2.7. Әлеуметтік және гендерлік сипатына байланысты қалыптасқан атаулар. Әлеуметтік-экономикалық жағдай адамдардың киген киімінен, тұрмыстық бұйымдарынан, тұратын үй-жайынан байқалады. Зат, бұйымдардың атқаратын қызметі ортақ болғанмен, олар әрбір адамның тұрмыс дәрежесіне, қоғамдағы орнына қарай сапасы, жасалу технологиясы, көркемдігі жағынан әртүрлі болып жасалады. Яғни бай мен кедейдің, хан мен қарашаның, т.б. әлеуметтік топтардың ерекшеліктері олардың пайдаланатын заттарынан көрінеді.
Әлеуметтік-гендерлік уәжіне байланысты қалыптасқан атауларға кемпір көйлек, ер көйлек, ақ жаулық, бала көйлек, жаулық, орамал, кәжекей, сәукеле, қасаба (бас киім), т.б. атауларды жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |