледi. Мектеп басқарудың жаңашылдық аспектiлерi М.М. Поташкин, В.С. Лазарев, Л.И. Моисеев, И.И. Цыркун, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. еңбектерде талданған. Алайда, мектеп басшыларын ұйымдастыруға және мектепке жаңалық ендіруді басқаруға даярлаудың әдiснамасы және маңызы педагогика ғылымында жеткiлiктi баяндалмаған.
Басқарудың қызметтерiн тек дидактикалық тұрғыдағы аспектiлермен шектеген қате болар едi. Бiлiм беру мектептерiндегi педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелiк жүйесі де басқаруға келеді. Әсiресе, мектептердегi тәрбиелiк жұмыстың тәрбиенiң қалыптасқан стереотипiнiң түбегейлi өзгеруiмен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың түпкiлiктi ауысуымен қазiргi кезеңiндегi қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтiк-экономикалық өмiрiндегi қиыншылық жағдай, бiлiм берудiң, қазiргi тәрбиелiк процестi белсендiрудi, оның жаңа түрлері мен әдiстерiн табуды, әсiресе, бұл процестi басқарудың басқа амалдарын табуды өте қатты қажет етедi.
Қазақстан Республикасында беделдi азаматты тәрбиелеу мәселесi ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогикалық басқару практикалық маңызды мәселе болып табылады.
Г.И. Щукинаның пiкiрi бойынша, басқару– мектеп iшiндегi “психологиялық, ұйымдастырушылық және әдiстемелiк” сияқты күрделi процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу. Алайда басқарудың алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн жинақтап қорыту тек материалды жинаумен ғана және оны тиiстi ғылыми-әдiстемелiк тұрғыдан бағаламай, тек баяндаумен ғана шектеледi. Материалдарда, көбiнесе, негiзгi идеялар мен тәжiрибенiң талдауы болмайды және оларды қолданудың кеңес-ұсыныстары берiлмейдi, оны енгiзудiң шарттары да көрсетiлмейдi. Ал кейбiр жағдайларда, тұтас жұмыс жүйесi емес, керiсiнше, жекелеген тәсiлдер ғана суреттелiп таратылады. Кейде, мектеп басшылары мен бiлiм беру органдары үшiн ешқандай тәжiрибелiк құндылығы жоқ көптеген материалдар жинақталады. М.М. Поташник былай дейдi: ”Басқару – мектептiң қалыптасуын, тұрақтануын, тиiмдi қызмет етуiн және дамуын қамтамасыз ететiн барлық субъектiлердiң мақсатты іс-әрекетi”. Бұл анықтама маңызды екi нәрсеге назар аудартады: бiрiншiден, кез-келген басқарудың мақсатты іс-әрекет болып табылатынына; екiншiден, ол басқалардан өзiнiң мiндеттерiмен ерекшеленетiніне. К.Я. Вазинаның пiкiрiнше: ”Басқару – нақты бiр мақсатқа жетудi қамтамасыз ететiн қалыптасуға жауап беретiн жүйенiң қызметi”.
Педагогикалық басқару әлеуметтiк мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-әрекетiн басқару мен олардың бiрiгуiне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтiк басқарудан өзiнiң объектiлерiмен (оқушылар, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа бiлiм беру бөлiмшелерi, т.б.), олардың заңдылықтарымен ерекшеленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |