Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шахтинск қаласы №5 гимназиясы жоба «Қазақ тіліндегі әйел қОЛӨнеріне байланысты халықТЫҚ лексиканың этнолингвистикалық сипаты»



бет14/25
Дата06.02.2022
өлшемі140 Kb.
#81607
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
Жоба для выступления 2

Қосақ арқан. Ертеректе қазақ аулы қойды қосақтап сауатын болған, сондықтан ол арқанның ішіндегі ең ұзыны болып табылады. Керме арқан – той-томалақ, мереке, ас беру сияқты ұлы жиындарда ауыл сыртына жуан, мықты аштардан баған орнатып, сол ағаштың екі ортасына қатты тартылып керілген ұзын да мықты арқан.
Бұрынғы уақытта керме арқан көбінесе кісі үзілмейтін ауыл ағасы, билер мен байлардың үйлерінің маңына тартылған. Бұл да қазақ мәдениетінің өзіндік бір көрінісі ретінде көңіл аударады. Өйткені керме арқанның гигиеналық, экологиялық, этикеттік мәні болған. Бұрынғы дәстүрде үйдің есігіне яки түбіне дейін ат үстінде келу әдепсіздік саналған, кім болса да өте бір асығыс, қиын жағдай болмаса, ауылға жақындап келгенде, үйден аулағырақ жерде атынан түсіп, үйге жаяулатып келген. Оның үстіне аулағырақ жердегі керме арқанға аттарды байлап қою ауыл-үй тазалығын қамтамасыз еткен. Желі арқан – мал сауу үшін отбасы малдарының төлдері мен енелері байланатын, арнайы керілген арқан. Киіз үйге байланысты қолданылатын бірсыпыра арқан атаулары да олардың атқаратын қызметіне байланысты қалыптасқандығы төмендегі этномәдени деректерден байқалады. Бұл ретте белдеу арқан, жел арқан, басқұр арқан, салма арқан, т.б. түрлерін атап көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет