Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шахтинск қаласы №5 гимназиясы жоба «Қазақ тіліндегі әйел қОЛӨнеріне байланысты халықТЫҚ лексиканың этнолингвистикалық сипаты»



бет5/25
Дата06.02.2022
өлшемі140 Kb.
#81607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Жоба для выступления 2

Жұмыстың практикалық маңызы: Зерттеу барысында қол жеткізген тұжырымдар мен тілдік фактілерді сабақтары мен арнайы курстар өткізуде, сондай-ақ әртүрлі сөздіктер мен сөздік мақалалар дайындау барысында қолдануға болады. Тіл және әдебиет сабақтарында оқушының танымдық белсенділігін, функционалдылық сауттығын арттыруға ықпал ететін викториналар, сөзжұмбақ және тағы басқа оқу материалдарын дайындау үшін пайдалы.
1. Негізгі бөлім. Зерттеу жұмысы. Мен бұл тақырыпты кездейсоқ алған жоқпын. Қазақ тіл білімінде қолөнерінің нақты бір түрі ретінде зергерлік өнерінің лексикасына, киіз үйге, ою-өрнекке, музыка аспаптарына, киім атауларына байланысты еңбектер мен кітаптарды кездестіргеніммен, әйел қолөнерінің лексикасы туралы білімімнің таяз екеніне көзім жетті. Бұл атаулардың қазақ тіл біліміндегі орыны туралы тереңірек білгім келді.
Мен өзімнің сыныптастарыма, кейбір кездескен үлкен адамдарға «Қолөнер туралы не білесіздер»? Қазақ тіліндегі қолөнер, оның ішінде әйелі атқарған еңбек, сонымен қатар бұйым, материал, құрал сайман атаулары туралы не айтасыз», Халқымыздың мәдениетін терең білу маңызды ма?» деген сұраулар қойып, тұжырымды жауап ала алмадым. Көптеген оқушылардың қазақ тіліндегі қолөнер, соның ішіндегі атауларды мүлде білмейтінін, қазақ халқының этнографиясы,онымен байланысты әдет-ғұрып, сал-дәстүрлерді, мәдениетімізді, жалпы тіл байлығымызды терең білмейтіне көзім жетті. Тақырыпты зерттеу үшін көптеген материалдарды, сөздіктерді, зерттеу еңбектерін, қазақ тіліндегі қолөнердегі сөздердің шығуы туралы интернет материалдарын интернет сайтарынан қарап, талдадым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет