Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты


Ата-аналар комитетi жұмысының жемiстi болу шарттары



бет96/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   213
Ата-аналар комитетi жұмысының жемiстi болу шарттары – оның мүшелерiнiң ата-аналар ұжымының алдында есеп беруi, оның іс-әрекетiне дем беру (алғыстар, грамоталар, жұмыс тәжiрибесiн талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару арқылы), сынып жетекшiсiмен үздiксiз ынтымақтастық әрекет.
Мектептiң жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесiнде мектеп кеңестерiнiң қызмет-әрекетi ерекше орын алады, олардың қызметтерi сан түрлi болып келедi. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етiп, кейбiр жанұяларға т?рбиеден көмек көрсетедi (көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға).
Кей мектептерде құрамына жергiлiктi әкiмшiлiк өкiлдерi, кәсiпорын, фирма, мәдени-ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кiретiн қамқорлық кеңестерi қызмет етедi. Қамқорлық кеңестер мектепке жөндеу және жабдықтау жұмыстарында, компьютерлеуде, тiлек-қалаулары бойынша клубтарды ұйымдастыруға, кәсiби бағыттарында, еңбекке орналасуда, мектеп бiтiрушiлердiң одан әрi бiлiмiн жалғастыруда демеушiлiк көмек көрсетедi.
Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық әрекеттерiнiң ұйымдастырушылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткiзiледi. Жалпы мектептiк ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектептiң оқыту-тәрбие жұмыстарын жетiлдiрудiң өзектi мәселелерi талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткiзiледi.
Жанұямен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тiкелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарының жиналыстары. Мұндай жиналыстарда сынып жетекшiлерi оқушылардың үлгерiмi мен тәртiбiнiң сынып өмiрi жайлы, ұжым мiндеттерi туралы, т.б. ақпарат бередi. Жиналыстар жанұя мен мектептiң тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшiн өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бiрiгiп өткiзген тиiмдi. Ата-аналар жиналысы әртүлi болуы мүмкiн: тақырыптық, жиналыс-практикумдар, қорытынды, тоқсандық, жылдық, топтық, әңгiмелесу-жиналыстар, т.б. Жылына бiр рет болса да сынып немесе мектеп деңгейiнде диагностикалық негiзде ата-аналар жиналысын (немесе конференцияларды) өткiзiп тұру керек, яғни бұл процестiң жетекшi (өзгермелi) сипаттары арқылы мектептегi және жанұядағы шынайы жайды анықтау үшiн керек.
Жанұяға бала тәрбиесiнде көмек көрсетудiң ықпалды тәсiлi – ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерiн, әкелер конференцияларын, т.б. өткiзу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбiр мектеп өз жағдайына, “жанұя суретi” ерекшелiктерiне, оқушылар тәрбиелiлiгiне сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесiн жасайды. Көбiнесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесiн жақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиi қолданылады.
Ата-аналарға жанұя тәрбиесiн жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетiп, ықпал жасай отырып, мұғалiм педагогикалық әдептiлiк сақтау керек. Мұғалiмдердiң ата-аналарға оқушылардың мектептегi “жаман” тәртiбiне шағымдануы әрқашанда терiс бағаға ие болады. Мұндай шағымданулардың еш нәтижесi болмайды, керiсiнше олардың тигiзер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалiмдердi ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртiбiне шағымданудан сақтандырған: “Кей ата-ана мұндай әңгiмеден кейiн қолына қамшы алады, ал кейбiреуi болса еш нәрсе iстемейдi де, нәтижесiнде барлығы бұрыңғы қалпында қалады”, – дейдi А.С. Макаренко.
Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегiнiң әртүрлi шараларын өткiзуге қатыстырылады (пәндiк тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық
ойындар, үйiрмелiк сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде “Ашық есiк күндерi” дәстүрге айналған, бұл күнi ата-аналар сабақтарға қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсендiлiк деңгейiн және оқу материалын игеру тереңдiгiн бағалауға мүмкiндiк берiледi. Олар бұл күнi: пәннiң ерекшелiгiн ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысының қандай тәсiлдерiн игеру тиiс, осы пәндi игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшiн қалай көмектесу керек, т.б. өзектi мәселелердi шешуде бiлiктi көмек ала алады. Ата-аналарға жанұя тәрбиесiнiң тәжiрибесiмен алмасудың әртүрлi формалары ұсынылады.
Жанұяны мектеп жұмысына тартудың нәтижелi формасының бiрi “кiшi педагогикалық кеңестер”, ата-аналардың белсендi мүшелерiмен бiрiгiп мұғалiмдердiң нақты бiр сыныптың оқыту-тәрбие процесiнiң әртүрлi мәселелерi бойынша ерекше кеңестер өткiзуi (3 суретті қараңыз).



Жанұя мен мектептің педагогикалық процесіндегі өзара байланысының формасы

Ата-анамен ұйымдастырлған педагогикалық жұмыс

Ата-ананы педагогикалық ағарту

Мектептің және сыныптың ата-аналар көмитеті.
Мектеп кеңесі.
Ақыл кеңесі.


Педагогикалық процестің өзара байланысының негізгі бағыты





Тақырыптық ата-аналар жиналысы.
Жиналыс – тәжірибе. Педагогикалық консультация (жекелік, топтық, ұжымдық). Жауап және сұрақтар конференция кештері



Оқушылардың оқу іс-әрекетін жақсарту жолындағы ата-аналармен жұмыс



Ашық есік күндері.
Пән - мұғалімдерімен әңгімесу, кездесулер, консультация. Жанұядағы оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәжірибесімен пікір алмасу.



Оқушылардың әрекетін мектептен тыс іс-ұйымдастырудағы мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінің өзара байланысы



Диспуттар, этикалық әңгімелер, сынып сағаттарын өткізу және қатысу.Кәсіби бағдарлық жұмыстар. Киноға, театрға ұжыммен бару, экскурсияны ұйымдастыру және өткізу. Мектептің мейрамдары, спроттық кештер т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет