Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шахтинск қаласы №5 гимназиясы жоба «Қазақ тіліндегі әйел қОЛӨнеріне байланысты халықТЫҚ лексиканың этнолингвистикалық сипаты»


Заттардың атқаратын қызметіне байланысты қалыптасқан атаулар



бет13/25
Дата06.02.2022
өлшемі140 Kb.
#81607
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Жоба для выступления 2

2.1. Заттардың атқаратын қызметіне байланысты қалыптасқан атаулар. Әйел қолынан шыққан әрбір бұйым белгілі бір мақсатпен жасалып, күнделікті тұрмыста бір немесе бірнеше қызмет атқарады. Қазақ киіз үйінің сыртына тұтылатын, ағаш қаңқасының сыртынан жабылатын, ыстық-суықтан, жауын-шашыннан қорғап тұратын киіз жалпы атаумен жабу киізі деп аталады. Киіз үйдің жабу киізі алты қанат үй көлемінде сәйкес келетін ши бойымен басылады. Оны қалыңдау, ширақ етіп дайындайды.
Таулы жерлерде көктемнің, күздің түнгі салқындарында яки қыс ауасында киіз үйде отыруға тура келген жағдайда үй ортасына отты мол жағып, от басын айнала отырып, отқа жылынып әрі тамақтану үшін от басына төсеніш қажет болған. Бұл киіз отқа ең жақын төселетіндіктен от киіз деп аталған. Қазақтың жерлеу салтында мәйітті үйден арулап орап алып шығуға арналған киізді иман киіз деп атайды. «Қарыс жерде қаза бар, өзекті жерде өлім бар» дейтін халқымыз «өлім айтып келмейді» деп қарт адамдар арасында иман киізін арнайы жасатып, теңінде сақтайтын әдет болған.
Жай күндері шиыршықтап орап, алып қоятын, сыйлы қонақтар келгенде, солардың астына төселетін, арнайы жасалған сәнді сырмақ – төр сырмақ деп аталады. Ескерте кететін бір жайт: жоғарыда келтірілген от киіз бен төр сырмақ этнографизмдерінің қалыптасуына олардың қолданылатын орны, яғни уәжі кеңістікке байланысты екендігі де дау туғызбайды. Жалпы, атаудың қойылуына негіз болған белгілер бір емес, бірнешеу бола беруі де мүмкін.
Арқан деп көбінесе шетпұшпақ өлі жүндер мен жабағы жүн, түйе жүні, ешкі жүні, жылқы қылынан есіп жасалатын ұзын, жуан, ең мықты жіпті айтады Арқанның шаруашылықта, күнделікті тұрмыста атқаратын сан түрлі қызметіне орай қалыптасқан бірсыпыра атаулар бар. Ол атаулардың бойында дәстүрлі қазақ мәдениетін танытатын ақпарат сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет