Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шахтинск қаласы №5 гимназиясы жоба «Қазақ тіліндегі әйел қОЛӨнеріне байланысты халықТЫҚ лексиканың этнолингвистикалық сипаты»


Өлшемдік ұғымға байланысты қалыптасқан атаулар



бет18/25
Дата06.02.2022
өлшемі140 Kb.
#81607
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
Жоба для выступления 2

2.4. Өлшемдік ұғымға байланысты қалыптасқан атаулар. Әйел қолөнері лексикасының материалдары ішінен кейбір зат-бұйымдардың өлшемдік қызмет атқарғанын, соның негізінде біраз атаулардың қалыптасқанын кездестіреміз. Мысалы: көйлектік мата, туырлықтық киіз, бір дағар жүн (дағар – қап), бір шүйке жүн, бір шумақ жіп, т.б.
Әйел қолөнерінде өлшемдік ұғымдарға қатысты қалыптаскан мына сияқты атаулар да қолданылады. Есеп таяқ – өрмек адарғысының алдында тұратын, бой жіптерді санап, байлап қоятын таяқ. Жалпы, бой жіптерді санап, байлап қоятын таяқты есепші, есептаяқ, кергіш сабау, серу ағаш, серу жіп деп әртүрлі атайды. Алқым – өрмек тоқуға арнал иірген төрт ұршықтай жіп мөлшері. Төрт ұршық бір алқым, ал төрт алқым жіп бір бас, бір домалақ деп аталады. Алақұр – ұзындық өлшейтін құр (арқан бойы, желі бойы дегендермен байланысты). Доғалақ – бір сабақ жіп; тігін машинасының жібі. Келеп – иірілген жіпті бояу үшін әр жерінен байлап жасаған шумақ. Келеп жіп – оралған өрмек жібі (кілем не алаша тоқуға арнап иірген жіптерді бір метрдей ұзындыкта орау).
Қорыта айтқанда, қазақтың байырғы өлшемдерінің атаулары –халқымыздың когнитивтік санасындағы ерекше мәдени ақпараттық мазмұны бар тілдік таңбалар жүйесі. Халықтық өлшемдер – этностың өзіне тән ментальдық ойлау жүйесі мен танымының айнасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет